Валюталық қатынас
Тақырып: Валюталық қатынас
Жоспар
Кіріспе——————————————————————— 2
I.Бөлім
1.1.Валюталық қатынас және валюта жүйесі——————— 3
1.2.Валютаның түрлері———————————————— 8
1.3.Валюталық қатынастарды реттеу.Валюталық саясат.—— 11
II.Бөлім
2.1.Валюталық нарық————————————————— 15
2.2.ҚР-дағы төлем балансы——————————————- 17
III.Бөлім
3.1.Халықаралық валюталық қор———————————— 19
Қорытынды————————————————————— 20
Сөздік———————————————————————- 21
Қолданылған әдебиеттер———————————————- 22
Кіріспе
Валюталық қатынас дегеніміз ақшаның Халықаралық айналымда жұмыс істеуі.Олар ұлттық шаруашылықтардың қызметтерінің нәтижесімен айырбастауға жәрдем етеді. Олардың объективтік негізі болып тауарлы өндіріс, Халықаралық сауда, капиталдың, әр түрлі қызметтердің қозғалысы. Валюталық қатынастың түрі, Халықаралық экономикалық қарым-қатынастан және ел арасындағы экономикалық күштің ара қатынасы мен ынтымақтастығының дәрежелеріне байланысты.
Шаруашылық тұрмысты интернационалдандырудың өрісіне қарай ұлттық және Халықаралық валюта жүйелері құрылады. Алдымен тарихи үйлестірілген және ұлттық заңдармен бекітілген ұлттық валюта жүйесі пайда болды. Ұлттық валюта жүйесі пайда болды. Ұлттық валюта жүйесі тәуелсіз, ұлттық шеңберден шығатын болса да, ұлттық ақша жүйесінің негізгі құрамы.
Қазіргі ұлттық валюта жүйесі мынандай элементтерді қосады:
— Валютаның аты (теңге, рудль, марка т.т.)
— Шетелдердің валютасына айырбастау жағдайлары. Бұл мағынада мынандай бөлектену бар:
а) еркін айырбасталымды валюта. Мұндай валюталар кез келген басқа елдің ақшасына еркін айырбасталынады. Оларға Американың доллары, Немістің маркасы, Жапонның иені, Франсуздың франкасы, Англияның фунт-стерлингі кіреді;
б) жартылай айырбасталымдар валюталар (ел ішінде ғана айырбасталымды валюта, рубль, теңге т.б.);
в) айырбастауға жатпайтын валюталар (жабық валюталар).
— Валютаның тепе-теңдігінің тәртіптемесі – екі валютаның ара қатынасы;
Ақша бірлігіндегі алтынның мөлшеріне негізделген алтын тепе-теңдігі Батыс Европада 70 жылдардың (өткен ғасыр) ортасында, Ресейде – 1992 ж. жойылған. Енді, Халықаралық валюта қорының жарғысына сәйкес валютаның тепе-теңдігі, алтынмен емес, СДР – (арнаулы өзара қарыз құқықтары) мен немесе басқа Халықаралық валюта бірлігімен белгіленеді.
Өткен ғасырдың 70 жылдарынан бастап, валюталық қоржын негізіндегі, тепе-теңдік пайдаланылды. Бұл, бір ақшалық бірліктің орташа бағамын, белгілі бір топ валюталардың жиынтығын өлшейтін әдіс. Мысалы, СДР валюта қоржынына жоғарыда келтірілген 5 еркін айырбасталымды валюталар кіреді және оның ішінде Америка долларының үлесі – 40%, немесе маркасының үлесі – 21%, Жапон иесінің үлесі – 17% т.с.с.
1.1.Валюталық қатынас және валюталық жүйе
Валюталық бағамның тәртіптемесі, Бұл мағынада валютаның “тіркелген”, және “еркін құбылмалы” деген екі тәртіптемесі бар.Бірінші тәртіптеме бойнша, ұлттық валютаның бағамы басқа бір елдің валютіне бекітіледі.Бірақ бұл тәртіптемемен анықталған бағам не былай, не былай ауытқуы мүмкін.Мысалы, европиялық валюта жүйесінде, 12 валютаның бағамы, орталық бағамнан +/-15% ауытқуына жол беріледі. Сондықтан, бұл тәртіптемеде орталық ( ұлттық ) банктер жоғарыда келтірілген шеннен шығып кетпес үшін, валюталық басқыншылық жасап, ұлттық бағамын бір қалыпта ұстауға тырысады.
Осындай тәртіптеме, Қазақстанда 1999 ж. 5 көкегіне дейін қолданылады. Қазақстан Ұлттық банкісі сол кезде, 1998 ж. Ресейде орын алған опырылудың Қазақстан экоомикасына тигізетін әсерін жоққа шығару үшін, теңгенің бағамын төмендету үшін, 600 млн. артық доллар шығарды (теңге сатып алды), ал бұл сол кездегі елдің алтын-валюталық резервінің 1/3 бөлігі болатын.
Екінші тәртіптемеде ( еркін құбылмалы ) ұлттық валютаның бағамын сұраным мен ұсынымға байланысты нарық анықтайды. Қазақстан мұндай тәртіптемеге 1999 ж. 5 көкегінде ауысты. “Осының нәтижесінде инфляцияның деңгейі төмендей бастады, елдің төмен балансының ағымдағы шотында айтарлықтай оң сальдо шықты, алтын-валюталық активі өсті, ұлттық ақшаның бағамы тұрақтады, банк саласы нығайды”—деп жазыпты, « Кешкі Алматы » газеті, 2001жылдың 11 көкек күнгі санында ( авторы Асқар Баянов).
Елдің Халықаралық валюталық өтімділігі. Бұл ұғымға елдің алтын-валюта резерві, СДР-шоты, ЭКЮ және Халықаралық валюталық қордағы (МВФ) резервтік жайғасымы кіреді. Өйткені, олар елдің алған міндеттемелеріне жауаптылық қабілетін суреттейді. Бұл жөнінде де Қазақстанның жағдайы оңалып келеді. Мысалы, 1999ж. көкек айында елдің Халықаралық резерві 1,600 млн. доллр болса, 2001 жылдың басында ол 2095,8 млн. доллорға жетті ( өсім 30%-тен артық ).
Халықаралық несиелік айналым құралын және Халықаралық есеп айырысудың нысандарын реттемелеу;
Халықаралық қолма-қол ақшамен және қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды реттемелеу;
Халықаралық валюталық және несиелік қатынастарға қызмет көрсетіп, оларды жөнге келтіріп отыратын ұлттық органдардың Орталық (Ұлттық)банк, мемлекеттік қазына, биржалар, валюта нарқық т.б.) мәртебелері.
Ұлттық валюта жүйесін ұйымдастыру тәртібін зыңды түрде мемлекет бекітетін болғандықтан, бұл жүйе біршама дербестеленіп, ұлттық шаруашылықтың жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасау мақсатына бағынады.
