Бухгалтерлік есепке алу туралы Қазақстан Республикасының заңы
Жоспар:
- Кіріспе. Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы 1995 жылғы 26 желтоқсандағы №2732 Қазақстан Республикасының Заңы………………………………………………………………………………………………..3
- Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп берудің мақсаты………………7
- Бухгалтерлік ақпаратың құпиясы…………………………………………………9
- Негізгі бөлім. 2.Жалпы ережелер…………………………………………………..13
2.1Бухгалтерлік есепке алу жүйесі, бухгалтерлік құжаттама және ішкі бақылау……………………………………………………………18
2.2Қаржылық есеп берудің элементтерін бағалау мен есепке алу…………………………………………………………………………………………24
2.3 Қаржылық есеп беру……………………………………………26
- Қорытынды. Қорытынды ережелер…………………………………………………29
Қолданған әдебиеттер тізімі………………………………………………………………….31
Кіріспе
Қазақстан Республикасы Президентінің «Бухгалтерлік есепке алу туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы № 2732 заң күші бар Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілген:
- «Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.
- «Осы Заң Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесін айқындайды, бухгалтерлік есепке алуды жүргізу мен қаржылық есеп беруді жасаудың принциптерін, негізгі сапалық сипаттамалары және жалпы ережелерін белгілейді.»
- Тараулардың тақырыптарындағы «I», «IV» және «V» деген цифрлар «1», «4» және «5» деген цифрлармен ауыстырылған.
- 1және2-баптар мынадай редакцияда жазылды:
1-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
«1. Осы Заңның күші міндетті мемлекеттік тіркеуге жататын жеке кәсіпкерге (бұдан әрі – кәсіпкерлерге ), Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген резидент еместердің филиалдары мен өкілдіктеріне (бұдан әрі-ұйымдарына ) қолданылады.
- Кәсіпкерлер мен ұйымдар осы Заңға, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, бухгалтерлік есепке алу стандартына сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізуге және қаржылық есеп беруді жасауға міндетті.
2-бап.Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы заңнамасы
- Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конститутциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құықтық актілерінен тұрады.
2-бап.Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы заңнамасы
- Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конститутциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құықтық актілерінен тұрады.
- Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың шоттың ережелері қолданылады».
- Мынадай мазмұндағы 2-1-баппен толтырылсын:
«2-1-бап. Қазақстан Республикасындағы халықаралық қаржылық есеп беру стандарты
Қаржылық есеп беруді жасаудағы ұйымдар Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттары жөніндегі комитеттен оларды ресми аударуға және (немесе) Қазақстан Республикасында жариялауға жазбаша рұқсаты бар ұйым мемлекеттік тілде және орыс тілінде жарияланған халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына сәйкес жүзеге асырады.
Осы баптың ережесі мемлекеттік мекемелерге қолданылмайды».
6.3,4 және 5-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«3-бап. Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесін мемлекеттік реттеу
1.Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесін реттеуді уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі уәкілетті орган)жүзеге асады.
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен басқа, мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесін реттеудің ерекшеліктері мемлекеттік мекемелер үшін Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жөніндегі нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесін реттеуді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Директорлар Кеңесі (Директорат) жүзеге асырады.
- Қызметін реттеу мен қадағалау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жүктелген
ұйымдардың бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесін реттеуді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады.
- Уәкілетті орган:
1) бухгалтерлік есепке алудың стандарттары мен оларға әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді, Қазақстан Республикасының халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарымен реттелмеген және оларға қашы келмейтін бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерін қабылдайды;
2) бухгалтерлік есепке алу шоттарының үлгі жоспарлары мен оларға әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді;
3) өзге де мемлекеттік огандармен және бухгалтерлер мен аудиторлардың кәсіптік ұйымдарымен бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды;
4) бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру саласындағы өзге де функцияларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі:
1) қызметін реттеу мен қадағалауды жүзеге асыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жүктелген ұйымдар үшін:
уәкілетті органның келісімімен халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарымен реттелмеген және оларға қайшы келмейтін мәселелер
бойынша бухгалтерлік есепке алу стандарттарын, сондай-ақ оларға әдістемелік ұсынымдар әзірлейді және бекітеді;
осы Заңның талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жөніндегі нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ бухгалтерлік есепке алу шоттарының үлгі жоспарларын әзірлейді және бекітеді;
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы заңнамасы талаптарының және бухгалтерлік есепке алу
стандарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
2)қызметін реттеу мен қадағалауды жүзеге асыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жүктелген аффилирленген тұлғалар үшін осы Заңның талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының қаржылық есеп беру жөніндегі нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді және бекітеді.
4-бап.Бухгалтерлік есепке алу стандарттары мен бухгалтерлік есепке алу шоттарының үлгі жоспары
1.Бухгалтерлік есепке алу стандарттары бухгалтерлік есепке алуды жүргізудің және қаржылық есеп беруді жасаудың жалпы ережелері мен әдістерін белгілейді.
2.Бухгалтерлік есепке алу шоттарының үлгі жоспары бухгалтерлік есепке алудың синтетикалық шоттарының жүйеленген тізбесін білдіреді.
