Аграралық өндірістің әлеуметтік-экономикалық мәні
АННОТАЦИЯ
Курстық жұмыс қазіргі таңда өзекті болып табылатын тақырыптың біріне арналған. Сондықтан бұл жұмыста Қазақстан Республикасының 2030 стратегиясының басты мақсаттары мен ерекшеліктері, Аграралық өндірістің әлеуметтік-экономикалық мәні және Қазақстанның агроэнеркәсіптік кешенін нарықтық қатынастарға көшірудің негізгі бағыттары, Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені және оның реформалау мен нарықтық қатынастарға көшу кезеңіндегі негізгі бағыттары сияқты негізгі проблемалар қарастырылған.
Жалпы жұмыс 36 коипьютерлік бетте теріліп, оның ішінде 1 кесте, 2 схема және 23 әдебиеттер тізімімен қамтылған.
Мазмұны
Кіріспе………………………………………………………………………………………….
І. Қазақстан Республикасының 2030 стратегиясының басты
мақсаттары мен ерекшеліктері
1.1 Үкімет бағдарламасының мақсаты мен басым міндеттері…………………..
1.2 Ұзақ мерзімді басым мақсаттар мен оларды іске асыру
стратегиялары………………………………………………………………………………………..
ІІ. Аграралық өндірістің әлеуметтік-экономикалық мәні
және Қазақстанның агроэнеркәсіптік кешенін нарықтық
қатынастарға көшірудің негізгі бағыттары
2.1 Қазақстанның ауылшаруашылық аймақтары…………………………………….
2.2 Аграрлық өндірістің әлеуметтік-экономикалық және табиғи-
биологиялық ерекшеліктері……………………………………………………………………
2.3 Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені және оның
реформалау мен нарықтық қатынастарға көшу кезеңіндегі негізгі
бағыттары………………………………………………………………………………………………
Қорытынды …………………………………………………………………………………………….
Пайдаланған әдебиеттер………………………………………………………………………..
Кіріспе
Өзіміздің басым мақсаттарымызды дұрыс айқындап, тиісті стратегияларымызға таңдау жасап, осы жолмен жүру үстінде ерік-жігер мен төзімділік таныта отырып, біз өзімізді бұралаң – бұрылысты сенделістерден, күш-қуатымызды, уақытымыз бен ресурстарымызды жөнсіз зая кетіруден сақтандыруымыз қажет.
Мықты стратегияға ие болып әрі табандылық таныта отырып, біз жолымызда кездесер кез-келген күрделі кедергілерді абыроймен еңсере аламыз.
Біз бүгінгі кезеңнің міндеттерінен өзге біздің ұрпақтың келер ұрпақтар алдында орасан зор жауапкершілік жүгін арқалайтынын: әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелері алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте ұстауға тиіспіз.
Біз өз балаларымыз бен немерелерімізді сонау алыс болашақта, олар үлкен жасқа жеткенде қандай күйде көргіміз келеді?
Олар әл-ауқатты өмір сүре ме, тоғайған, дендері сау әрі білімді — білікті бола ала ма?
Олар жақсы әрі азат қоғамда өмір сүре ме?
Олар бейбіт татулықта өмір сүре ме?
Олар өз қауіпсіздігі мен балаларының қауіпсіздігі үшін алаңсыз бола ала ма, көшелермен емін-еркін жүріп, өз дүние-мүлкі үшін қауіптенбес болар ма?
Біз оларға қуатты мемлекет пен өзіміздің жақын және алыс көршілерімізбен достық қарым-қатынасымызды мұра етіп қалдыра аламыз ба?
Біз осынау қарапайым, брақ маңызды сұрақтарға бүгіннің өзінде жауап беруге тиіспіз.
Қазақстан жаңа мемлекет ретінде көптеген империялардың: Оттоман, Австро-Венгрия, ал мүлде таяуда – Кеңес Одағының жан тәсілім еткенін көрген дәуірде дүниеге келді.
Біз жаңа мемлекетті, жаңа нарықтық экономика мен жаңа демократияны көптеген өзге де жас тәуелсіз мемлекеттер осы тәрізді жолды басынан кешіп те үлгерген уақытта құру үстіндеміз.
Біз қуатты сыртқы күштер келешегімізді айқындауда сөзсіз елеулі роль атқаратын күннен-күнге өсе түскен ауқымдану мен ұлғайып келе жатқан өзара тәуелділік дәуірінде өмір сүріп жатырмыз.