Дүние жүзілік шаруашылық байланыстарының көбеюіне байланысты, дүние жүзілік нарықтың өсу негізінде және мемлекетаралық келісімдер мен бекілген Халықаралық валюталық қатынастырды ұйымдастыру нысаны— дүние жүзілік валюта жүцесі пайда болды. Ол дүниежүзілік қоғамдастықтың ғаламдық мақсатын көздейді, оған қатынасатын елдердің мүддесіне бейімделген және оның жұмыс істеуінің ерекше тетіктері бар.
Ұлттық валюталық жүйе, дүние жүзілік валюталық жүйемен тығыз баланысты. Бірақ, мұндай екі валюталық жүйенің өзара байланыстығы олардың бірдейлігін көрсетпейді. Өйткені, олардың мақсаттары, жұмыс істеуі, оны реттеу тәсілдері, әр елдің экономикасына және дүние жүзілік шаруашылыққа әсер ету жағдайлары өзгеше.
Ұзақ жылдар бойы өсіп, өркендеудің нәтижесінде, дүние жүзілік валюта жүйесінің мынадай негізгі элементтері құралды:
Дүние жүзілік ақшаның атқарымды нысандары ( алтын, резервтік валюталар, Халықаралық валюталық шот бірлігі.
Өзара валюта айырбастаудың жағдайларын реттемелеу;
Валютаның тепе-теңдігі мен валютаның бағамдарын юіргейлендіру;
Валюталық шектеудің көлемін реттемелеу ( Халықаралық валюта қорының мүше елдерден, валюта құндығымен жасайтын операцияны шектеуді, белгілі кезеңде тоқтату жөніндегі талабы );
Халықаралық валюта өтімділігінің құрамының құрамдас бөліктерін реттемелеу.( Мысалы, 1970 жылдан айналымға жаңа Халықаралық валюта бірлігі — СДР енгізілді; 1979 жылдан Европадан валюталық бірлігі — ЭКЮ енгізілді; 1999 жылдың басынан Евро бірлігі енгізілді);
Халықаралық несиелік айналым құралын пайдалану тәртіптерін, (векселдер, шектер, т.б.) және Халықаралық есеп айырысу нысандарын бірегейлендіру;
Дүние жүзілік алтын және валюта нарықтарының тәртіптемесі;
Халықаралық валюта қорының мәртебесі;
Дүние жүзілік валюта жүйесінің ерекшеліктері мен тұрақтылығы, оның құрылысын тұрғызу қағидалары мен дүние жүзілік шаруашылықтың құрылысын туғызу қағидалары мен дүние жүзілік шаруашылықтың құрылысын туғызу қағидаларының, дүние жүзілік майдандағы күштің орналастырылуына және алдыңғы қатардағы елдердің мүдделеріне сәйкестігіне байланысты. Егер, осы қағидалар бірімен-бірі сәйкеспей қалса, дүние жүзілік шаруашылықты құрылысын туғызыуқағидаларының, дүние жүзілік майдандағы күштің орналастырылуына және алдыңғы қатардағы елдердің мүдделеріне сәйкестігіне байланысты. Егер, осы қағидалар бірімен-бірісәйкеспей қалса, дүние жүзілік валюталық жүйе дүркін-дүркін дағдарысқа ұшырайды, ал ол істеп жүрген валюталық жүйенің құлауына, сөйтіп жаңа валюталар жүйесінің пайда болуына апарып соғады.
Бірінші дүние жүзілік валюта жүйесі, алтын валюталық үлгіде, 1867 жыл Парижде өткен, сол кездегі алдыңғы қатардағы елдердің маслихатында, мемлекетаралық келісіммен заңды түрде ресімделеді.
Бірінші дүние жүзілік Соғыс кезінде және одан кейінгі жылдарда орын алған валюта дағдарысы, екінші дүние жүзілік валюталық жүйе құруға әкелді. Ол, 1922 ж. Генуэсте өткен халықаралық экономикалық маслихатқақатынасқан елдердің келісімімен ресімделді. Бұл жүйеде алтын девиздік үлгіде негізделеді және ресімджелген қаланың атымен Генуэс валюта жүйесі деп аталып кетті.
Өткен ғасырдың 20 жылдарынан бастап ұлттық несиелік ақша, халықаралық төлем-резервтік құралы ретінде пайдаланылды. Екі дүние жүзілік соғыстың аралығында, резервтік валюта мәртебесі ешқандай валютаға бекітілген жоқ, Англяның фунт-стерлингі мен Американың доллары жетекшілік үшін, өзара бәсеке күресін жүргізіп келді.
Үшінші дүние жүзілік валюталық жүйе 1944 жылдың 22 маусымында Американың Бреттевудес деген қаласында ресімделінді.бұл жүйеде алтын-девиздік үлгіде негізделген. Және де тарихта бірінші рет резервтік валютаның мәртебесіне заңды түрде, екі валюта ие болды: доллар және фунт-стерлинг.
1944 жылы Америка бүкіл капиталистік өндірістің 54,6%, тауарды шетке шығарудың 33%, ресми алтын резервтің 75%-нен артығын шоғырландырған болатын. Басқа, онымен бәсекелес елдердің бәрінің де, екінші дүние жүзілік соғыстан әлсізденіп шыққандығы, доллардың дүние жүзілік үстемдік етуіне себепші болды. Батыс Европадв және Жапониядағы валюта-экономикалық ауыр жағдай, ол елдердің Америкадан тәуелділігі, долларлық гегемония – бәрі доллардың жетіспеушілігінен көрінді (долларлық аштық).
Бреттевудтық валюталық жүйесінің құрылымды қағидалары:
-доллар мен фунт-стерлингтің резервтік валютаның мәртебесі;
-тіркелген алтын тепе-теңдігі мен валюталардың бағамы (тепе-теңдік +/-1%-ке дейін ауытқуға болады, ал Батыс Европада +/-0,75%-ке дейін);
-Шетелдік Орталық банктердің долларлық резервтерін, Американың қазынасы арқылы, ресми бағамен алтынға ауыстырып алуға құқықтылығы;
-Алтынның ресми бағасының төмендетілгені (31,1 гр. таза алтындық троя унициясы 35 доллар)
АҚШ осы қағидаларды тиімді пайдаланды. Соның нәтижесінде, басқа елдердің есебіне өзінің жүние жүзілік жайғасымын нығайта түсті.
Броттенвудтық валюталық жүйенің қарама-қарсылығы, әсіресе Халықаралық төлем құралы болып екі ұлттық валютаның пайдаланылуы, бара-бара бұл жүйені әлсіретті. Өткен ғасырдың 60 жылдарының аяғында дағдарыс басталды, ал 1971-1976 жылдарда бұл жүйе құлай бастады. Оның орнына 1976 жылдың қаңтар айында, Ямайкада (Кингстон қаласында) өткен, Халықаралық валюта қорына (МВФ) мүше елдердің келісімімен ресмиленген, валюталық жүйе келді (Ямайкалық жүйесі). Бұл жүйе осы күнге дейін істеп келеді. Ямайкалық валюта жүйесінің құрылымды қағидалары.