1.1 Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп берудің мақсаты
Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп берудің мақсаты мүдделі тұлғаларды (бұдан әрі-пайдаланушылар) кәсіпкерлер мен ұйымдардың қаржылық жағдайы, қызметінің нәтижелері мен қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы толық және шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.»
- Мынадай мазмұндағы 5-1-баппен толтырылған:
«5-1-бап. Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп берудің принциптері мен негізгі сапалық сипаттамалары
1.Бухгалтерлік есепке алуды жүргізу мен қаржылық есеп беруді жасаудың принциптері есептеу және үздіксіздік болып табылады.
- Қаржылық есеп берудің негізгі сапалық сипаты түсініктілік, орындылық, сенімділік және салыстырмалық болып табылады.»
- ІІ тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылған:
«2-тарау. Бухгалтерлік есепке алу жүйесі, бухгалтерлік құжаттама және ішкі бақылау.»
- 6-бапта:
1) 1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылған:
«1. Бухгалтерлік есепке алу Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы заңнамасымен, бухгалтерлік есепке алу стандарттарымен, сондай-ақ ұйымның есеп саясатымен регламенттелген кәсіпкерлер мен ұйымдардың операциялары мен оқиғалары туралы ақпарат жинау, тіркеу және қорыту жүйесін білдіреді.
- Есеп саясаты ұйымның қажетіне және оның қызметінің ерекшеліктеріне орай, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы заңнамасының талаптарына, бухгалтерлік есепке алу стандарттары мен бухгалтерлік есепке алу шоттарының үлгі жоспарларына сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізу мен қаржылық есеп беруді жасау үшін ұйым қабылдаған принциптерді, негіздерді, шоттарды, ережелер мен практиканы білдіреді. »;
2) 3- тармақ алып тасталсын;
3) 4-тармақты:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылған:
«4. Операциялар мен оқиғалар бухгалтерлік есепке алу жүйесінде көрініс табады, бұл ретте:»;
1) тармақшадағы «операциялардың» деген сөзден кейін «және оқиғалардың » деген сөздер мен толтырылған;
2) және 3) тамақшалар мынадай редакцияда жазылған:
2) операциялар мен оқиғаларды хронологиялық ретпен және уақтылы тіркеуді;
3) әр айдың бірінші күніндегі жағдай бойынша синтетикалық (жиынтық ) есептердің талдамалы (егжей-тегжейлі) есептермен сәйкестендірілуін қамтамасыз етеді;
4) 5 және 6-тамақтар алып тасталған;
5) 7-тамақ мынадай редакцияда жазылған:
«7. Операциялар мен оқиғалар синтетикалық шоттарда қосарлы жазба жүргізу әдісімен бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарына сәйкес көрсетіледі. Операциялар мен оқиғалардың талдамалық есепбін жүргізу тәртібін кәсіпкер немесе заңды тұлғаның лауазымды адамдары (бұдан әрі басшылық ) білдіреді, олар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және құрылтай құжаттарына сәйкес ағымдағы басшылық пен іс жүргізуді кәсіпкер мен ұйымның қажетәне орай жүзеге асырады. »;
6) мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толтырылсын:
«8. Кәсіпкерлер мен ұйымдар бухгалтерлік есепке алуды жүргізу мен қаржылық есеп беруді мемлекеттік тілде және (немесе ) орыс тілінде жасауды қамтамассыз етеді. ».
1.2 Бухгалтерлік ақпараттың құпиясы
- Бухгалтерлік құжаттама бастапқы құжаттарды, бухгалтерлік есепке алудың тіркелімдерін, қаржылық есеп беруді және есеп саясатын қамтиды.
- Бухгалтерлік жоспарлар бастапқы құжаттар негізінде жүргізілуге тиіс. Бастапқы құжаттар-операциялардың жасалуын немесе оқиғалар фактісін тіркейтін құжаттар. Электронды жеткізілген бастапқы құжаттың қағаз түрінде ресімделген бастапқы құжаттың күші болады.
- Операциялар мен оқиғаларды ресімдеу үшін қолданылатын бастапқы құжаттарға арналған нысандарды немесе оларға қойылатын талаптарды уәкілетті орган және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
- Уәкілетті орган және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі нысандарын немесе оларға қойылатын талаптарды бекітпеген, қағазға түсірілген және электронды жеткізушілердегі бастапқы құжаттарды кәсіпкерлер мен ұйымдар дербес әзірлейді және оларды мынадай деректемелер міндетті түрде қамтылуға тиіс:
1) құжаттың атауы (нысандар);
2) жасалған күні, айы, жылы;
3) өзінің атынан құжат жасалған ұйымның атауы немесе кәсіпкердің тегі және аты-жөні;
4) операцияның немесе оқиғаның мазмұны;
5) операцияның немесе оқиғаның өлшем бірліктері (сандық және құндық көрсеткіштермен берілген);
6) операциялардың жасалуы (оқиғаның рсаталуы) және оны ресімдеудің дұрыстығы үшін жауапты адамдардың лауазымы, тегі, аты-жөні және қолы.
Операцияның немесе оқиғаның сипатына, Қазақстан Республикасының нармативтік құқықтық актілерінің талаптарына және есепке алу ақпаратын өндеу тәсіліне қарай бастапқы құжаттарға қосымша деректемелер енгізілуі мүмкін.