Егер біз өз ниетімізді байсалды ұстансақ және пайымды да парасатты болсақ, өз дамуымыздың ішкі және сыртқы факторларын бүкпесіз талдап-таразылауға қабілетті болсақ, онда біздің жалпы топтасуымыз, өз тарихымыз бен ерекше жағдайларымыз негізінде дұрыс жолды таңдап алу мүмкіндігімі де бар.
Сол үшін басқа елдердің тәжірибесін зерделей алсақ та әрі солай етуге тиісті болсақ та және халықаралық қоғамдастықтағы қолайлы үрдістерді пайдалана алсақ та, егде жасқа жеткенде балаларымыз бен немерелеріміз мақтан ете алар Қазақстанды құру жөніндегі үмітіміз бен арманымызды іске асыру үшін қажетті осынау орасан зор жұмысты өзге ешкім де емес, тек біздің өзіміз ғана игере аламыз.
Неліктен нақ бүгінгі таңда біздің алдымызда осы міндет тұр?
Өйткені, кеше біз бұған даяр емес едік, тәжірибеміз бен біліктілігіміз жетіспеді, жағдай, ересен тұрақсыздық пен тұрлаусыздық мүмкіндік бермеді. Міндеттің өзі де басқа болатын. Алдыңғы кезеңнің күллі мәні мынаған: басталып кеткен аласапыран өтпелі кезеңнің буырқанған жағдайында дербес мемлекет ретінде табан тіреп қалуға келіп сайды. Көптеген көріпкелдер біз сәтсіздікке ұшыраймыз және де мемлекет құрылысының, қоғамдық және экономикалық қайта құрудың бұрын-соңды болмаған міндеттерін игере алмаймыз деп сәуегейлік еткен-ді.
Қазір біз тұрақтану кезеңіне өтудеміз. Ең өзекті және маңызды міндеттерімізді шешуде қол жеткізген табысымыз бізге жан-жағымызға үңіле зер тастауға, өткен жолымызды таразылауға әрі болашаққа батылырақ көз салуға, алдағы дамуымыз туралы ойлауға, өз жоспарларымызды түзуге мүмкіндік береді.
Біздің алға қарай тұрақты жылжуымыздың басты шарты – біздің қоғамымыздың алға қойылған мақсаттарға қол жеткізудегі біртұтастығы, халықтың барлық жіктері мен топтарының ортақ міндеттерді шешуге бағытталған стратегия айналасында топтасуы. Егер біз қоғам мен халықтың түрлі топтарының қажеттіліктерін дұрыс ескеруге, басымдықтарды дәл айқындап, олардың іске асырылуын қамтамасыз етуге қабілетті болсақ, онда бұл ақиқатқа айналады. Мұны мемлекеттің, халықтың жекелеген топтарымен және жекеше сектормен ынтымақтастығы негізінде іске асыру қажет.
Курстық жұмыс барысында еліміздің алға қойған экономикалық, қауіпсіздік, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік және тағы басқа бағыттары бойынша актуалды мәселелер қамтылып, осы шараларды жүзеге асыру үшін Қазақстанның 2030-шы жылға арналған ұзақ мерзімді даму стратегиясы қалыптастырылып, оны жүзеге асыру талабы қойылды. Сондықтан курстық жұмыс осындай елеулі жұмысқа арналды.
І. Қазақстан Республикасының 2030 стратегиясының басты мақсаттары мен ерекшеліктері
1.1 Үкімет бағдарламасының мақсаты мен басым міндеттері
Үкімет 2002-2004 жылдарға арналған басты мақсат ретінде қоғамдық –саяси тұрақтылық, тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму, экономиканың теңдестірілуі деңгейін арттыру, капитал қозғалысын жандандыру, экономикалық қауіпсіздікті нығайту, жүйелік қатерлерді азайту, халықаралық ынтымақтастықты дамыту, ғаламдық және аймақтық деңгейлерде қауіпсіздік пен тұрақтылыққа, қауіп-қатерлерге қарсы тұру әзірлігі негізінде халықтың тұрмыс-деңгейінің өсуі деп айқындайды.
Үкімет қоғамды одан әрі демократияландыру, заңдылық пен құқық тәртібін нығайту, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау мәселелеріне зор назар аударатын болады.
Басым міндеттер ретінде мыналар айқындалды:
- Ел халқының әл-ауқатын жақсарту және оны одан әрі өсіру үшін алғы шарттар жасау.