-алтын девиздік үлгінің орнына СДР үлгісі енгізілді. Бірақ бұл үлгі құннының нақты үлгісі де, халықаралық төлемнің және резервтік бас құралы да бола алмады. Іс жүзінде, резервтік валюта мәртебесі болмаса да, долларлық үлгі қолданылып келді. (Жоғарыда айтылғандай, СДР-дың қоржынында доллардың үлгісі 40%).
Доллардың жетекшілік жайғасымы АҚШ-тың айтарлықтай экономикалық, ғылыми-техникалық және соғыс әлеуетіне негізделген. Бірақ соңғы жылдары бұл әлует, АҚШ пен бәсекелес мемлекеттердің жетістіктеріне байланысты (Жапония, Германия) кәдімгідей босаңсыз. СДР үлгісі іс жүзінде түрлендіріліп, үш дүние жүзілік орталықтық негізінде көп валюталық үлгіге ауыстырылды (доллар, марка, иен);
-Ямайкалық валюта жүйесінің шегінде, алтын ақшалық атқарымын жоғалтты. Сөйтіп, алтын тепе-теңдігі, алтынның ресми құны жойылды. Сонымен қатар, басқа елдердің долларлық авуарларын (резерв), Американың қазынасы арқылы, ресми бағамен алтынға ауыстыру тоқтатылды. Сонда да, алтын өзінің ақшалық атқарымын түгелдей жоғалтқан жоқ. Бұрынғыша төтенше, дүние жүзілік ақша, сенімді резервтік актив болып қалды. Өйткені, оның нақты өзіндік құны бар. Қазір Орталық банктер мен тезавраторларда 60 мың тоннадан артық алтын қоры бар;
-Ямайкалық валюта жүйесі барлық Халықаралық валюта қорына мүше елдерге, валюта бағамын анықтау үшін екі түрлі тәртіптеменің қайсысын болса да қолдануға ырық берді. Сөйтіп, іс жүзінде 1973 жылдан бері қолданылып келген құбылмалы тәртіптемесі, заңды күшіне енді;
-Халықаралық валюталық қор (МВФ) мемлекетаралық валюталық реттемелеуді күшейтуге, мүше елдердің тығыз ынтымақтастығын арттырып, валюталық қатынастарды ырықтандырылуын, валюталық шектеулерді жоюды қамтамасыз етуге шақырылған;
Бруттенвудтық валюталық жүйемен салыстырғанда Ямайкалық жүйе төлем балансаларының және валюталық бағамның тұрақсыздығына, дүние жүзілік күштің қайта орналасуына дұрысырақ икемделінген болып шықты. Сонымен бірге, бұл жүйеде бірқатар қайшылықтар туғызды. Мысалы, СДР үлгісінің тиімсіздігі, алтынның, бір жағынан, ресми түрде, төтенше ақша мәртебесенің айрылғандығы, екінші жағынан, іс жүзінде, сол мәртебенің сақталуы, құбылмалы баға реттемесінің жетілдірілмегендігі т.б. Оның үстіне экономикасы өсіп келе жатқан елдер өзінің дүние жүзілік валюта жүйесіндегі орнына көңілдері толмай, оны, олардың мүдделерін есептей отырып, қайта құруды талап етеді. Осындай мәселелерді шешу, сөйтіп Ямайкалық валюта жүйесін, сонымен қатар, дүние жүзілік валюталық тетіктерді жетілдіру жөнінде ізденістер жүріп жатыр.
1979 жылдың наурыз айында Батыс Европада Халықаралық (аймақтық) валюталық жүйе-Европалық валюталық жүйе құрылды (ЕВС). Оған есеп болған Батыс Европалық экономикалық және валюталық біріктірілудің өсуі. Бұл жүйенің мақсаты-бірлесу процестерін ынталандыру, Европалық Саяси, экономикалық және валюталық одақ Европалық Одақ (ЕС) құру, сөйтіп батысевропаның жайғасымын нығайту.
Европалық валюталық жүйенің, Ямайкалық жүйеден айырмашылығын көрсететін құралымды қағидалары батысевропалық экономикалық бірлесудің ерекшеліктерінен шығады.
Олар:
-СДР-үлгісінің ЭКЮ-европалық валюталық бірлік енгізілді. Оның валюталық қоржыны 12 – батысевропалық валюталардан құралады. Оның ішінде неміс маркасы басым (30%). ЭКЮ-дің қызмет көрсететін салалары СДР-дың қызмет көрсететін салаларынан кеңдеу. ЭКЮ бара-бара дүние жүзілік валютаға айналып келеді. Бірақ, әзірге бола қойған жоқ.
-Алтынды ақша міндетін атқарудан қалдырған Ямайкалық ресми шешімге қарама-қарсы европалық валюта жүйесі, алтынмен жасалатын операцияларды жаңғыртты. Алтын доллармен бірге ЭКЮ-дің эмиссиялық тетіктеріне қосылды. Ол үшін мүше елдердің ресми алтын-валюталық резервтерінің 20% біріктірілді. Осы елдердің орталық банктері, валюталық ынтымақтастық институтының билігінде 2, 3 мың тонна алтын аударды. Бұл алтынға, аталмыш институт ЭКЮ шығарып, тиісті соманы әр елдің Орталық банкісінің шотына аударды. Алтын жарна, үш айлық жаңғыртылмалы құжат пен –«Своп» ресімделді. Ол алтынды қолма-қол ЭКЮ-ге сату мен, үш айдан кейін қайта сатып алу үшін қарсы мәмлені сәйкестіруге негізделген.
Мүше елдердің валюталарының құбылмалы бағамының тәртіптемесі бойынша, олардың орталық бағамнан ауытқуы +/- 15% шегінде болу керек. Осындай тәртіптеме, “Европалық валюталық жылан” – деп аталып жүр. Өйткені осындай ауытқудың графикалық түрі жыланға ұқсайды. Егер валютаның бағамы айтылған шеннен шығып кетсе, орталық банктер валюталық басқыншылық жүргізуі керек. (өз валютасына марка сатып алады, немесе керісінше, маркаға өз валютасын сатып алады).
— Европалық валюталық жүйеге мүше елдер Халықаралық валюталық қорға қарама-қарсы (МВФ), өзінің мемлекетаралық валюталық реттемелеу органын құрады – Европалық валюталық институт. Оның мүшелігіне 12 орталық банктің басқарушылары кіреді.
