Әлемде терроризм құрбандарының саны үш жылда екі есеге кеміген

0
05 Желтоқсан 2018, 11:58 185 0

Алматы, BAQ.KZ. Терроризм құрбандарының саны 2014 жылғымен салыстырғанда 44% кеміген, 2017 жылдың қорытындысы бойынаша бұл көрсеткіш 18,8 мың адамды құраған. Бұл жайында Лондондағы Экономика және бейбітшілік институтында «Жаһандық терроризмнің индексі» баяндамасында айтылды, жеп жазады ТАСС.

Баяндама авторларының мәліметінше, террористер қолынан қаза табатын адамдар саны осымен үшінші жыл төмендеп келеді. Оған басты себептің бірі ретінде Ирек пен Сириядағы ДАИШ содырлары күшінің әлсіреуін мысалға келтіреді. Сирияда лаңкестердің қолынан қаза тапқан адамдар саны бір жыл ішінде екі есеге азайған. Бұл көрсеткіш 2017 жылы – 1,1 мың адамды құраса, 2016 жылы – 2,1 мың, 2015 жылы – 2,7 мың адамды құраған. Иракта 2017 жылы 4,5 мың адам лаңкестердің құрбаны болған, одан бір жыл бұрын 9,8 мың адам көз жұмған.

«Сириядағы көрсеткішті біз ондағы ДАИШ-қа қарсы сәтті жүргізілген операциялармен байланыстырудамыз және бұл қарқын өз жалғасын табады деген ойдамыз. ДАИШ көп аймағынан айрылып, қаржыландыру көздерінен де қағылуда. 2017 жылы ДАИШ белсенді террористік топтың бірі болып қалған еді, сондай-ақ екінші орында тұрған «Джебхат ан-Нусра» тобы да көп шабуыл жасауда», -дейді Экономика және бейбітшілік институтының негізін қалаушы кәсіпкер Стив Киллелеа.

Оның айтуынша, лаңкестік топтар жойылғанымен, оның орнына жаңа бір топ пайда болып отырады.

«Террозимнің келбеті өзгермелі. Кейбір топтар құрып кетеді, алайда үнемі жаңасы пайда болып отырады. Біздің санағымыз бойынша 2017 жылы әлемде адам өліміне әкелген терактілерді 169 топ іске асырған, оның 42-сі жаңа ұйымдар», -дейді Киллелеа.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Дереккөз: BAQ.KZ