- Жаңа, қазіргі заманғы өндірістер құру, неғұрлым жоғары техникалық-технологиялық деңгейге шығу.
- Олардың функцияларын, өкілеттіктері мен жауапкершіліктерін жіті айқындап, мемлекеттік басқару органдары жұмысының тиімділігін арттыру.
- Әлеуметтік-экономикалық процестер мен сыртқы факторлардың өзгеруіне бара-бар ден қоюды қоса алғанда, экономиканы мемлекеттік реттеудің тетіктерін жасау.
Мақсаттар мен орта мерзімді басымдылықтарға қол жеткізу Үкімет пен Ұлттық Банктен:
елдің қаржы және бюджет жүйелерінің теңдестірілуі мен тұрақтылығын;
халықтың тұрмыс деңгейі өсуі, кедейлік пен жұмыссыздықтың азайтылуы негізінде ішкі сұранысты арттыру;
рыноктарды құрылымдаудағы Үкіметтің ролін арттыру;
экономиканың барлық саласының рентабельді жұмыс істеуін;
бірінші кезекте өнеркәсіптің шикізаттық емес салаларында тауарлардың бәсекелестік қабілетін көтеру мақсатында жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық жаңартуды;
ауылшаруашылығының өнімділігін елеулі түрде арттыруды, ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу және өткізу жөніндегі бәскеге қабілетті өндірістерді дамытуды;
мердігерлік жұмыстар рыногын құруды, қазіргі заманғы құрылыс кешенін және құрылыс материалдары мен құрастырмалары өнеркәсібін дамытуды;
қызмет көрсету саласын кеңейтуді және оның бәсекелестік қабілетін көтеруді;
экономиканың барлық деңгейі үшін сапалы жаңа басқару инженерлік-техникалық және жұмысшы кадрларды даярлауды;
экономиканың басым секторларына инвестициялар құйылуын ынталандыруды, инфрақұрылымды дамытуға және экономиканың өндірістік құрылымын жетілдіруге жұсмсалатын мемлекеттік инвестициялық ресурстарды тиімді пайдалануды;
аймақтар экономикасын теңдестіре дамытуды қамтамасыз ететін экономикалық, фискалдық және заңнамалық жағдайлар жасауға бағытталған міндеттерді шешуді талап етеді.
Бағдарламаның негізгі бағыттары Қазақстан Республикасы дамуының 2010- жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық жоспарының негізінде әзірленді және Қазақстанның 2030-жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыруға нысана алынды. Таяу кезеңдегі бірінші кезектегі міндеттер Мемлекет басшысын 2001-жылғы 16 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған салтанатты жиналыста, сондай-ақ, 2002-жылғы 25 қаңтардағы облыстардың әкімдерінің кеңесінде Үкіметке берген тапсырмаларынан туындайды.
Бірінші. Индустрия салаларында жаңа қайта бөлістер мен өндірістерді дамыту үшін жағдай жасау.
Екінші. Инфрақұрылымды және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін өндірістерді озыңқы дамыту.
Үшінші. Әлеуметтік саясатты жетілдіру.
Төртінші. Еуразиялық экономикалық қоғамдастық (ЕурАзЭҚ), «Орталық Азиялық ынтымақтастық» (ОАЫ) ұйымы, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД), Шанхай Ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ), Экономикалық ынтымақтастық ұйымы (ЭЫҰ) шеңберінде экономикалық ықпалдастықты тереңдету.
Бесінші. Халықтың ден саулығы, жай-күйін жақсарту, салауатты өмір салтын насихаттау.
Экономиканы қарышты өсірудің резервтері мыналар болып табылады:
Бірінші. Отандық шағын және орта бизнестің серпінді өсуі.
Екінші. Мұнай-газ секторын тиімді пайдалану, 2001-ші жылы КТК құбыр өткізгішінің іске қосылуына, Қарашығанақ мұнай конденсаты кен орнының игерілуіне байланысты мұнайды экспорттау жөніндегі елдің экспорттық мүмкіндіктерін ұлғайту.
Үшінші. Метоллургия, химия және мұнай химиясы салаларында жаңа тезнологиялық қайта бөлістер мен өндірістер құру, экспорт құрылымын жақсарту.
Төртінші. Қаржы секторын дамытудың жаңа сапалық деңгейі.