Европалық Одаққа мүше елдердің жайғасымын әрі қарай нығайту мақсатында, 1999 жылдың 1- қаңтарынан бастап айналымға “Евро” деп аталатын – европалық валюта шығарылады. Әзірге ол 11 мүше елдің арасында қолма – қол ақшасыз есеп айырысуға қолданылды, ал, 2002 жылдан бастап қолма-қол есеп айырысуға қолданылады. Қазіргі кезде “Евро” мен доллар, дүние жүзілік майданда жетекшілік етуге таласуда. 1.2.Валютаның түрлері
Валюталық жүйе – ұлттық заңдылықтармен немесе мемлекетаралық келісімшарттармен бекітілетін валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу формасы.
Валюталық жүйелер үш түрге бөлінеді:
• Ұлттық валюталық жүйе.
• Дүниежүзілік валюталық жүйе.
• Аймақтық немесе мемлекетаралық валюталық жүйе.
Тарихта ұлттық валюталық жүйе ең бірінші қалыптасқан.
Ұлттық валюталық жүйе – халықаралық төлем айналымын жүзеге асыратын, ұдайы өндіріс процесіне қажетті валюталық ресурсты құрайтын және оны пайдалануға көмектесетін экономикалық қатынастар жиынтығын білдіреді.
Ұлттық валюталық жүйе – елдің ақша жүйесінің бір бөлігі. Оның ерекшеліктері елдің құрамдас экономикасының және сыртқы экономикалық байланыстардың даму дәрежесі мен жағдайына байланысты анықталады.
Ұлттық валюталық жүйе дүниежүзілік валюталық жүйемен тығыз байланысты. Дүниежүзілік валюталық жүйе XIX ғасырдың ортасына таман құрылған.
Дүниежүзілік валюталық жүйе – бұл халықаралық несие-қаржы институттары мен валюталық құралдардың қызмет етуін қамтамасыз ететін халықаралық келісімшарттар мен мемлекетаралық құқықтық нормалар кешенін қамтиды.
Дүниежүзілік валюталық жүйелердің қызмет ету сипаты мен тұрақтылығы дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымдық қағидаларының сәйкес келуі дәрежесіне және алдыңғы қатарлы елдердің мүдделеріне байланысты болып келеді.
Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйелер арасындағы байланыс пен айырмашылықтары олардың негізгі элементтерінен көрінеді.
Аумақтық валюталық жүйе өнеркәсібі дамыған елдердегі әлемдік валюталық жүйе төңірегінде құрылады. Мысалы, Европалық валюталық жүйе (ЕВЖ) – бұл Европалық қоғамдастыққа мүше елдердің валюта аумағында ұйымдастырылу – экономикалық формасындағы қатынастарды білдіреді.
Мұндағы, валюталық паритет – валюталық бағамның негізі болып табылатын заңды тәртәпте белгіленетін екі валюта арсындағы шекті қатынасы.
ХВҚ жарғысы бойынша валюталық паритет СДР негізінде (арнайы қарыз алу құқығы) белгіленеді.
Егер де ұлттық валюталық жүйе ұлттық валютаға, яғни елдің ақша бірлігіне негізделсе, ал дүниежүзілік валютвлық жүйе – бір немесе бірнеше резервтік валюталарға немесе халықаралық есептеу бірліктеріне негізделеді.
Резервтік валюта – бұл басқа елдер үшін валюталық паритет пен валюталық бағамды анықтауда негіз ретінде қызмет ететін және валюталар бағамын реттеу мақсатында валюталық интервенция жүргізуде пайдаланылатын халықаралық төлем және резерв құралы қызметін атқаратын, әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің еркін ауыстырылатын ұлттық валюталары.
Валюта – бұл біріншіден, сол елдің ақша бірлігі; екіншіден, шетел мемлекеттерінің ақша белгілері; үшіншіден, халықаралық есптесу бірліктері және төлем құралы (СДР, евро).
Валюталық бағам – бір елдің ақша бірлігінің екінші бір елдің ақша бірлігіне қатысты бейнеленетін бағасы.
Валюталық бағамның қажеттігі:
1)тауарлар мен қызметтермен сауда саттықта, капиталдар мен несиелер қозғалысы барысында өзар валюталарды айырбастайды. Импартер ұлттық валютасын шетелден тауар алғаны үшін шетел валютасына ауыстырады.
2)дүниежүзілік және ұлттық нарықтағы бағаларды, сол сияқты әр елдің құндық көрсеткіштерін салыстыруға;
3)фирмалардың және банктердің шетел валютасындағы шоттарын үздіксіз қайта бағалап отыруға.
Валюталық бағамға әсер ететін факторлар ықпал етеді:
• Инфляция қарқыны. Инфляция қаншалықты жоғары болса, ол елдің валютасының бағамы төмен болады. Ақшаның инфляциялық құнсыздануы, ол ел валютасының төлем қабілеттігін және басқа елдің валютасына қатысты бағамын төмендетеді.
• Төлем балансының жағдайы. Егер де төлем балансының жағдайы активті болса, онда шетелдік борышқорлар жақтан ұлттық валютаға сұраныс өсіп, ұлттық валютаның курсын жоғарлатуға мүмкіндік береді, ал пассивтік болса, борышқорлар оларды өздерінің сыртқы міндеттемелерін өтеу үшін шетел валютасына сатып, ұлттық валюта бағамын төмендетеді.
• Әр елдегі пайыз мөлшерлемесіндегі айырма. Бұл фактордың валюталық бағамға әсері екі жағдаймен болады: а) Елдегі пайыз мөлшерлемесіндегі өзгерістер, капиталдың халықаралық қозғалысына, ең алдымен, қысқа мерзімді қозғалысына әсер етеді. Шын мәнінде пайыз мөлшерлемесінің өсуі, шетел капиталының ішке ағылуын ынталандырып, ал оның төмендеуі ұлттық капиталдың шетелге шығуына жол береді; ә) пайыз мөлшерлемісі валюталық нарықтағы операцияларға және ссуданың капиталдар нарығына әсер етеді, яғни шетелден арзан несие алып, оны ішкі нарыққа орналастырады.
• Валюталық нарықтар қызметі мен алып-сатарлық валюталық операциялар. Егер қандай да бір валюта бағамы түсетін болса, оны банктер тез арада тұрақты валютаға сатуға тырысады.
•Белгілі бір валютаның Еуронарықта және халықаралық есеп айырысудапайдалану дәрежесі. Мыслға: Еуробанктер 60-70% опрацияларын АҚШ ($) долларымен жасағандықтан, оған деген сұраныспен ұсыныс ауқымы анықталады.
• Халықаралық төлемдердің жеделдетілуі немесе кешіктіріліуі де валюталар бағамына әсер етеді.
• Валютаға деген ұлттық және халықаралық нарықтағы сенімділік дәрежесі.
• Валюталық саясат. Нарықтық және мемлекеттік реттеудің шектік қатынасы оның динамикасына әсер етеді.
