Сәләфиттер Қазақстанда жақтаушыларын қалай дайындайды?
Осы күзде көптеген қазақстандық жалған діншілдер тұтқындауға алынды. Бірнеше псевдосалафиттердің көшбасшылары Сауд Арабиясында, Түркияда ұсталып, отанына жер аударылды. Бұған дейін экстремизм идеяларын насихаттағаны үшін осы ағымның бірқатар идеологтары сотталған еді. Алайда, интернет-форумдарға қарасақ, оның жақтаушылары шегінетін емес сияқты.
Бұл адамдарды не қозғалтады? Олардың тәуелділігі қаншалықты күшті? Олармен не істеу керек? Осы мәселелер жөнінде біз соңғы айларда сотталғандармен тығыз жұмыс істеген деструктивті ғибадат жөніндегі психолог-кеңесші Гүлназ Раздықовамен әңгімелестік.
— Бүгінде қазақстандық жалған салафиттер өз көшбасшыларының – Коржавин, Башпаев, Мұхитдин, Заурбеков, Махаматов және Әбдіқадыровтың тұтқындалуына байланысты қиын кезеңдерді бастан өткеруде. Сіз осы адамдармен белсенді жұмыс жасадыңыз. Сіздің ойыңызша, оларды қандай қауіптер күтіп тұрғанын өздері түсінген бе еді?
— Иә, мен осы жылы олардың кейбіреулерімен әңгімелесу барысында өте пайдалы тәжірибе жинақтадым.
Егер бұрын біз негізінен псевдосалафизмнің қатардағы жақтаушыларымен айналыссақ, қазір елімізде осы идеологияның жетекші-көшбасшыларымен жұмыс істейтін уақыт келді. Алайда, бұрынғысынша жауаптардан гөрі сұрақтар әлдеқайда көп.
Сауд Арабиясы билігінің қазақстандық интернет-уағыздаушыларды ұстауы – олардың деструктивті қызметінің заңды нәтижесі. Менің ойымша, олардың бәрі ерте ме, кеш пе жауап беретінін өте жақсы түсінетін. Біріншіден, бұл адамдар жалпыадамзаттық құндылықтарға қайшы келетін, араздық пен басқа діндерді құрметтемеуді дамытатын экстремистік пәтуалардың таралуына кінәлі.
Екіншіден, көптеген жас адамдардың зардап шегуінде (біреулер соғыста қаза тапты, біреулер түрмеде жазасын өтейді) және олардың отбасыларының қайғысына уағыздаушылардың тікелей немесе жанама кінәсі бар екені сөзсіз.
— Жергілікті «сәләфиттердің» айтуынша, бұл «мұғалімдер» өз уағыздарын исламның басты қасиеттіліктері орналасқан Мединадан жүргізген екен…
— Иә, өкінішке қарай, әлемдік псевдосалафизмнің шоғырлануы мұсылмандар үшін қасиетті жерде орналасқан. Бірақ, ол Мекке мен Мәдинада бейбіт жолмен нығая түсті деген сөз емес. Идеология туралы пікірді оның шыққан жері бойынша қалыптастыру дұрыс емес. Бұны 2016 жылдан бастап Қазақстан мен басқа елдерге қылмыстық істерді тергеуде және кінәлі адамдарды депортациялауда құқықтық көмек көрсететін Сауд Арабиясының билігі де жақсы түсінеді.
Біз бүгін айтып отырған жалған салафит қозғалысының көшбасшылары Мәдина қаласындағы «Әл Джамия әл Исламия» университетінде жоғары теологиялық білім алды. Олар агрессивті прозелитизммен айналысып, жастарды деструктивизмге тарта отырып, аудио- және видеолекцияларды таратқан. Көптеген құрбандарды олардың желісіне өздерінің сенімшілділігіне, білмеуіне немесе көз жұмып еліктеуіне байланысты түскені анық толық қалыптаспаған жастарды үйіршілдік сезім ақыл-ой парасаттылығынан айыруы ықтимал екені түсінікті.
— Бұл уағыздаушылар көптеген жас адамдарды жаңылыстыруға қалайша қол жеткізді?