Бесінші. Экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылымды үдемелі әрі теңдестіре дамыту, ішкі сұранысты және бәсекеге қабілетті тауарлар мен қызметтер көрсетудің бара-бар ұсыныстарын дамыту.
Үкімет орта мерзімді кезеңде мынадай мақсатты индикаторларға қол жеткізуді қамтамасыз етуге ниеттенуде:
2004 –шы жылы ішкі жалпы өнімнің өсуін 2001-ші жылмен салыстырғанда 18-20 пайызға жеткізіп, оның орташа жылдық нақты өсуін 5-7 пайызға жеткізу;
2004 жылғы халықтың жан басына шаққанда ішкі жалпы өнімнің деңгейін 1600-1700 АҚШ долларына баламалы сомаға дейін жеткізу;
инфляция деңгейі 2002 жылы 5-7 пайыз, 2003 және 2004 жылдары 4-6 пайыз;
өнеркәсіптік өндірістің орташа жылдық өсуі -8-10 пайыз;
табысы ең төменгі күн көрістен аз халықтың үлесін 20-25 пайызға дейін азайту болып табылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің: «Жаңа Үкімет салиқалы әрі нақты істің Үкіметі болуға тиіс» деген сөзін Үкімет ұран ретінде толық қабыл алады.
Мақсаттары:
Үкімет аппараты қызметін ұйымдастыруда жүйелі көзқарас қалыптастыру, оның жұмысын икемді, тиімді және ретті ету, ведомствоаралық өзара іс-қимыл мен үйлестіруді күшейту.
Қоғамда мемлекеттік қызметтің беделін көтеру және лауазымдар жіктемесін мемлекеттік қызметшілерге еңбек ақы төлеу жүйесін жетілдіру.
Алғышарттар:
Мемлекеттік қызметті өркениетті нормативтік құқықтық қамтамасыз етудің базалық негіздері әзірленді және енгізілді. Мемлекеттік қызметтің жаңа моделі жұмыс істеуде.
Мемлекеттік басқару ограндарының қызметінде қысқа, орта және ұзақ мерзімді жоспарлау қағидаттары енгізілді. «Қазақстан -2030» стратегиясында айқындалған басымдықтар бойынша Қазақстан Республикасы дамуының 2010-шы жылға дейінгі стратегиялық жоспары әзірленді. Облыстарды, Астана және Алматы қалалары дамуының стратегиялық жоспарлары әзірленді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде тиісті заң және бірқатар нормативтік құқықтық актілер қабылданды.
Шешу жолдары:
Ел Үкіметінің жұмысын ұйымдастырудың тетігін жетілдіру міндеті алда тұр. Оның барлық құрылымдық элементтері қызметінің өлшемдері — нақты басшының тұлғасына тәуелді болмай, жалпы мемлекеттік саясаттың мақсаттарына сәйкестігі, аппарат жұмысының тұрақтылығы жолға қойылуы, жауапкершілігі және оның жұмысының нәтижелілігі болуы тиіс. Осы мақсатта Үкіметтің орталық атқарушы органдардың ішкі құрылымын бекітуінің, олардың жетекші құрылымдық бөлімшелері санының нормативтерін белгілеуінің орындылығы қаралады. Үкімет құрылымын жетілдірудің үздіксіз процесі қайталау мен төрешілдік былықты болдырмайтын жіті айқындалған, біркелкі әрі теңдестірілген функциялары бар түпкілікті сұлбасын сызуы тиіс.
Мемлекеттік органдардың штат саны олар орындайтын функциялардың саны мен сапасына қарай белгіленеді. Бұл ретте мемлекеттік органдардың кадрлық құрамы кәсіби деңгейіне, біліктілігі мен тәжірибесіне қойылатын жаңа талаптарға сай келуі және тиісті материалдық-тезникалық әрі қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілуі тиіс.
Орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін реттеу негізгі міндетін орындаудағы тиімділігін арттыруға және ең бірінші кезекте, түпкі нәтижеге бағдарлануына бағытталады.
Олардың Құзыретіне енетін мәселелерді бірлесіп шешуі үшін министрліктердің, агенттіктердің және ведомстволардың іс-қимылын үйлестіру күшейтіледі.
Мемлекеттік басқару деңгейлері арасында және олардың ішінде мемлекеттік функциялар мен өкілеттіктерді тиімді бөлуді заң жүзінде бекіту.