1.3.Валюталық қатынастарды реттеу. Валюталық саясат.
Әлемдік тәжірибе көрскткендей, нарықтық экономика жағдайында валюталық қатынастарды реттеу екі түрде жүзеге асырылады:
-нарықтық реттеу;
-мемлекет тарапынан реттеу;
Валюталық нарықта валюталарға деген сұраныс және ұсыныс, сондай- ақ олардың бағамдық шекті қатынастары қалыптасады. Нарықтық реттеу құн заңына бағынады. Мұндай заңдардың валюталық нарықтағы бәсекелестік жағдайында жұмыс жасауы, валюталар айырмасының қатысты баламалылығын, таурлар, көрсетілетін қызметтер, капиталдар, несиелер қозғалысына байланысты әлемдік шаруашылықтың қажеттілігіне
валюталардың халықаралық ағымының сәйкес келуін қамтамасыз етеді. Баға механизмі және нарықтағы валюталық бағам динамикасының белгілері
арқылы экономикалық агенттер валюталарды сатып алушылардың сұранысы мен оларды ұсыну мүмкіндіктері туралы біле алады. Сонымен бірге, нарық валюталық операциялардың жағдайы туралы ақпараттар көздері болып табылады.
Бірақ та мемлекет ертеден бері валюталық қатынастаға араласып келген, бастапқысынла ол жанама түрде кейіннен оның әлемдік шаруашылықтағы маңызын ескере отырып, тікелей араласа бастады. 30-жылдардағы XX ғ. алтын стандартты алынып тасталуна байланысты валюталық бағамды реттегіш ретінде алтын механизмі қызметін тоқтатты. Бағамдық шекті қатынастардың аяқ асты ауытқуы мен валюталық дағдарыстар ұлттық және әлемдік экономикаға теріс әсер ете отырып, ауыр әлеуметтік-экономикалық зардапқа ұшырыды.
Нарықтық және мемлекеттік валюталық реттеу бірін-бірі толықтырыды. Біріншісі, бәсекеге негізделген, яғни дамуды ынталандыра түссе, ал екіншісі, валюталық қатынастарды нарықтық реттеудегі теріс салдарды жоюға бағытталған. Екі реттегіш арасындағы шекара нақты жағдайлардағы тиімділік және шектеуге байланысты анықталады. Сондықтан да олардың арасындағы шекті қатынас жиі ауысып отырады. Дағдарыс, соғыс және тағы басқа қиын жағдайларда қатаң мемлекеттік валюталық реттеудің маңыздылығы артады. Сондай-ақ валюталық-экономикелық жағдайдың жақсаруы барысында валюталық операциялар ырықтандырылып, бұл аумақта нарықтық бәсеке орын алады. Бірақ та мемлекет бұл жағдайда да валюталық қатыныстарды қалыпқа келтіру және қадағалау мақсатында валюталық бақылау жасайды.
Нарық экономикасын реттеу жүйесінде валюталық саясат маңызды орын алады.
Валюталық саясат-бұл елдің ағымдық және стратегиялық мақсаттарына сәйкес халықаралық валюталық және басқа экономикалық қатынастар аумағында жүзеге асырылатын шаралар жиынтығы.
Валюталық саясат экономикалық саясаттың ең басты мақсаттары: тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге, жұмыссыздық пен инфляциянвң өсуін тоқтатуға, төлем балансындағы тепе-теңдікті ұстап отыруға бағытталады.
Валюталық саясаттың басты бағыттары мен формалары елдердің валюталық-экономикалық жағдайына, әлемдік шаруашылықтың эволюцияларына, әлемдік аренадағы күштердің орналасуыны байланысты анықталады.
Заңды түрде валюталық саясат валюталық заңдылықтар, яғни елдегі және одан тысқары жерлердегі валюталық бағалылармен байланысты операциялардың жасалу тәртібін реттейтін құқықтың нормалар жиынтығымен, содай-ақ екі жақты көп жақты валюталық праблемалар бойынша мемлекеттер арасында жасалатын келісімшарттарға сүйенеді.
Валюталық саясатты іске асырудың басты бір құралы валюталық реттеу болып табылады.
Тікелей валюталық реттеу—заңды актілер және атқарушы өкіметтің әрекет ету жолымен іске асса, ал жанама валюталық реттеу— нарықтың экономикалық агенттерінің мінез-құлқына экономикалық, валюталық және несиелік әдістерді пайдалану арқылы әсер етеді.
Мемлекетаралық валюталық реттеу ұйымы— Халықаралық Валюталық қор ( ХВҚ ) болып табылады.
Валюталық саясат өзінің мақсаттарына және формаларына байланысты екіге бөлінеді:
1) құрылымдық валюталық саясат;
2) ағымдық валюталық саясат;
Құрылымдық валюталық саясат— дүниежүзілік валюталық жүйедегі құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыруға бағытталатын ұзақ мерзімді шаралар жиынтығы.
Ол валюталық саясат реформа формасында іске асырылады. Құрылымдық валюталық саясат ағымдық валюталық саясатқа әсер етеді.
Ағымдық валюталық саясат— валюталық бағамды, валюталық операцияларды, валюталық нарық пен алтын нарығының қызметтерін күнделікті оперативті түрде реттеуге бағытталған қысқа мерзімді шаралар.
Валюталық саясаттың мынадай формалары қолданылады:
1) Дисконттық валюталық саясат;
2) Девиздік валюталық саясат;
Сонымен қатар, девиздік саясаттың мынадай жұзеге асырылу формалары болады:
а) валюталық интервенция;
ә) валюталық резервтерді диверсификациялау;
б) валюталық шектеу;
в) валюталардың алмастырылу дәрежесін реттеу:
г) валюталық бағам режимі;
д) девальвация;
з) ревальвация;
Дисконттық ( есепке алу ) саясаты— бір жағынан, валюталық бағам мен төлем балансын реттеуге, екіншіден, ішкі несиелер динамикасын, ақша массаын, бағаны, жиынтық сұранысты реттеуге бағытталатын орталық банктің есепке алу мөлшерін өзгертуі.
Мысалға: пассивтік төлем балансы кезінде капиталдың еркін орын ауыстыруы жағдайында есепке алу мөлшерінің көтерілуі, ең төменгі пайыз мөлшерлемесі бар елдерден, капиталдың келуін ынталадырып, төлем балансының жағдайын жақсартады және валюталық бағамды арттыра түседі. Ал егер орталық банк есепке алу ресми мөлшерін төмендететін болса, отандық және шетелдік капитал сыртқа ағылып, төлем балансының активтік қалдығы азаяды және валютаның бағамы төмендейді.
Қазіргі жағдайда дисконттық саясаттың тиімділігі төмендеген. Себебі, егер де төлем балансын жақсарту мақсатында есепке алу мөлшерін арттыратын болса, оның экономика үшін теріс әсері болады. Ал оның төмендеуі төлем балансына кері әсер етіп, яғни капиталдың сыртқа ағылуына жол береді.