- Бастапқы құжаттар операция жасалған немесе оқиға болған не олар тікелей аяқталған кезде жасалуға тиіс.
- Есепке алуға қабылданған бастапқы құжаттарда қамтылған ақпарат нысандарын немесе оларға қойылатын талаптарды уәкілетті орган және
(немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәкес бекітілетін бухгалтерлік есепке алу тіркелімдерінде жинақталады және жүйелендіріледі.
Бухгалтерлік есепке алу тіркелімінің деректері топтпстырылған түрде қаржылық есеп беруге көшіріледі.
- Бухгалтерлік есепке алудың бастапқы құжаттары мен тіркелімдері электронды жеткізушілерде жасалған кезде, ұйымдар мен кәсіпкерлер операциялардың басқа қатысулары үшін, сондай-ақ осындай талап ету құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген мемлекеттік органдардың талаптары бойынша мұндай құжаттардың қағазға түсірілген көшірмелерін дайындауға міндетті.
- Кассалық және банктік бастапқы құжаттарға түзетулер енгізуге жол бермейді. Қалған бастапқы құжаттарға түзетулер тиісті операцияларға қатысушылардың келісімімен ғана енгізілуі мүмкін, түзетулерді енгізген күн, ай, жыл көрсетіліп, құжатқа қол қойылған тұлғалардың қолдарымен расталуға тиіс.».
- 7-бапта:
1) 1-тамақ мынадай редакцияда жазылған:
«1. Басшылық:
1) есепке алу саясатын қалыптастырады;
2) бухгалтерлік есепке алудың ұймдастырылуын қамтамассыз етеді.
Есепке алу саясаты Қазақстан Республикасының заңнамасында және ұйымның жарғысында (ережесінде ) белгіленген тәртіппен бекітіледі.»;
2) 2-тармақта:
Бірінші обзацтағы «Басшы» деген сөз «Басшылық немесе кәсіпкер» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы мемлекеттік тілдегі мәтінде «шарттық негізде» деп дұрыс жазылған, «фирмаға» деген сөз «ұйымға» деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 3-тармақ мынадай редакцияда жазылған:
«3. Бухгалтерлік есепке алуды жүргізу мен қаржылық есеп беруді
жасауға уәкілетті тұлғалар осы баптың 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы заңнамасын, бухгалтерлік есепке алу стандарттары мен бухгалтерлік есепке алу шоттарының үлгі жоспарын сақтауға міндетті.».
- 8-бапта:
1) тақырыбындағы «және сыртқы » деген сөздер алып тасталсын;
2) 1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылған:
«1. Ұйым Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы заңнамасының, есепке алу саясатының сақталуын, активтердің сақталуы жөніндегі, бухгалтерлік есепке алуды жүргізу мен қаржылық есеп беруді жасау кезінде ұрлық пен жаңсақтық жағдайларын болдырмау және анықтау жөніндегі шараларды қоса алғанда, операциялардың тиімді жүргізілуін қамтамасыз ету үшін ішкі бақылауды ұйымдастыруға құқылы.
2.Ішкі бақылауды ұйымдастыруды басшылық қамтамасыз етеді.»;
3)3-тармақта «Субъект», «тәуелсіз аудитор» деген сөздер тиісінше «Мемлекеттік мекемелерден басқа ұйымдар», «тәуелсіз аудиторларды немесе аудиторлық ұйымдарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 4-тармақ алып тасталсын;
5) 5-тармақ мынадай редакцияда жазылған:
«5. Мемлекеттік мекемелерді бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті органдар жүргізіеді.».
- 9-бапта:
1) 1-тармақтағы «Субъект басшысы» деген сөздер «Басшылық немесе кәсіпкер» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылған:
«2. Электорнды қолтаңбаны пайдаланушы кәсіпкерлер немесе ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалану құқығы мен электронды қолтаңбаға қол жеткізуге қатысты сақтық пен бақылаудың тиісті шараларын белгілеуге тиіс. ».
- 10 және 11-баптар мынадай редакцияда жазылған:
«10-бап. Бухгалтерлік ақпараттың құпиясы
- Бухгалтерлік есепке алудың бастапқы құжаттары мен тіркелімдерінің мазмұны комерциялық құпияны құрайтын ақпарат болып табылады, оған пұрсат басшылықтың немесе кәсіпкердің рұқсаты бар адамдарға ғана, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына беріледі.
2.Аталған құжаттарға пұрсат бар адамдар құжаттар иесінің келісімінсіз ондағы ақпаратты жария етпеуге міндетті және оны жеке мүддесіне пайдалануға құқығы жоқ.Коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратқа пұрсаты бар адамдар оны жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауапкершілікте болады.»
ІІ бөлім. Жалпы ережелер
ҚР 16.07.99 ж. №436-1; 24.12.01 ж. №276-11 Заңдарымен 1-бап өзгертілді; ҚР 24.06.02 ж. №329-II Заңымен 1бап жаңа редакцияда
1-бап.Осы Заңның қолданылу аясы
1.Осы Заңның күші міндетті мемлекеттік тіркелуге жататын жеке кәсіпкерлерге (бұдан әрі-кәсіпкерлерге),Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген резидент еместердің филиалдары мен өкілдіктеріне (бұдан әрі-ұйымдарына)қолданылады.