Әрбір деңгейдегі мемлекеттік басқаруды құрайтын ұйымдастырушылық құқықтық және экономикалық бөліктерінің теңдестірілуіне қол жеткізу.
Алғышарттар:
«Бюджет жүйесі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туарыл» Заңдарды қамтитын мемлекеттік басқару және биліктің барлық деңгейінің өзара іс-қимыл жасауының жүйесін одан әрі жетілдіру үшін база жасалады. Азаматтық кодекске билік деңгейлеріне өкілеттіктерді және мемлекеттік функцияларды орындау жөніндегі жағдай жасаған өзгерістер енгізілді.
Әкімшілік-бюджет реформасы шеңберінде экономикаға орынсыз араласуды шектеу, олардың әрқайсысына тиісті кіріс көздерін бекітумен бірге биліктің барлық деңгейі арасында өкілеттіктерді ажырату жөніндегі жұмыс басталды. Мемлекеттік секторға қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар арасында бюджет саласының шекарасы ажыратылады.
Нарық экономикасы жағдайында мемлекеттік басқару секторының фунцияларына және бірінші кезекте, республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаттары есебінен қаржыландыратын ұйымдардың функцичларына талдау жүргізіледі.
Шешу жолдары:
Мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді ажырату және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру мәселелері жөніндегі комиссия жұмысының нәтижелері бойынша 2002 жылы мемлекеттік функцияларды одан әрі оңтайландыру және ең алдымен облыс-аудан деңгейіндегі мемлекеттік басқару деңгейлері арасында оларды тиімді бөлу, мемлекеттк аппараттың оңтайлы құрылымын белгілеу жөнінде ұсыныстар әзірленеді.
Құрылымдық бөлімшелердің тиісті штат саны және басқарудың әрбір деңгейін қаржылық қамтамасыз ету кезінде әрьір мемлекеттік органның функцияларды іске асырудың тиімділігіне талдау жүргізіледі. Басқарудың төмендегі деңгейлеріне берілетін функцияларды таңдау кезінде тиісті деңгейінде табысты іске асыру үшін қажетті мүмкіндіктер мен ресурстарды ақиқатты бағалау жүргізіледі.
Кең ауқымды жекешелендіруден мемлекеттік активтерді тиімді басқаруға көшу және экономиканың стратегиялық маңызды салаларын дамытуды реттеу мүмкіндігін сақтау, мемлекеттік активтерді есепке алу жүйесін жетілдіру.
1.2 Ұзақ мерзімді басым мақсаттар мен оларды
іске асыру стратегиялары
Біздің еліміз жоғарыда аталғанперспективаларға қол жеткізуі үшін мынындай ұзақ мерзімді жеті басымдылықты іске асыру қажет:
- Ұлттық қауіпсіздік. Аумақтық тұтастығын толық сақтай отырып, Қазақстанның тәуелсіз егемен мемлекет ретінде дамуын қамтамасыз ету.
- Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы. Қазақстанның бүгін және алдағы ондаған жылдар ішінде ұлттық стратегияны жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ішкі саяси тұрақтылық пен ұлттық біртұтастықты сақтап, нығайта беру.
- Шет ел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу. Экономикалық өрлеудің нақтылы, тұрлаулы және барған сайын арта түсетін қарқынына қол жеткізу.
- Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты. Баолық қазақстандықтардың өмір сүру жағдайларын, денсаулығын, білімі мен мүмкіндіктерін ұдайы жақсарту, экологиялық ортаны жақсарту.
- Энергетика ресурстары. Мұнай мен газды өндіруді және экспорттауды қалыпты экономикалық өрлеу мен халықтың тұрмысын жақсартуға жәрдемдесетін табыс алу мақсатында жедел арттру жолымен Қазақстанның энергетикалық ресурстарын тиімді пайдалану.
- Инфрақұрылым. Әсіресе көлік және байланыс. Осы шешуші секторларды ұлттық қаіпсіздікті нығайтуға, саяси тұрақтылық пен экономикалық өрлеуге қабілетті Қазақстанның мемлекеттік қызметшілерінің ықпалды және осы заманғы корпусын жасақтау.
- Кәсіби мемлекет. Ісіне адал әрі біздің мақсаттарымызға қол жеткізуде халықтың өкілдері болуға қабілетті Қазақстанның мемлекеттік қызметшілерінің ықпалды және осы заманғы корпусын жасау.