Девиздік саясат— мемлекеттік ұйымдардың немесе орталық банктің шетел валюталық сату және сатып алу жолымен ұлттық валюта бағамына әсер ету әдісі.
Ұлттық валюталық бағамын көтеру мақсатында орталық банк шетел валютасына сатады, ал бағамын түсіру үшін, шетел валютасын ұлттық валютаға айырбастау арқылы сатып алады.
Девиздік саясат көбіне валюталық интервенция формасында жүзеге асырылады. Валюталық интервенция XIX ғасырдан бастап қолданылады. Алтын монометаллизмі алынып тасталғаннан кейін валюталық интервенция кеңінен қанат жайды.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, жаңа құбылыс ретінде мемлекетаралық валюталық реттеу ұйымдары – ХВҚ, сондай-ақ аймақтық – Европалық валюталық институт құрылды (1994 ж.).
Валюталық резервтерді диверсификациялау – бұл халықаралық есеп айырысуларды қамтамасыз ету, валюталық интервенция жүргізу және авлюталық шығындардан сақтау мақсатында әр түрлі валюталарды қосу жолымен валюталық резервтердің құрылымын реттеуге бағытталған мемлекеттің және банктердің саясаты.
Бұл саясат қарапайым түрде тұрақсыз валюталарды сату және халықаралық есеп айырысулар үшін қажетті тұрақты валюталарды сатып алу жолымен жүзеге асырылады.
Валюталық паритет және валюталық бағам режимі Ұлттық және мемлекетаралық реттеу объектісі болып табылады.
Девальвация мен ревальвация – валюталық саясаттың дәстүрлі әдістеріне жатады.
Девальвация – ұлттық валютаның бағамын шетел валюталарына қатынасы бойынша төмендету.
Ревальвация – ұлттық валюта бағамын шетел валюталарына қатынасы бойынша жоғарлату.
Девальвация пайызын есептеу формуласы мынадай:
Д=Бе – Бж/Бе*100
мұндағы
Бе – ескі бағам;
Бж – жаңа бағам.
Ревельвация пайызын есптеу формуласы:
Р=Бж – Бе/Бе*100
Валюталық саясаттың келесі бір формасы ретінде валюталық шектеу үздіксіз пайдаланылады.
Валюталық шектеу – резиденттер мен бейрезиденттердің валюталар және басқа валюталық құндылықтармен жасалатын операцияларына заңды түрде немесе әкімшілік түрде тыйым салуы немесе шектеуі.
Валюталық шектеу валюталық бақылаудың құрамдас бөлігі болып табылады. Валюталық шектеу валюталық заңдылықтармен бекітіледі.
Валюталық шектеулердің мақсаттары мынандай:
-төлем балансын теңестіру;
-валюталық бағамды қолдау;
-ағымдағы және статегиялық міндеттерді шешу үшін мемлекеттің қолында валюталық бағалылықтардың шоғырлануы.
Валюталық шектеу мынадай қағидаларға сүйенеді:
— Валюталық операциялардың орталық және өкілетті (девиздік) банктерде орталықтандырылуы;
— Валюталық операция жасау үшін рұқсат қағазының (лицензия) берілуі;
— Валюталық шоттарды толық немесе жартылай жабу;
— Валюталардың қайтарымдылығын шектеу.
2.1 Валюталық нарық
Валюталық нарық – бұл шетел валюталары мен шетел валютасындағы бағалы қағаздарды сату және сатып алу операциялары жүзеге асырылатын арнайы орталық.
Валюталық операциялардың көлеміне, сипатына және пайдаланатын санына қарай валюталық нарықтар үшке бөлінеді: халықаралық, аумақтық және ұлттық (жергілікті).
Халықаралық валюталық нарықтар ірі дүниежүзілік қаржы орталықтарында орналасқан. Оның ішінде, Хондайдағы, Нью-Йорктегі, Франкфурт-на-Майнедегі, Париждегі, Цюрихтегі, Токиодағы, Сингапурдағы, Ганкконгтағы ірі валюталық нарықтарда халықаралық төлем айналымында кеңінен пайдаланылатын валюталар ұлттық валюталық нарықтарда белгілі бір еркін аумастырылады, мысалы: Сингапур – доллары, Сауд –риалы, Кувейт – динары т.б. орналасқан банктер өз клиенттеріне валюталық қызметін түсіндіреді.
Валюталық нарықтағы операцияларға банктік функциональдық көзқараспен қарасақ, валюталық нарық – халықаралық есеп айырысу, валюталық интервенциялау, пайда табуды қамтамасыз ететін валюталық операциялардың жиынтығы.
Институтционалдық жағынан қарасақ, валюталық нарық – Үкметтің, банктердің, инвестициялық компаниялардың, биржалардың, брокерлік конторалардың және шетелдік банктердің жиынтығы.
Ұйымдастырылу техникалық жағынан алсақ, валюталық нарық – банктерді халықаралық есеп айырысу және валюталық операцияларды жүзеге асыру барысында өзара байланыстыратын коммуникациялық жүйелердің жиынтығын білдіреді.
Валюталық нарық белгілеріне қарай мынадай түрде жіктеледі:
1) Орналасу аумағына қарай:
-халықаралық;
-ішкі;
-аумақтық.
2) Валюталық шектеуге байланысты:
-еркін нарық;
-еркін емес.
Валюталық шектеу қойылған валюталық нарықты – еркін емес нарық деп, ал валюталық шектеу қойылмаған жағдайда оларды еркін валюталық нарық деп атауға болады.
3) Валюталық бағамның қолдану түріне қарай:
-бір ғана режимде;
-қос режимде.
Бір ғана режимді валюталық нарық – бұл еркін валюталық бағамға негізделген, яғни валюталардың өзгермелі бағамы биржадағы саудада белгіленеді.
Қазақстан Республикасында теңгенің арнайы валюталық бағамы 1999 жылы 5 сәуірден бастап, өзгермелі бағам режиміне өтті. Ал оған дейін тіркемелі бағам қолданылып келеді.
Тіркемелі бағам – Ұлттық банктің ұлттық валютаның шетел валютасына қатысты айырбас бағамын анықтауда валюталық нарықтағы сұраныс пен ұсынысқа араласу нәтижесінде анықталатын бағам.
Еркін өзгермелі бағам – бұл валюталық нарықтағы сұраныс пен ұсыныс негізінде белгіленетін нарықтық бағамды білдіреді.
Еркін өзгермелі бағам арқылы Қазақстанның қор биржасында АҚШ долларының теңгеге қатысты бағамы анықталады. Осы биржада Рейтер (Reuter) агенттерінің кросс-бағамдары туралы теңгенің басқа валюталарға қатысты бағамы анықтайды.
Кросс-бағам – бұл үшінші валютаға байланысты анықталатын екі валютаның шекті қатынасы.