2.Кәсіпкерлер мен ұйымдар осы Заңға, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есепберу жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, бухгалтерлік есепке алу стандартына сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізуге және қаржылық есеп беруді жасауға міндетті.
ҚР 24.06.02 ж. №329-II Заңымен 2-бап жаңа редакцияда
2-бап. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы заңнамасы
- Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
- Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
ҚР 24.06.02 ж. №329-II Заңымен Заң жаңа 2-1-баппен толықтырылды
2-1-бап. Қазақстан Республикасындағы халықаралық қаржылық есеп беру стандарттары
Қаржылық есеп беруді жасауды ұйымдар Халықаралық қаржылық есеп
беру стандарттары жөніндегі комитеттен оларды ресми аударуға және
Қазақстан Республикасында жариялауға жазбаша рұқсаты бар ұйым мемлекеттік тілде және орыс тілінде жариялаған халықаралық қаржылық
есеп бару стандарттарына сәйкес жүзеге асырады.
Осы баптың ережесі мемлекеттік мекемелерге қолданылмайды.
ҚР 24.06.02 ж. №329-II Заңымен 3-бап жаңа редакцияда;10.07.03 ж. № 483-II (бұр.ред.қара); 11.06.04 ж. № 562-II (бұр.ред.қара); 2006.20.02. №127-III (бұр.ред.қара); ҚР Заңдарымен 3-бап өзгертілді.
3-бап.Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесін мемлекет-тік реттеу
1.Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесін реттеуді уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі уәкілетті орган) жүзеге асырады.
2.Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен басқа,мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесін реттеудің ерекшеліктері мемлекеттік мекемелер үшін Қазақстан Республика-сының бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жөніндегі норматив- тік құқықтық актілермен белгіленеді.
3.Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкідегі бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесін реттеуді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Директорлар Кеңесі (Директорат) жүзеге асады.
4.Қаржылық ұйымдардағы және Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құралған арнайы қаржы компаниялардағы бухгалтерлік есеп алу мен қаржылық есептілік жүйесін реттеуді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі нормативтік құқықтық актілерді және оларға әдістемелік ұсынымдарды қабылдау арқылы, ал Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда,қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік оргонмен келісім бойынша жүзеге асады.
- Уәкілетті оргон:
1) бухгалтерлік есеке алудың стандарттары мен оларға әдістемелік ұсыныстарды әзірлейді және бекітіледі,Қазақстан Республикасының халықаралық қаржылық есеп беру стандарттары мен реттелмеген және оларға қайшы келмейтін бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерін қабылдайды;
2)бухгалтерлік есепке алу шоттарының үлгі жоспарлары мен оларға әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді;
3) өзге де мемлекеттік органдармен және бухгалтерлер мен аудиторлардың кәсіпке ұйымдарымен бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды;
3-1)қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын енгізу жөнінде бірыңғай мемлекеттік саяасатты жүргізеді,ал қаржылық ұйымдарға қатысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесе отырып жүргізіледі;
4) бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру саласындағы өзге де фунецияларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі:
1)қаржылық ұйымдар үшін:
уәкілетті органның келісімімен халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарымен реттелмеген және оларға қайшы келмейтін мәселелер бойынша бухгалтерлік есепке алу стандарттарын, сондай-ақ оларға әдістемелік ұсынымдар әзірлейді және бекітеді;
осы Заңның талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жөніндегі нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ бухгалтерлік есепке алу шоттарының үлгі жоспарларын әзірлейді және бекітеді;
2) қызметін реттеу мен қадағалауды жүзеге асыру Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жүктелген аффилирленген тұлғалар үшін осы Заңның талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының қаржылық есеп беру жөніндегі нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді және бекітеді.
2-1) Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құралған арнайы қаржы компаниялары үшін:
Осы Заңның талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жөніндегі нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді және бекітеді;
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру және бухгалтерлік есеп стандарттары туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде банк операцияларының жекеленген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы заңдарының талаптарын және бухгалтерлік есепке алу стандарттарын сақтауын бақылауды жүзеге асырады.
ҚР 24.06.02 ж. № 329-ІІ Заңымен 4-бап жаңа редакцияда
4-бап.Бухгалтерлік есепке алу стандарттары мен бухгалтерлік есепке алу шоттарының үлгі жоспары
- Бухгалтерлік есепке алу стандарттары бухгалтерлік есепке алуды жүргізудің және қаржылық есеп беруді жасаудың жалпы ережелері мен әдістерін белгілейді.
- Бухгалтерлік есепке алу шоттарының үлгі жоспары бухгалтерлік есепке алудың синтетикалық шоттарының жүйеленген тізбесін білдіреді.
ҚР 24.06.02 ж. № 329-ІІ Заңымен 5-бап жаңа редакцияда
5-бап. Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп берудің мақсаты
Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп берудің мақсаты мүдделі
тұлғаларды (бұдан әрі-пайдаланушылар) кәсіпкерлер мен ұйымдардың қаржылық жағдайы,қызметінің нәтижелері мен қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы толық және шынайы ақпаратпен қамтамасызету болып табылады. ҚР 24.06.02 ж. № 329-ІІ Заңымен Заң жаңа 5-1-баппен толықтырылды
5-1-бап. Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп берудің примциптері мен негізгі сапалық сипаттамалары
- Бухгалтерлік есепке алуды жүргізу мен қаржылық есеп беруді жасаудың принциптері есептеу және үздіксіздік болып табылады.