Осы ұзақ мерзімді басымдықтардың әрқайсысы үшін біз бір жылдық, үш, ал кейінен бес жылдық жоспарларда белігленген нақты іс-қимылдарға күш-жігерімізді жұмылдыра отырып, біз стратегиямызды талдап жасауға және оны дәйкті түрде іске асыруға тиіспіз.
Осы ұзақ мерзімді басымдықтар мемлекет пен біздің азаматтарымыздың күш-жігерін жұмылдыру үшін қызмет етуге, еліміздің бюджеті мен кадр саясатын қалыптастыру кезінде өлшемдер негізіне алынуға тиіс.
Ұлттық қауіпсіздік.
Адамзат дамуының бүкіл тарихи тәжірибесі мен мемлекеттің алға басуы және тұрақты өсуі жүзеге асырылатын қажетті шарттардың бастауында оның ұлтының қауіпсіздігі мен мемлекеттігінің сақталуы тұрғанына куә. Бостандық пен тәуелсіздікті жеңіп алу жеткіліксіз. Оны табанды түрде қорғап, нығайтып, ұрпақтарға қалдыру қажет. Біздің ұрпақ еңсере алмай, өздеріне қалдырылған ауыртпалықтар, қиыншылықтар мен проблемелер үшін болашақ ұрпақ кешірер. Егер біз өз мемлекеттігімізден айрылып, егеменділігіміздің стратегиялық негіздерін, өз жерлеріміз бен ресурстарымызды қолымыздан шығарып алсақ, бізге кешірім жоқ. Әрине, болашақты бағамдаудың мұндай қисыны кез-келген ішкі және сыртқы жағдайларда ұзақ мерзімді кезеңге арналған Қазақстан саясатының стратегиялық бағыты үшін уақыты жағынан үздіксіз болуы керек. Бұл Қазақстанның 2030 жылға дейінгі дамуының бірінші стратегиялық басымдылығы болуға тиіс.
Қауіпсіздіктің басымдығы анық: егер еліміз қауіпсіздігін сақтамаса, онда тұрақты даму жоспарлары туралы сөз қозғауымыздың өзі қисынсыз. Бабаларымыздың өз мемлекетіміздің ірге тасын қалауы мен дамытуын шолып қарағанда, олардың өз мемлекеттігін сақтап қалуы үшін тарихи ауыр және қатал күрес жүргізгенін айқын көрсетеді. Осы стратегиялық міндеттің шешімін үнемі іздестіру қажеттігі бізден қалыптасып отырған жағдайды геостратегиялық күштермен және олардың өзгеру серпінімен теңдестіре байсалды әрі барабар бағалауды талап етеді.
Қазақстанның қазіргі кездегі және жақын болашақтағы ұлттық қауіпсіздігіне төнуі ықтимал қауіптің тікелей әскери басып кіру және мемлекеттің аумақтық тұтастығына қатер төндіру сипатында болмайтынын біз түсінеміз. Ресейдің де, Қытайдың да, Батыстың да және мұсылман елдерінің де бізге шабуыл жасауға итермелейтін сылтауы жоқ екені айдан анық. Бұл тыныштылық пен тұрақтылықтың болжап білуге болатындай қашықтығы Қазақстанның экономикалық әлеуетін тиімді нығайту үшін пайдалануға тиіс, соның негізінде біз ұлттық қауіпсіздіктің сенімді жүйесін құра аламыз.
Сондықтан, Қарулы Күштеріміздің құрылысы мен жаңартылуына, олардың кәсіби даярлығы жауынгерлік әзірлігінің деңгейіне және оларды қарудың осы заманғы құралдарымен жарақтандыруға зор басымдық берілетіні сөзсіз.
Қазақстан Республикасының қазіргі кезге сай әрі тиімді армиясын, әскери әуе және әскери теңіз күштерін құру үшін бізге материалдық бөлімді, жеке құрамды және оны оқыту жөніндегі жұмысты нығайту керек. Мұның өзі Қарулы Күштерге бөлінген және бұдан былай да бөлінетін бюджет қаражатын үнемді және тиімді жұмсауды тұрақты түрде талап етеді. Бұған қоса, аймақтық қорғаныс жүгін бөлісу үшін еліміз өз көршілерімен ынтымақтасатын болады.
Қауіпсіздік пен тұтастық мәселелерінде біз үнемі қырағы болуымыз тиіс. Біздің көрсетіп отырған және болашақта да көрсете беретін ізеттілігіміз бен меймандостығымыз тіпті де аңқаулық пен кіріптарлықтың көрінісі емес.
