Әңгіме: Міржақып Дулатұлы | Ішік хайырлы болсын
— Айтсын.
— Қаншаға алдыңыз?
— Күйіп тұр екен ғой, 350 сом…Ұмсындыққа киім-кешек алайын деп едім, оны Мәскеуден алғалы тұрмын.
— Ішігіңіз қымбат емес, мен мынаны 150-ге алдым, — деп, Тоқыш үстіндегі пальтосын көрсетті.
— Ой, шырағым-ай! Жұрт жарықтық арқасында бір бүтінденіп қалалықта.
Тоқыш күлімсіреп:
— Сіз әлі жұрт арқасында киініп қалалық деп отырсыз, осындағы газетші қулардың сөзін естідіңіз бе? Олар бізді кінәраттап жатыр, жұрттан көп ақша жинап алып, өз пайдаларына жұмсап жүр, 1 бір тиындық бітірген ісі жоқ, дейді.
— Е-е-е! Біз біреуден тартып алыппыз ба, жұрт өзі берген соң шариғат бойынша да, бізге газетші-мазетшінің сөзі керек емес, үйі-басы 2-3 сомнан ел кедей болмас…
— Сонда да, хажы-еке, олар Жорықбай ақсақалды ұялтып тастапты…
— Шіркіннің ұялшағын қарашы, не былшылдайсың, сенің ақшаң емес қой десе болмап па?
— Жорекең жарықтық жуас кісі ғой, үндемейді, сонда да соншама ақшаны қайда жұмсадыңдар десе, елге не дейсің? Аналар жұртқа жариялайтын көрінеді.
— Шырағым, Тоқыш-жан, сен әлі баласың ғой, біз мұндайды көп көргеміз, оның не қысылатыны бар: адвокатқа бердік дерміз, переводчик, чиновниктерге бердік дейміз, ретін таппаймыз ба… дей бергенде нөмірге газетте қызмет ететін бір жігіт, сәлем беріп кіріп келді.
Хажы әфенді жалма-жан ішіктің үстіне шапанын іле салып, тасбихын тартқан болып отыра қалды.