— Адамдар бір сағатта жалған салафитке айналмайды, әсіресе, тез арада олардың көшбасшылары бола калмайды. Бұл – идеологиялық және психологиялық әсердің ұзақ процесі. Олар жалған жолға діни білім алғаннан кейін шықты. Сонымен қатар, олардың барлығының жағдайлары ұқсас – дінді оқуға барып, радикалды ағым желісіне түсіп қалған…
Бақытымызға орай, соңғы үш жылдың ішінде көптеген қазақстандық студент шетелдік теологиялық мекемелерден отанға қайтарылды. Бүгінде олардың көпшілігі жұмысқа орналасты, заңсыз насихаттауды тоқтатып, сәләфизм идеологиясынан бас тартып, толерантты ханафи мазхабын қабылдады. Аймақтардағы менің әріптестерім мен өкілетті министрлік шынымен үлкен жұмыс атқарды.
— Адепттердің өз көшбасшыларына басыбайлы байланып қалғанын қалай түсіндіруге болады?
— Қарапайым адепттер де дұрыс емес жолда жүргенін түсіне бастады, бірақ псевдосалафизмнен бас тарту жөнінде шешім қабылдауға әрқайсысының батылы жете бермейді. Кейбіреулері өзінің ортасының өзі туралы пікірін өзгертуден қорқады, басқалары пайда табу үшін сыртқы атрибуттарды ұстанады. Мұндай мысалдар өте көп. Бірақ, әр жолы мен олардың ешқайсысында діни білім жоқ екеніне көз жеткізіп отырамын. Яғни, көп жағдайда халықтың деструктивті қозғалыстарға тартылуының себебі, ал, содан кейін оларды тастап кетуді қаламаудың себебі – әдеттегі діни сауатсыздығы болып табылады.
Әрине, интернет-уағыздаушылар өздерінің көшбасшылық қасиеттерінің, харизмасының және адам психикасына әсер ете алатын сирек қабілетінің арқасында адамдардың құрметіне ие болып, оларды толығымен өз еркіне бағындырып алады.
Біз өз жұмысымызда харизматикалық көшбасшылармен жиі бетпе-бет келеміз. Олардың ізбасарлары айтылған сөздерін ешбір күмәнсіз қабылдап, соқыр адамша соңдарынан еріп жүреді. Біздің барлық «салафиттер» оларға сөзсіз бағынады. Нәтижесінде табыну негізінде тұйық шеңбер қалыптасты. Менің тәжірибемде мынадай жағдай болды: Мәдинадан «бұл мүшриктермен ойнамау керек» деген пәтуа түскендіктен, олар мешіт ұйымдастырған футбол ойынына келмеді. Яғни, мұндай ұсақ-түйек себептер бойынша да оларға нақты нұсқаулар беріледі.
Псевдосалафиттердың көшбасшыларында басқа да көптеген жалған діни қозғалыстардың көшбасшыларына тән харизматтың жекелеген жинағы бар. Оған нарциссизм, мақсаткерлік пен тіке мінез-құлық сипаты кіреді. Сондай-ақ, олардың тәуелсіздігі, әрдайым тәуекелге дайын болғандығы, экспрессивтілігі, театралдылығы, драмалықтығы, символдар мен өз идеяларына фанатикалық түрде берілуі, ойларының үстірттігі, логикаға сәйкессіздігі және тағы бірқатар діни қасиеттерге жатпайтын ерекшеліктері кіреді.
— Шынында да, интернет-форумдарда псевдосалафиттер өздерінің кумирлерін мінсіз деп есептеп, оларды барынша қорғайды. Бұл жерде мәселе олардың харизмасы мен көшбасшылық қасиеттерінде ғана емес болар. Белгілі бір психологиялық әсер ету әдістері қолданылуы да ықтимал…
— Одан да артығын айтайын: олар осы көшбасшылардың отбасыларын қамтамасыз етуге, қылмыстық процесс шеңберінде адвокаттық және өзге де қызметтерге ақы төлеуге көптеген ақша жұмсауға дайын. Шын мәнінде, барлық қаржылық шығындар қатардағы жақтаушылардың иығына артылады.