- Қаржылық есеп берудің негізгі сапалық сипаты түсініктілік, орындылық, сенімділік және салыстырмалық болып табылады.
ҚР 24.06.02 ж.№ 329-ІІ Заңымен тараудың тақырыбы жаңа редакцияда
2.1Бухгалтерлік есепке алу жүйесі, бухгалтерлік
құжаттама және ішкі бақылау
ҚР 24.06.02 ж.№ 329-ІІ Заңымен 6-бап өзгертілді
6-бап. Бухгалтерлік есепке алу жүйесі
- Бухгалтерлік есепке алу Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы заңнамасымен, бухгалтерлік есепке алу стандарттарымен, сондай-ақ ұйымның есеп саясатымен регламенттелен кәсіпкерлер мен ұйымдардың операциялары мен оқиғалары туралы ақпарат жинау, тіркеу және қорыту жүйесін білдіреді.
2.Есеп саясаты ұйымының қажетіне және оның қызыметінің ерекшеліктеріне орай, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы заңнамасының талаптарына, бухгалтерлік есепке алу стандарттары мен бухгалтерлік есепке алу шоттарының үлгі жоспарларына сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізу мен қаржылық
есеп беруді жасау үшін ұйым қабылдаған принциптерді, негіздерді, шарттарды, ережелер мен практиканы білдіреді.
3.алып тасталды
4.Операциялар мен оқиғалар бухгалтерлік есепке алу жүйесінде көрініс табады, бұл ретте:
1)бұхгалтерлік жазбаларда бастапқы құжаттардың түпнұсқаларымен бірдей етіп бекемдеуді және бухгалтерлік жазбаларда барлық операцияларын және оқиғалардың көрсетілуін;
2)операциялар мен оқиғаларды хронологиялық ретпен және уақтылы тіркеуді;
3)әр айдың бірінші күніндегі жағдай бойынша синтетикалық (жиынтық) есептердің талдамалы (егжей-тегжейлі)есептермен сәйкестендірілуін қамтамасыз етеді.
- алып тасталды
- алып тасталды
7.Операциялар мен оқиғалар синтетикалық шоттарда қосарлы жазба жүргізу әдісімен бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарына сәйкес көрсетіледі. Операциялар мен оқиғалардың талдамалық есебін жүргізу тәртібін кәсіпкер немесе заңды тұлғаның лауазымды адамдары (бұдан әрі басшылық) белгілейді,олар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және құрылтай құжаттарына сәйкес ағымдағы басшылық пен іс жүргізуді кәсіпкер мен ұйымның қажетіне орай жүзеге асырады.
- Кәсіпкер мен ұйымдар бухгалтерлік есепке алуды жүргізу мен қаржылық есеп беруді мемлекеттік тілде және (немесе) орыс тілінде жасуды қамтамасыз етеді.
ҚР 24.06.02 ж.№ 329-ІІ Заңымен Заң жаңа 6-1-баппен толықтырылды
6-1-бап.Бухгалтерлік құжаттама
1.Бухгалтерлік құжаттама бастапқы құжаттарды, бухгалтерлік есепке алудың тіркелімдерін, қаржылық есеп беруді және есеп саясатын қамтиды.
- Бухгалтерлік жазбалар бастапқы құжаттар негізінде жүргізілуге тиіс. Бастапқы құжаттар-операциялардың жасалуын немесе оқиғалар фактісін тіркейтін құжаттар.Электронды жеткізілген бастапқы құжаттың қағаз түрінде ресімделген бастапқы құжаттық күші болады.
3.Операциялар мен оқиғаларды ресімдеу үшін қолданылатын бастапқы құжаттарға арналған нысандарды немесе оларға қойылатын талаптарды уәкілетті орган және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітеді.
4.Уәкілетті орган және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі нысандарын немесе оларға қойылатын талаптарды бекітпеген, қағазға түсірілген және электронды жеткізушілердегі бастапқы құжаттарды кәсіпкерлер мен ұйымдар дербес әзірлейді және оларды мынадай деректемелер міндетті түрде қамтылуға тиіс:
1)құжаттың атауы (нысандар);
2)жасалған күні,айы,жылы;
3)өзінің атынан құжат жасалған ұйымның атауы немесе кәсіпкердің тегі
және аты-жөні;
4)операцияның немесе оқиғаның мазмұны;
5) операцияның немесе оқиғаның өлшем бірліктері(сандық және құндық көрсеткіштермен берілген);
6)операциялардың жасалуы (оқиғаның расталуы) және оны ресімдеудің дұрыстығы үшін жауапты адамдардың лауазымы, тегі, аты-жөні және қолы.
Операцияның немесе оқиғаның сипатына, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына және есепке алу ақпаратын өңдеу тәсіліне қарай бастапқы құжаттарға қосымша деректемелеренгізілуі мүмкін.
5.Бастапқы құжаттар операция жасалған немесе оқиға болған не олар тікелей аяқталған кезде жасалуға тиіс.
