Қазақстанда енді күн жылы болады
Синоптиктер Қазақстанда демалыс күндері күн жылы болады деп болжады. Еліміздің оңтүстік өңірлерінде ауа температурасы көтеріледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК орталығы хабарлады.
Метеорологтардың мәліметінше, Қазақстан аумағының басым бөлігіне циклон жырасы әсер етеді.
«Осыған байланысты еліміздің оңтүстік өңірлерінде ауа температурасының оң көрсеткіштерге дейін көтерілуі күтіледі. Республиканың басым бөлігінде жаяу бұрқасынмен қар жауады, оңтүстікте жауын-шашын болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, жел күшейеді», — делінген хабарламада.