Осындай деструктивті топтарда харизматикалық көшбасшылықтың пайда болу теориясын жаңа діни қозғалыстардың (ЖДҚ) зерттеушісі Арчи Смит қарады. Оның айтуынша, бастапқы кезеңде көшбасшы өзінің ізбасарларына тым күрделі емес және терең әзірленбеген идеялардың, мінез-құлық нормалары мен ережелерінің жиынтығын береді. Атап айтқанда, олардың миына білімді имамдардан алмай, «білгіш ағайындылардан», яғни, жалған уағызшылардан алу қажет деген ұгым енгізіледі. Яғни, «білгіш аға» деген сөзге психологиялық тіркеу жасалады…
Ізбасарлары өздерінің көшбасшысы белгілеген қарым-қатынасқа үйреніп жатқан кезде, ол бірте-бірте өз талаптарын күшейтеді, оқуды қиындатады, ережелерді қатаңдатады. Оның жаңалықтарын оқушылар қабылдап, қолдайтынын көргенде, ол олардың «дұрыстығына», ал бір мезгілде өзінің «таңдаулы» екендігіне де сене түседі. Нәтижесінде ол өзін тіпті «ақиқат иесі» деп жариялауға да дайын, ал топтың мүшелері өздерінің тәуелділігі мен бағыныштылығын мойындай отырып, оны үнсіз қабылдап, толығымен келіседі. Бұл ұзақ уақыт бойы және іс жүзінде толық сезілмей жалғаса береді. Шын мәнінде, көшбасшы өзі жасаған бейненің қыспауына түседі – ол бір мезгілде өз қиялының жаратушысы да, құрбаны да болады.
Мұндай қарапайым схема бойынша біздің елімізде барлық псевдосалафиттік жамағаттар дамыған. Көшбасшыға сөзсіз бағыну оларда харизматикалық табынуларға ұқсайды (техникасы да, тәсілдері де сондай). Олар басқарылатын адамдардың тұйық шеңберіне айналып, енді одан өздігінен шыға алмайды.
— Жалған салафиттік жамағаттардың қандай ерекшеліктерін атап өте аласыз?
— Олардың көшбасшылығы топтық сипатқа ие. Жоғарыда мен рухани көшбасшылар туралы, яғни «білімі» бар адамдар туралы айтқанмын. Олар жалғыз өздері ғана ештеңе істей алмайды, сондықтан олардың жанында міндетті түрде ұйымдастырушылық қасиеттері бар көшбасшы, барлығы үшін төлей алатын демеуші-көшбасшы, спортшы-көшбасшы, криминалдық өткені баркөшбасшы, компьютерлік технологиялар жөніндегі маман және т.б. Бұл аймақтың ерекшелігіне байланысты кем дегенде 45 адамнан тұратын стандартты жиынтық.
Бір ерекшелігі, бұл топтардың ішінде нақты иерархия мен бағыну орын алады. Шын мәнінде, тек белгілі бір уақытқа дейін. Рухани көшбасшыларды тұтқындағаннан кейін осы топтардың барлығы бірден ыдырады, ал, олардың қатысушылары қылмыстық жазадан құтылу үшін өз басшыларынан біржолата бас тартты.
Бұл 1990-шы жылдары әрекет еткен қылмыстық топтардың құрылымына қатты ұқсайды, сол кезде бандит немесе рэкетир болу сәнді болған еді. Бұл жерде де дәл солай – «салафит» болу, яғни, барлық адамдар сияқты емес болу сәнді. Дегенмен, бұл еліктеу әсері өз әлеуетін сарқып үлгерді. Қайта бағдарлауға және қайта ойлануға уақыт келді.
— Жалған салафиттік жамағаттарды оңалтуда қандай қиындықтарға тап болуыңызға тура келді?