6.Есепке алуға қабылданған бастапқы құжаттарда қамтылған ақпарат нысандарын немесе оларға қойылатын талаптарды уәкілеттіорган және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітетін бухгалтерлік есепке алу тіркелімдерінде жинақталады және жүйелендіріледі.
Бухгалтерлік есепке алу тіркелімінің деректері топтастырылған түрде қаржылық есеп беруге көшіріледі.
- Бухгалтерлік есепке алудың бастапқы құжаттары мен тіркелімдері электронды жеткізушілерде жасалған кезде, ұйымдар мен кәсіпкерлер операциялардың басқа қатысушылары үшін, сондай-ақ осындай талап ету құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген мемлекеттік органдардың талаптары бойынша мұндай құжаттардың қағазға түсірілген көшірмелерін дайындауға міндетті.
8.Кассалық және банктік бастапқы құжаттарға түзетулер енгізуге жол берілмейді. Қалған бастапқы құжаттарға түзетулер тиісті операйияларға қатысушылардың келісімімен ғана енгізуге мүмкін, түзетулерді енгізген күн, ай, жыл көрсетіліп,құжатқа қол қойған тұлғалардың қолдарымен расталуға тиіс.
ҚР 24.06.02 ж.№ 329-ІІ Заңымен 7-бап өзгертілді
7-бап. Бухгалтерлік есепке алуды ұйымдастыру
1.Басшылық:
1)есепке алу саясатын қалыптастырады;
2) бухгалтерлік есепке алудың ұйымдастыруын қамтамасыз етеді.
Есепке алу саясаты Қазақстан Республикасының заңнамасында және ұйымның жарғысында (ережесінде) белгіленген тәртіппен бекітіледі.
2.Басшылық немесе кәсіпкер есепке алу жұмысының көлеміне қарай:
1)бас бухгалтер басқаратын құрылымдық бөлімше ретінде бухгалтерлік қызметті құрады;
2)штатқа бас бухгалтер лауазымын енгізеді;
3)бухгалтерлік есепке алу ісін жүргізуді шарттық негізде мамандандырылған бухгалтерлік ұйымға немесе маман бухгалтерге береді;
4) бухгалтерлік есепке алуды тікелей өзі жүргізе алады.
- Бухгалтерлік есепке алуды жүргізу мен қаржылық есеп беруді жасауға уәкілетті тұлғалар осы баптың 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы
Заңнамасын, бухгалтерлік есепке алу стандарттары мен бухгалтерлік есепке алу шоттарының үлгі жоспарын сақтауға міндетті.
24.06.02 ж .№329-ІІ; 2006.05.05. №139-ІІІ (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 8-бап өзгертіледі
8-бап .Ішкі бақылау
1.Ұйым Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы заңнамасының ,есепке алу саясатының сақталуын, активтердің сақталу жөніндегі, бухгалтерлік есепке алуды жүргізу мен қаржылық есеп беруді жасау кезінде ұрлық пен жаңсақтық жағдайларын болдырмау және анықтау жөніндегі шараларды қоса алғанда, операциялардың тиімді жүргізілуін қамтамасыз ету үшін ішкі бақылауды ұйымдастыруға құқылы.
- Ішкі бақылау ұйымдастыруды басшылық қамтамасыз етеді.
3.Мемлекеттік мекемелерден басқа ұйымдар ішкі бақылауды аудиторлық ұйымдарды тарту арқылы жүзеге асыруға хақылы.
4.алып тасталды
5.Мемлекеттік мекемелерді бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті органдар жүргізеді.
ҚР 24.06.02 ж. №329-ІІ Заңымен 9-бап өзгертілді
9-бап. . Бухгалтерлік құжаттарға қол қою құқығы
1.Басшылық немесе кәсіпкер басшысы бухгалтерлік құжаттарға қол қою құқығы бар адамды айқындайды.Ьұл орайда сол адамның атқаратын лауазымына, ақша сомасының мөлшеріне, іс-қимыл саласы мен операцияның мәніне қарай қол қою құқығының ьағыныңқылық тәртібі белгіленуі мүмкін.
2.Электронды қолтаңбаны пайдалнушы кәсіпкерлер немесе ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалану құқығы мен электронды қолтаңбаға қол жеткізуге қатысты сақтық пен бақылаудың тиісті щараларын белгілеуге тиіс.
ҚР 24.06.02 ж.№ 329-ІІ Заңымен 10-бап жаңа редакцияда
10-бап. Бухгалтерлік ақпараттың құпиясы
1.Бухгалтерлік есепке алудың бастапқы құжаттары мен тіркелімдерінің мазмұны коммерциялық құпияны құрайтын ақпарат болып табылады, оған пұрсат басшылықтың немесе кәсіпкерлің рұқсаты бар адамдарға ғана, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекттік органдардың лауазымды адамдарына беріледі.
2.Аталған құжаттарға пұрсаты бар адамдар құжаттар иесінің келісімсіз ондағы ақпаратты жария етпеуге міндетті және оны жеке мүддесіне пайдалануға құқығы жоқ. Коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратқа пұрсаты бар адамдар оны жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауапкершіліктк болады.