Ұлттық қауіпсіздік басымдылықтарының деңгейіне мықты демографиялық және көші-қон саясаты шығарылуы тиіс. Егер біздің мемлекеттік органдарымыз бұған бұрынғысынша немқұрайлықпен қарайтын болса, онда біз ХХІ ғасырдың қарсаңында Ресейдің артынан адам саны сыртқы көші-қон процестерінен ғана емес, табиғи жолмен кеми беретін «демографиялық оппа» жағдайына тап боламыз. Бұл тенденция дереу тоқтатылуға тиіс.
Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы.
Тату көршілік бірінші кезектегі іс, бірақ елді ішкі алауыздық жайласа, ол шешілмейді. Егер әр түрлі топтар оларды мүдделердің – саяси, идеология, діни, этникалық немесе таптық мүдделердің біріктіретініне қарамастан, қарама-қарсылық күйде болса, бұл халықты ортақ игілікке қол жеткізу мен өзінің ұлттық мүдделерін іске асыру мақсатынан жаңылыстыратын қауіпті жағдайға әкеліп соғады. Бұл жерде әңгіме тікелей қарсыластық немесе соғыс жағдайы туралы да болып отырған жоқ. Солтүстік Ирландия, бұрынғы Югославия, Перу, Ауғанстан, Камбоджа мен Руанда және басқа да елдер ешбір өркениеттің, ешбір мәдениеттің алауыздықтың ауыр салдарынан сақтандырылмағанын дәлелдеп отыр.
Бірлікке апаратын жолдағы бұрынғы кедергілерді жойып, әдетке, құштарлыққа, ерекше мүдделерге, дінге, жас қарайластығына немесе басқа факторлардың қайсысына негізделгеніне қарамастан, жаңа кедергілерді болдырмау – біздің міндетіміз.
Қоғамның негізі болып табылатын бұл басымдықтты жүзеге асырудағы біздің стратегиямыздың мынандай құрамдас бөліктері бар:
- еліміздің барлық азаматтары үшін мүмкіндіктердің теңдігіне негізделген бірыңғай азаматтығымызды дамытатындығымызға кепілдік беру;
- этникалық түсініспеушілік себептерінің жойылуын, барлық этникалық топтар құқықтарының, тең болуын қамтамасыз ету;
- қоғамымыздағы дәулеттілер мен жарлылардың арасындағы айырмашылықты азайту және ауыл проблемасына үнемі ерекше көңіл бөлу;
- өтпелі және кейінгі кезеңдерде пайда болатын әлеуметтік проблемаларды ұдайы шешіп отыру;
- ұзақ мерзімді болашақта саяси тұрақтылықты да, қоғамның қалыптасуын да қамтамасыз ететін бай Қазақстанды барынша жігерлі түрде қалыптастыру;
- адамдар арасындағы қарым-қатынас пен коммуникациялық байланыстардың барлық нысандарын дамыту;
- әр түрлі кнфессиялар арасындағы өзара құрмет, төзімділік пен сенімді қарым-қатынастарды нығайту.
Ішкі саяси тұрақтылық пен даму үш тапқа да: байларға, орташаларға және кедейлерге сүйенеді. Олардың барлығы да қазірше қоғамда болады бірақ, әрине, қалыпты өркениетті арақатынаста болуға тиіс.
Қала мен село арасындағы қарым-қатынаста жіктелу айқын көрінді. Мұнда жіктелудің терең процесі жүріп жатыр және бұл ретте алшақтық үнемі ұлғая түсуде.
Село таяудағы он жылда нарықтық өзгерістерге қосымша серпін беру және әлеуметтік проблемаларды шешуге ерекше көңіл бөлу, инфрақұрылымды дамыту тұрғысынан басым сала болуға тиіс.
Біз селодағы жұмыс күшінің көптеп босауына, село тұрғындарының қалаға көшуінің ұлғайып, урбанизация процестерінің дамуына әзір болуға тиіспіз. Село бүгін: жалақы, зейнетақы төлемеу, артта қалушылық, кедейлік пен жұмыссыздық, әлсіз инфрақұрылым, білім беру мен ден саулық сақтау, экологиялық апат сынды барлық әлеуметтік проблемалардың өзегіне айналды. Әйтсе де, мұнда демографиялық әлеует өте жоғары.