— Статистикалық көрсеткіштердің соныңа түсеміз деп, біз көбінде мұндай адамдарды оңалту процесінің тереңдігі мен сапасы туралы ұмытамыз. Ал, егер олардың дүниетанымы, ақидасы туралы айтсақ, бұл өте маңызды. Қазір «салафиттер» көбінесе намаз оқып, Абу Ханифаның мазхабын ұстанады, сонымен қатар біздің іс-шараларға бейімделуге тырысады. Алайда, олардың діни сенімінің өзгеруіне келер болсақ, біз мұнда бірқатар қиындықтарды бастан өткереміз. Өйткені, бізге адам санасымен жұмыс істеуге тура келеді, ал бұл – өте күрделі материал.
Жеке әңгіме барысында олардың бірі былай деді: «Менің жүрегімді суырып алсаңдар ғана менің ақидамды жоясыз».
Біз өз жұмысымызда барынша ұстамды және сыпайы болуымыз қажет, оларды қорлауға, қысым көрсетуге жол бермеуге тиіспіз. Егер біз осы санаттағы адамдарға араздық немесе дұшпандық танытатын болсақ, онда өзіміз де олар тәрізді боламыз…
Тіпті қазір сұхбат бере отырып, мен сенушілердің кейбір бөлігіне түсініксіз болудан қорқамын, өйткені, оларға сенім туралы жалған ұғымдардан құтылу қиын. Мен айтып өткендей, діни сезімдер – өте нәзік материя, оның жұмысында мүдделер тепе-теңдігін сақтау қажет.
Біздің жұмысымызға қиындық тудыратын бір жәйт, псевдосалафиттердің көшбасшылары 30-дан 45 жасқа дейінгі тұлғалар. Олар іргелі діни білімісіз қатардағы ізбасарларынан ерекшеленеді, өйткені ,псевдосалафизмді тереңдетіп зерттеген және теология жөнінде кез-келген, тіпті, ең жоғары білімді имамдарына тойтарыс беруге дайын. Бұл жағдайда психологтың жұмысы, әрине, оларды оңалтуда үлкен демеу болуы ықтимал.
Алайда, толық оңалту туралы айту мүмкін емес. Әңгіме олардың қазақстандық шындықта өмірге бейімделу жөнінде болып тұр. Әрине, бұл – менің өзімнің жұмыс тәжірибеме негізделген субъективті пікірім.
— Кейбір адепттер өз басшыларының әрекеттерін ақтауды әлі де жалғастыруда. Оларды кері сенімге қалай аударуға болады?
— Иә, кейбіреулер оларды дінге берілгені үшін және өз идеялары үшін зардап шегіп, әділетсіздікке тап болған деп санайды. Біздің міндетіміз – оларға шындықты жеткізіп, олардың тұманданған саналарын ақылға салу. Бәшпаев, Махаматов және басқалар біздің жастарды жалған діни ағымдарға тартқаны үшін, оларға өз ағымын басқалардан артық деп насихаттағаны үшін, оларды мемлекетке, имамдарға, ата-аналарына және өз халқының салт-дәстүрлеріне қарсы агрессивті түрде баптағаны үшін лайықты жаза алуы тиіс. Олардың ар-ожданын жүздеп, тіпті, мыңдаған адамның бұзылған өмірлері, балаларын жоғалтқан аналардың көз жасы мазалайтыны анық.
Менің ойымша, көшбасшыларды тұтқындау қалғандары үшін сабақ болады. Қазақстанның қатардағы жалған сәләфиттері ес-ақылын жинап, жойқын идеологиядан бас тартып, қалыпты қоғамға оралып, өз балаларын ұлттық дәстүрлерге тәрбиелеу және туған елдің игілігі үшін жұмыс істеуі керек. Олар ақыр соңында, ұзақ жылдар дінде емес, біздің мемлекетіміздің тұрақтарын бұзу үшін құрылған саяси қозғалыста болғанын түсінуі тиіс. Олар жасанды кумирлердің соңынан соқыр адамша жүруден бас тартып, құмарлықта және интернеттік дау-дамайда өмір сүруді тоқтатып, имамдарға жала жабу әрекеттерін доғаруы керек.
Біздің адасқан бауырларымыз жалған сәләфиттер болмай, жаратқан Алла тағалаға табынатын шынайы Құдайға құлшылық ететін және мейірімді мұсылман болуларына тілектеспін.
Дереккөз: camonitor.kz