Қазақ баласы Қырғызстанда ажал құшты
Қазақстандық 12 жасар бала Қаракөл шаңғы базасындағы трассамен сырғану кезінде ажал құшты. Аталған шаңғы базасы тау баурайында орналасқан.
12 қаңтар күні сағат күндізгі үш шамасында полицияға таудан шаңғымен сырғанаған жасөспірім шыршаға соғылып, сол жерде қайтыс болды деген хабарлама келіп түсті.
Қазір қайғылы оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Марқұмның денесі базадан облыстық ауруханаға сот-медициналық сараптамасын жүргізу үшін жеткізлді.