Ұшақтан да қымбат: Көлік комитеті пойыз билетінің бағасы неге шарықтағанын түсіндірді — новости Казахстана
Қазақстанның Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің төрағасы Әсет Асаубаев билет бағасының шарықтап кетуіне қатысты түсініктеме берді деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.
Бүгін Астанада ИДМ Көлік комитетінің төрағасы мереке алдында пойыз билеті бағаларының неліктен қымбаттағанына қатысты пікірін білдірді.
Комитет төрағасы бұл жайтқа қатысты бүгінде заңнамаларға өзгерістер енгізілетінін, алдағы жылы баға саясаты реттелетінін жеткізді.
Журналистерді соңғы күндері пойыз бағасының 57-65 мың теңгеге дейін шарықтап кеткені алаңдатты.
«Мұндай шарықтаудың субсидиялық маршруттарға қатысы жоқ. Тасымалдаушы өз бастамасымен табыс табу үшін оындай қадамға барып отыр. Оның қаншалықты негізделгенін біз білмейміз.
Олардың ішкі қаржы саясатына араласуымызға құқығымыз жоқ. Ол да нарық субъектісі. Әрине, бағаның 2-3 есеге қымбатта кеткенін көріп отырмыз. Мүмкін пойыз құрамында аз орын қалған соң, солай қымбаттатқан болар.
Алдағы жылы мұндай өсімді болдырмас үшін тиісті заңнамаларға өзгерістер енгізу мақсатында бірқатар шараларды қолға алып отырмыз. Нақты есептеу методикасы болу керек», — деді Әсет Асаубаев.
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар