Шу ауданында өндірілген мақсары майына сұраныс артып келеді

0

Зауыттың қуаттылығы тәулігіне 3000 литр май өндіру.

Шу ауданында өндіріліп жатқан табиғи таза мақсары майына шетелдіктердің сұранысы артып келеді. Биылдың өзінде кәсіпорын 30-тоннадан астам өнімді Жапонияға жөнелтті, деп жазады “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігі.

Шу ауданындағы «Kaz-Ir AGRO» ЖШС 2011 жылы ашылған. Мақсары майын өндіру үшін серіктестік Германиядан жоғары технологиялық қондырғылар әкеліп орнатқан болатын. 8 гектар алқапты алып жатқан кәсіпорынның құрамында май цехі , астық және майлы дақылдарды өңдеуге және сақтауға арналған астық қабылдау пункті, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникалары бар.Осыған дейін дайын өнім Қытай мен Бельгияға тасмалданса биыл күншығыс еліне жіберіліпті.

– Қазіргі таңда 400 тонна мақсары майын экспорттадық, біз «Қазақэкспорт» компаниясымен бірлесіп жұмыс істеудеміз. Олар сенімді компания, біздің жобаны кепілдендіріп, екі жүз миллион теңгеге сақтандыру қорғанысын берді және өнімді шетелдік клиенттерге сатуға көмектесіп жатыр, – дейді «Kaz-Ir Agro» ЖШС бас директоры Хамидреза Алинагиян.

Зауыттың қуаттылығы тәулігіне 3000 литр май өндіру. Тұрақты жұмыс орындарымен 60 адам қамтамасыз етілген. Жұмысшылар арнайы курстардан өткен, күрделі техниканы оңай басқара алады.

Зауыт салқындатылған сығу технологиясын қолдануымен ерекшеленеді. Бұл мақсары майының құрамындағы дәрумендер мен пайдалы элементтердің жойылмауы үшін таптырмас әдіс. Сондықтан шет елдерден келетін сұраныс жылдан жылға артып отыр. Компания бүгінгі таңда Нидерландқа мақсары майын жеткізу үшін бір жылдық келісімшартты жасау жөнінде келіссөздер жүргізуде. Сонымен қатар, мақсары майы Қытай, Чехия, Жапония, Ресей және Өзбекстан елдеріне экспорттал.

Мақсары өсімдігінің біздің елімізде өсіріліп, өнім алына бастағанына көп уақыт бола қойған жоқ. Соңғы жылдары жерсіндірілді. Одан алынатын негізгі өнім – асқатық май. Мақсары майының сапасы күнбағыс пен мақта майынан кем емес. Бағасы да анау айтқандай қымбат деп айта алмайсыз. Мақта майынан әлдеқайда арзандау болып келеді. Негізінен мақсары еліміздің оңтүстігінде өсіріледі.

Мақсары – қалдықсыз өнім саналады. Майы алынғаннан кейін де үлкен сұранысқа ие. Мәселен, мақсарының майынан қалған қалдықтан Иранда халуа дайындаса, Түркияда түрлі сабындар шығарады. Ал тастың өзін кәдеге жарататын қытайлықтар түрлі дертке шипа болатын дәрі-дәрмектер өндіруде. Ал біз қалдықтың өзін кәдеге жарата алмауымыздың салдарынан әзірге малға азық етудеміз. Табиғаты жайлы оңтүстік облыстар үшін мақсары өсіру таңсық емес. Ал, аудан аумағындағы бірқатар өңірлерде көптеп өсірілуде. Тіпті құнарсыз деген жердің өзінде де мақсары өсіру қолға алынуда. Бұл майлы дақылдың түсімі биыл өткен жылғымен салыстырғанда 5,1 центнер болып, 0,2 центнерге артқан. Ең жоғары түсім гектарына 7 центнер екенін ескерсек, биылғы жиналып жатқан өнім аудан үшін ең жоғарғы көрсеткіш болып табылады.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!