«Не көрінді? Дүниеге қызықтың ба?». 17 жастағы қазақ қызы 70-тегі шалға тимек болған
Көптеген жетім баланы бауырына басып, болашағын құруға жағдай жасап отырған Әмина ханым басынан өткен оқиғасын бөлісті. Бірде 17 жастағы қыз 70 жастағы шалға байлығына қызығып тимек болған екен.
«70 жастағы шал келді. 17 жастағы қыз «тиемін» деп отыр. Не көрінді сол қызға? Содан кейін қызды шақырып алып «Ананың балалары бар, немерелері бар. Дүниесіне қызығып отырсың ба? Ертең ана шал өлсе, түксіз қаласың. Сол кезде ауылға қай бетіңмен келесің? 50-55-тегі қатын емессің. Шындық сол» дедім. Кейін ол шалға барып «Әмина апай сіз шыққан соң «Шалға тимеңіз» деп айтыпты. Сол кісімен әлі күнге дейін амандаспаймын. Амандаспаса әрмен қалсын», — деді Әмина ханым.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бұл оқиға желі қолданушыларын бей-жай қалдырмады. Көпшілігі байлықтың бақытты алмастыра алмайтынын сөз етті. Арасында «Қазір 20 жастағы жігіттен 70 жастағы шал артық. Жағдайын жасаса болды емес пе?» деп қыздың әрекетін қоштап сөйлегендер де болды.