Жол инспекторлары жүкті әйелді босандырып алды
Қырғызстанның Шу облысында жол инспекторлары перзентханаға барар жолда толғақ қысқан бір әйелді босандырып алды.
Шу облыстық милициясы баспасөз қызметініңз хабарлауынша, 15 қаңтарда түнгі сағат 3 шамасында жол инспекторларына бір ер кісі хабарласқан. Оның әйелі перзентханаға барар жолда, автокөлікте толғата бастаған.
Милиция қызметкерлері Качыгулов пен Кусеинов жүкті әйелге босануға көмектесіп, одан соң ана мен баланы Шу ауруханасына жеткізген.
«Бала жақсы босанды. Бақытты ата-ана милиция қызметкерлеріне алғыс айтты», — деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Мәліметтерге қарағанда, ана мен бала ауруханадан шыққан. Оларды жол инспекторлары құттықтап келген.