Кросс-бағамының (Кб) есебін мынадай формуламен беруге болады. Мысалға, теңгенің кросс-бағамын есептеу:
Кб (теңге)=Шетел валютасының долларға қатысты бағамы/Теңгенің долларға қатысты бағамы
Валюталық бағамының бағалануына қарай: тікелей бағам және жанама бағам болып бөлінеді. Мұндағы тікелей бағам – шетел валютасына ұлттық валютаға қатысты бағамы. Мысалы, 1 АҚШ доллары=147,50 теңге. Ал жанама бағам – бұл ұлттық валютаның шетел валютасына қатысты бағамы. Бірақ мұндай бағам түрі біз сияқты мемлекеттерде қолданылмайды.
2.2 ҚР-дағы төлем балансы
Төлем балансы – елдің белгілі бір уақыт ішінде шетелге шығарғандарынан түскен түсімдері мен сырттан әкелінген тауарлары мен қызметтер үшінтөленген төлемдер арасындағы шекті қатынасы.
Еліміздегі төлем балансы мынадай бөлімдерді қамтиды:
А. Ағымдағы шот.
В. Капитал және қаржымен жасалатын операциялар шоты.
С. Қателер мен қалып қойғандар.
Д. Жалпы баланс.
Е. Қаржыландыру.
Ағымдағы шотта мыналар көрсетіледі:
1) Сауда балансы:
-Экспорт;
-Импорт.
2) Таза қызметтер:
-жүк тасмалдау;
-адамдар тасмалдау;
-байланыс қызметі;
-туризм;
-басқа.
3) Табыстар:
-займдар және несиелер бойынша сыйақы (мүдделендіру);
-резервтер бойыша сыйақы (мүдделендіру);
-басқа да.
4) Ағымдағы трансферттер.
5) Гуманитарлық көмектер.
6) Техникалық көмектер.
7) Гранттар.
Капитал және қаржымен жасалатын операциялар шотында мыналар көрсетіледі:
1) тікелей инвестициялар;
2) портфельдік инвестициялар;
3) мигранттардың трансферттері (кетуі және келуі);
4) сауда (коммерциялық) несиелері;
5) займдар;
6) басқа инвестициялар (депозиттер, валюта және т.б.).
Қателер мен қалып қойғандар шотында ресми түрде резидент еместермен ескерілмей қалғандарды, оған қоса “көлеңкелі бизнесті” есепке алады.
Жалпы төлем балансы ағымдағы операциялар бойынша төлем балансын, капиталдар мен несиелердің қозғалысының балансы, сондай-ақ алтын және валюта резервтерінің қозғалысын құрайды.
Жалпы төлем балансы әрдайым теңесіп отырылады, яғни оның активтік және пассивтік операциялары бірыңғай шаманы құрайды.
Қаржыландыру шотында мыналар есепке алынады:
1) Қазақстан Ұлттық банкінің резервтік активтері;
2) Монетарлы алтын;
3) Шетел валютасы;
4) ХВҚ несиелері.
Қазақстанда төлем балансын Ұлттық банк жасайды. Төлем балансының басты ерекшелігі – мұнда қаражаттардың ағымы, олардың мерзім ішіндегі өзгерісі ғана көрсетіліп, босалқы бөлшектер мен қорлар есепке алынбайды. Мұндағы ағымдағы операциялар шотында оң қалдықтың болуы тауарлар мен қызметтердің экспортын, табыстар мен трансферттердің түсімін білдірсе, ал теріс қалдықтың түзілуі тауарлар мен қызметтер импортын, төленген табыстар мен трансферттердің болуын сипаттайды. Капиталмен жасалынатын операциялар шотындағы оң көрсеткіш сол елдің резидент еместер алдындағы міндеттемелердің өсуін және резиденттер жағынан резидент еместерге деген талаптардың қысқаруын сипатттаса; ал теріс шама елдің резидент еместер алдындағы міндеттемелердің қысқаруын және резиденттер жағынан резидент еместерге қойылатын талаптардың өсуін сипаттайды.
Төлем балансынан есеп айырысу балансын ажырата білу қажет.
Есеп айырысу балансы – елдің шетелге қатысты талаптары мен міндеттемелері.
Мұндай талаптар мен міндеттемелерге мемлекеттік (алтын-валюта және басқа да) және жеке активтер, тікелей инвестициялар, алынған және берілген несиелер, қаржы және қаржы емес корпорациялардың міндеттемелері жатады. Төлем балансынан бір айырмашылығы есеп айырысу балансында басқа елдерге қатысты төлем жасалмаған барлық талаптар мен міндеттемелер қамтылады.
3.1 Халықаралық валюталық қор
1944 жылы Бреттон-Вудс қаласында (АҚШ) халықаралық қаржы конференциясы өткен болатын, осы конференцияда Халықаралық валюталық қор (ХВҚ) құру туралы шешім қабылданды. Алғашында мүшелерінің саны 35 мемлекет болса, 1993 жылы олардың саны 174-ке дейін өсті, Қазақстан Республикасы да осы Халықаралық валюталық қордың мүшесі болып табыладфы.
ХВҚ-ға кіргенде, әрбір мемлекет квота (жазылу бойынша салым), мүшелік жарна сияқты белгілі бір ақша сомасын қосады. Қор капиталын мүше-елдердің жарнасы екі бөліктен: 1) сол елдің квотасының 25% сомасы көлемінде немесе оның алтын мен доллар запастарының 10% сомасы көлеміндегі алтын түрінде; 2) квотаның қалған көлемі ұлттық валюта түріндегі жарнадан тұрады.
Квотаның маңызы әр түрлі болып келеді. Біріншіден, олар біріккен ақшалай запастарын құрайды, ХВҚ оларды қаржылық қиыншылықтарға түскен өз мүшелеріне займдар беру үшін пайдаланады.Екіншіден, олардың негізінде, жарна төлеген мүшесі ХВҚ-дан қарызға алынатын немесе СДР деп аталатын арнайы активтерді кезеңдік қайта бөлуде алынатын соманың мөлшері анықталады. Жарна үлкейген сайын, мүше-елдің керек жағдайында алатын несиенің көлемі де үлкен болады. Үшіншіден, олар әрбір мүшенің дауыс салмағын анықтайды. Ел бай болған сайын, оның квотасы солғұрлым үлен болады. Квота көлемі ел экономикасының жұмыс істеуін және әл-ауқаттылығын талдау негізінде белгіленеді.Әрбір бес жыл сайын квотаның мөлшері қайта қаралып тұрады әрі ХВҚ қажеттілігіне және елдің экономикалық өсіп-өркендеуіне байланысты көбейтілуі немесе азайтылуы мүмкін. 1945 ж. ХВҚ-ның 35 мүшесі 7,6 млрд. $ төленген, 1992 ж. ХВҚ-ның 156 мүшесі 130 млрд. $-ға жуық және 1993 ж. 174 ел –140 млрд. $ төленген.