ҚР 24.06.02 ж.№ 329- ІІ Заңымен 11-бап жаңа редакцияда
11-бап. Бухгалтерлік құжаттаманы сақтау
Кәсіпкерлер мен ұйымдар бухгалтерлік есепке алудың бастапқы
құжаттарын, қағазға түсірілген және (немесе) электронды жүргізушілердегі бухгалтерлік есепке алудың тіркелімдерін, қаржылық есеп беруді, есеп саясатын, есепке алу деректерінің электрондық өңдеу бағдарламасын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген кезең ішінде сақтауға міндетті.
ҚР 24.06.02 ж.№ 329- ІІ Заңымен тараудың тақырыбы жаңа редакцияда
2.2 Қаржылық есеп берудің элементтерін бағалау мен есепке алу
ҚР 24.06.02 ж. №329- ІІ Заңымен 13- бап жаңа реакцияда
13-бап. Қаржылық есеп берудің элементтері
- Қаржылық жағдайды бағалауға байланысты қаржылық есп беру элементтері активтер, міндеттемелер және өз капиталы болып табылады.
Активтер — өткен операциялар немесе оқиғалар нәтижесінде алынған мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер мен болашақта кірістер алу күтілетін құндық бағасы бар құқықтар.
Міндеттеме — өткен операциялар немесе оқиғалар нәтижесінде туындаған және жеке тұлғаның немесе ұйымның пайдасына белгілі бір іс — әрекет жасауға: мүлік беруге, жұмыстар орындауға, ақша төлеуге жәнебасқаларына, не өтеулі активтерді азайтуға әкеп соғатын белгілі бір іс- әрекеттен қалыс қалуға құндық бағасы бар міндеттеме.
Өз капиталы (таза активтер) – міндеттемелер шегерілгенактивтер.
- Қаржылық – шаруашылық қызметінің нәтижерлерін бағалауға тікелей байланысты қаржылық есеп беру элементтері кірістер мен шығыстар болып табылады.
Кірістер – есепті кезң ішінде активтерді көбейту немесе оардың құнын арттыру түрінде экономикалық пайданы ұлғайту не меншік иелерінің салымдарына байланысты емес өз капиталын көбейтуге әкеп соғатын міндеттемелерді азайту.
Шығыстар – есепті кезең ішінде активтерді немесе олардың құнын азайту түрінде экономикалық пайданы азайту оны меншік иелерінің арасында бөлуге байланысты емес өз капиталын азайтуға әкеп соғатын міндеттемелерді көбейту.
ҚР 24.06.02 ж. №329- ІІ Заңымен 14-бап жаңа редакцияда
14-бап. Қаржылық есеп берудің элементтерін бағалау
- Қаржылық есеп берудің элементтерін бағалау – ақша сомасын анықтау, ол бойынша осы элементтер танылады және бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беруде тіркеледі. Бағалауды қолдану әдістері мен тәртібі Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп туралы заңнамасының талаптарына және бухгалтерлік есепке алу стандарттарына сәйкес белгіленеді.
- Қаржылық есеп беру элементтері бағалаеады және олар бойынша есеп берулер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жүргізіледі.
- Шетел валютасымен жасалған операциялар мен оқиғалар Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы заңнамасында және бухгалтерлік есепке алу стандарттарында белгіленген тәртіппен, валюта айырбасының нарықтық бағамы қолданыла отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен есептеледі.
ҚР 24.06.02 ж.№329-ІІ Заңымен 15-бап жаңа редакцияда
15-бап. Қаржылық есеп беру элементтерін есепке алу
Есепке алудың әдістері және қаржылық есеп беру элементтерін тану тәртібі Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы заңнамасының талаптарына және бухгалтерлік есепке алу стандарттарына сәйкес белгіленеді.
2.3Қаржылық есеп беру
ҚР 11.07.97 ж №154-1; 24.12.01 ж. №276-ІІ Заңдарымен 16-бап өзгертіледі ҚР 24.0602 ж. №329-ІІ Заңымен 16-бап жаңа редакцияда
16-бап. Қаржылық есеп беру
- Қаржылық есеп беру ұйымның қаржылық жағдайы, қызметінің нәтижелері мен қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы ақпарат болып табылады.
- Мемлекеттік мекмелердің есеп беруін қоспағанда, қаржылық есеп беру;
1) бухгалтерлік баланс;
2) кірістер мен шығыстар туралы есепті;
3) ақша қозғалысы туралы есепті;
4) өз капиталындағы өзгерістер туралы еспті;
5) есепке алу саясаты туралы ақпаратты және түсіндірме жазбаны қамтиды.
Қаржылық есеп беруді жасаудың тәртібі Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы заңнамасының талаптарына және бухгалтерлік есепке алу стандарттарына сәйкес басқа да материалдармен толықтырылуы мүмкін.
Қаржылық есеп беруді жасаудың тәртібі Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы заңнамасының талаптарына және бухгалтерлік есепке алу стандарттарына сәйкес белгіленеді.
- Мемлекеттік мекемелердің қаржылық есеп беруінің көлемін, нысандары мен тәртібін, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көздемесе, уәкілетті орган айқындайды.