ХВҚ саясатын анықтауға керекті дауыс санының көп бөлігін, көп ақша қосқан елдер алады. ХВҚ-дағы басшылық орынды АҚШ алады, оған барлық дауыстың 17%-ы келеді. Екінші орында Жапония – 7%, әрі қарай – Германия, Франция, Ұлыбритания – 5-6%.
ХВҚ-ның жоғарғы директивті органы – губернаторлар кеңесі, мұнда әрбір мемлекет губернатор (әдетте қаржы министірі немесе орталық банк төрағасы) және балама губернаторлардан тұрады. Себебі, губернаторлар сияқты олардың орынбасарлары қаржы министірлері немесе орталық банк басшылары болғандықтан, олар өздерінің үкметтері атының шығуға уәкілдіктері бар. Губернатор кеңесі жылына бір рет ғана жиналады. Оның қызметтеріне мыналар жатады:
-халықаралық валюталық ұсыныстарды әзірлеу;
-экономиканы қайта құру жөнінде өте кедей елдерге кеңес беру, шаралар әзірлеу;
-жаңа мүшелерді қабылдау, квоталарды өзгерту, ХВҚ-ға мүше-елдерді тексеру.
Қорытынды
Девальвация латынша “de” – төмендеу, “valko” – тұрмын дейтін сөздерден туындайды. Ақша бірлігінің немесе ұлттық ақша бірлігінің бағамын шетел валюталарына қатысты алатын мәнінің төмендеуін білдіреді.
Қазақстанда, 1999 ж. қыркүйегінде Оңтүстік-Шығыс Азия мен Ресейдегі экономикалық дағдарыспен байланысты, америка долларына қатысты теңге бағамының төмендеу жолымен ақша девальвациясы болды (егер 1999 ж. қыркүйегіне дейін теңгенің долларға қатысты курсы 76 теңге болса, ол 130 теңгеге дейін түсті).
Аталған шара отандық өнімнің өндірісі мен тұтынуда өте жағымды рөлін атқарады, сондай-ақ шетел валюталары мен инвестициялардың құйылуына себеп болды.
Ревальвация латынша “re” – жаңару және “valko” – тұрмын дейтін сөздерден туындайды. Ақша бірлігінің бұрынғы алтын мәнін қайта қалыптастыруды немесе ұлттық валюта бағамының шетел валютасымен салыстырғандағы жоғарылауын көрсетеді, яғни девальвацияға қарама-қарсы.
Қазақстанда теңгенің ревальвациясы, мұнай мен металға әлем бағаларының күрт өсіп шетел валютасының көп ағылуына байланысты 2003-2005 жж. болды. Егер 2003 ж. дейін теңгенің бағамы АҚШ долларына қарағанда 155 теңгеге дейін өссе, соңғы екі жылда (2003-2004 жж.) ол 1 АҚШ долларға 130 теңгеге дейін өсті.
Валюта нарығындағы операциялар арқылы өтімділікті қамтамасыз ету саясаты. Ұлттық банкінің валюталық нарықтағы интервенциясы жалпы ақша-несие саясатының шегінде жүзеге асты. Ұлттық банетің шетел валюталарын сату, егер ақша базасының өсімі басқа факторлардың әсерінен шетел активтерінен басқа болатын жағдайда, 1995 ж. жағдайлар, көбінесе ақша массасының өсімін стерилизациялау және теңгенің айырбастау бағамын реттеу мәселелерін бір уақытта шешті. Бірақ, кейбір айларда таза шетел активтерінің өсімі Үкметке берілген таза өсіміне қосарланды, сонда ақша базасының өсімінің төмендеуі, Ұлттық банкінің екінші деңгейлі банктеріне беретін несиелерінің азаюы және Ұлттық банкінің ноталарын эмиссиялау есебінен жүзеге асты. Осы кезеңдерде валюта бағамының саясаты ақша массасын реттеу саясатымен қарама-қайшылықта болды. Теңгенің айырбастау бағамын реттеуге Ұлттық банкінің қатысу дәрежесінің төмендеуі бұл қарама-қайшылықтарды жоюға мүмкіндік беріп, бір уақытта, ақша массасына валюталық интервенцияларының әсер ету тиімділігін төмендетті.
Сөздік
Валюталық жүйе – ұлттық заңдылықтармен немесе мемлекетаралық келісімшарттармен бекітілген валюталық қатынастарды ұйыдастыру және реттеу формасы.
Валюталық нарық – бұл шетел валюталары мен шетел валютасындағы бағалы қағаздарды сату және сатып алу операциялары жүзеге асырылатын арнайы орталық.
Валюталық интервенция – ұлттық валюталық бағамына әсер ету мақсатында орталық банктің шетел валютасын сату және сатып алу жолымен валюталық нарықтағы операцияларға араласуы.
Валюта – бұл біріншіден, сол елдің ақша бірлігі; екіншіден, шетел мемлекеттерінің ақша белгілері; үшіншіден, халықаралық бірліктері және төлем құралы (СДР, еура).
Валюталық бағам – бір елдің ақша бірлігінің екінші бір елдің ақша бірлігіне қатысты бейнеленетін бағасы.
Валюталық паритет – валюталық бағамның негізі болып табылатын заңды тәртіпте белгіленген екі валюта арасындағы шекті қатынас.
Валюталық саясат – бұл елдің ағымдық және статегиялық мақсаттарына сәйкес халықаралық валюталық және басқа экономикалық қатынастар аумағында асырылатын шаралар жиынтығы.
Валюталық резервтерді диверсификациялау – бұл халықаралық есеп айырысуларды қамтамасыз ету, валюталық интервенция жүргізу және валюталық шығындардан сақтау мақсатында әр түрлі валюталарды қосу жолымен валюталық резервтердің құрылымын реттеуге бағытталған мемлекеттің және банктердің саясаты.
Валюталық шектеу – резиденттер мен бейрезиденттердің, валюталар және тағы басқа валюталық құндылықтармен жасалатын операцияларын заңды түрде немесе әкімшілік түрде тыйым салу.
Валюта биржасы – шетел валютасымен валюталық операцияларды жүзеге асыратын, сұраныс пен ұсыныс негізінде ұлттық валютаға қатысты шетел валюталарының ағымдағы бағамын белгілейтін ұйым.
Қолданылған әдебиеттер:
1) Мақыш Серік Биханұлы “Ақша айналысы және несие” ИздатМаркет, Алматы, 2004г.
2) М.С.Саниев “Ақша, несие, банктер” Оқу құралы, Алматы – 2001ж.
3) Ғ.С. Сейітқасымов “Ақша несие банктер” Алматы Экономика 2005ж.
4) Ғ.С. Сейітқасымов “Ақша несие банктер” Алматы Экономика 2001ж.