- Акцизделетін өнімдерді (алкоголь және темекі өнімдерін бөлшек саудада өткізуді қоспағанда) өндірумен, ұқсатумен және өткізумен, сондай-ақ қызметтің акцизделетін түрлерімен айналысатын ұйымдардан басқа, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын кәсіпкерлер мен ұйымдар Қазақстан Республикасының мемлекет алдындағы салықтық міндеттемелерді орындауын салықтық бақылауды қамтамассыз ететін орталық атқарушы органының келісімімен уәкілетті орган бекіткен бухгалтелік есепке алуды жүргізумен бухгалтерлік есепке алу стандарты бойынша қаржылық есеп беруді жасаудың оңайлатылған нысанын қолданыуға құқылы.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын ұйымдар қаржылық есеп беруді жүргізген кезде осы Заңның 2-1-бабаның ережелерін басшылыққа алуға құқылы.
- Қаржылық есеп беруге ұйымның басшылығы және бас бухгалтері (бухгалтері ) қол қояды.
Бухгалтерлік есепке алуды мамандандырылған бухгалтерлік ұйым немесе маман бухгалтер жүргізетін ұйымдардың қаржылық есеп беруіне ұйымның басшылығы, сондай-ақ мамандандырылған бухгалтерлік ұйымның басшылығы немесе мамн бухгалтер қол қояды.
ҚР 24.06.02 ж. №329-ІІ Заңымен Заң жаңа 16-1-баппен толықтырылды
16-бап. Шоғырландырылған қаржылық есеп беру
Еншілес ұйымдары бар ұйымдар, негізгі ұйымның қызметі бойынша қаржылық есеп беруден басқа, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы заңнамасына және бухалтерлік есепке алу стандартына сәйкес шоғырландырылған қаржылық есеп беруді жасауға және ұсынуға міндетті.
ҚР 11.07.97 ж. №154-1 Заңымен 17-бап өзгертілді
17-бап. Есепті кезең
- Жылдық қаржылық есеп беру үшін есептік кезең 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл болып табылады.
- Жаңадан құрылған ұйым үшін бірінші есепті жыл оның мемлекеттік тіркеуден өткен сәтінен басталып, сол жылдың 31 желтоқсанымен аяталады.
ҚР 11.07.97 ж №154-1; ҚР 24.06.02 ж. №329-ІІ Заңдарымен 18-бап өзгертілді
18-бап. Қаржылық есеп беруді табыс ету
- Ұйымдар қаржылық есеп беруді:
1) құрылтай құжаттарына сәйкес меншік иелеріне;
2) Қазақстан Республикасының статистика органдарында тіркелген жері бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика органдарына;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының құзыретіне сәйкес соларға табыс етеді.
- Ұйымдар жылдық қаржылық есеп беруді есептік жылдың кейінгі жылдың 30 сәуірінен кешіктірмей табыс етеді.
- Осы баптың 2-тармағында көрсетілген мерзім шегінде меншік иесі қаржылық есеп беру мерзімін анықтауға, бірақ жылына бір реттен асырмай басқа мерзім белгілеуге хақылы.
- Шоғырландырылған қаржылық есеп беруді табыс ету осы баптың 1-3-тармақтарына сәйкес жүргізіледі.
Қорытынды
17-баптың 2-тармағындағы «субъекті» деген сөз «ұйым» деген сөзбен ауыстырылсын, қазақ тілінің ерекшелігіне сәйкес екінші түзетудің мемлекеттік тілдегі мәтінге қатысы жоқ.
18-бап:
1) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылған:
«1. Ұйымдар қаржылық есеп беруді:
1) құрылтай құжаттарына сәйкес меншік иелеріне;
2) Қазақстан Республикасының статистика органдарында тіркелген жері бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика органдарына;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының құзыретіне сәйкес соларға табыс етеді.».
2) 2-тармағындағы «Субъектілер» деген сөз «Ұйымдар» деген сөзбен ауыстырылсын:
«4. Шоғырландырылған қаржылық есеп беруді табыс ету осы баптың 1-3-тармақтарына сәйкес жүргізіледі.».
19-бап мына редакцияда жазылған:
«19-бап. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен көзделген жауапкершілікке әкеп соғады.».
20 және 21-баптар алып тасталсын.
11.06.04 ж. №562-ІІ ҚР Заңымен 2-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2-бап. Осы Заң:
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген тәртіппен айқындалатын жекеленген ұйымдар үшін 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Акционерлік қоғамдар үшін 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Өзге ұйымдар үшін 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабының 5-тармағын қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР 24.06.02 ж. №329-ІІ Заңымен 19-бап жаңа редакцияда
19-бап. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен көзделген жуапкершілікке әкеп соғады.
ҚР 24.06.02 ж. №329-ІІ Заңымен 20-бап алып тасталды
20-бап. алып тасталды
ҚР 24.06.02 ж. №329-ІІ Заңымен 21-бап алып тасталды
21-бап. алып тасталды
Осы Жарлық 1996 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1.1995 ж., №24, 171-құжат; ҚР Заңымен
1.1997ж., №13-14,205-құжат; ҚР Заңымен
3.1999 ж., №20,727-құжат; ҚР Заңымен
4.2001 ж., №24,338-құжат; ҚР Заңымен
5.2001 ж., №276-11; ҚР Заңымен
6.2002 ж., №329-ІІ; ҚР Заңымен