Орталықтан қиындықпен «жиналған» қажетті ресурстар қалаларда қалып қойып, селоға жетпеді. Мұндай «жайлыңқы» саясатты доғару керек. Қысқа мерзімде селодағы барлық өзгерістерді аяғына жеткізу керек, олар қуатты және нысаналы әлеуметтік саясатпен қатар жүруге тиіс.
Шет ел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу.
Біздің салауатты экономикалық өрлеу стратегиямыз мықты нарықтық экономикаға, мемлекеттің белсенді роліне және айтарлықтай шетел инвестицияларын тартуға негізделеді. Ол мынандай он принциптен тұрады:
Мемлекеттің белсенді рөл атқара отырып, экономикаға араласуының шектеулі болуы.
Экономикалық реформалардың табысы мен олардың жекелеген учаскелерде тежелуі мемлекеттің ролін қайта қарастыруды талап етеді.
Орталықтағы және жергілікті жерлердегі үкімет экономикаға араласудың барлық түрімен, дән себу, егін жинау және басқалармен айналысуды тоқтауы тиіс. Мемлекет жекеше сектор басты роль атқаратын нарықтың заңды шеңберлерін құра отырып, экономикада маңызды, бірақ шектеулі роль атқаруы тиіс.
Бірақ нарық дамымаған, нарықтық кеңістік әкімшілік жүйенің қалдықтарына толған жерлерде мемлекет нарықты дамыту мен ол кеңістікті тазарту үшін араласуға тиіс. Экономиканың өзі тұрақсыз дамудың аралық кезеңінде тұрғанда, мемлекеттің реттеуші рөлі мен араласуы бара-бар болуға тиіс.
Соңғы үш жылдың ішінде біздің экономикалық стратегиямыз макроэкономиканы тұрақтандыру болды, бұл мемлекеттік бюджеттің тапшылығын қысқарту мен қатаң монетарлық және несие саясатын дәйекті жүргізуді білдіреді.
Бірінші Азиялық Барыс болу үшін біздің басымдықтарымыздың төмен болуын, ұлттық валютаның күшеюін, жинақтау нормасының жоғары болуын көздейді. Бұл рецепт Жапонияда, Кореяда, Индонезияда, Тайвань мен Чилиде іске асыт. Қазақстанда да іске асады.
Біздің алдымызға инфляция, не экономикалық өрлеу деген таңдау қойылған жоқ және қойылмайды да. Түпкілікті мақсат экономикалық өрлеу екенін және макротұрақтандыру осы мақсатқа жетудің құралы ғана екенін біз назарда ұстауға тиіспіз. Әрине, басқа процестерге қарағанда қаржылық тұрақтандырудың көптеген әлеуметтік топтардың жағдайын қиындатқаны белгілі. Бірақ жүйелі және құрылымдық қайта құру жағдайында басқаша болуы мүмкін де емес еді. Нарық – қатаң қаржылық жауапкершілікке толы демократия. Халықтың көпшілігі мұны енді түсінді. Әрине, макротұрақтандыруға ауыр тоқырау мен ақшаның жетіспеуі ілесе жүреді. Бірақ нақты секторды құрылымдық қайта құру жүріп жатыр, енді таяу арада ақша және тауар массасы қажетті сәйкестікке жетеді.
Уақыты келгенде өмір мен жұмыстың қиын кезеңінде шыныққан адамдар да бұл дағдарыстан шығады. «Таршылықты көрмеген кеңшіліктің парқын білмейді» дейді қазақ мақалы.
Инфляцияны қолайлы деңгейге түсіре отырып, біз стратегиялық күшті экономикалық ілгерілеуге бағыттаймыз. Бірақ экономикалық тіпті жалпы мемлекеттік стратегия монетарлы саясатқа сай келмейді, сондықтан біз бүгін неғұрлым кең және бара-бар мүмкіндікке иеміз. Бұл орайда, таяудағы жылдарда біз назарымызды экономиканың нақты секторына, оны сауықтыруға, фискальді және монетарлық қатаң шектеулер жағдайындағы өсу мен күшті әлеуметтік саясатқа аударамыз.
Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты
Экономикалық ілгерілеу біздің азаматтарымыздың игілігіне өздігінен кепілдік бере алмайды. Гүлденген экономика жағдайында өз денсаулығын дұрыс күтпеуінің және қоршаған ортаның ластануы салдарынан науқас адамдардың саны жылдан жылға өсіп отырғанын көзге елестету қиын емес. Қоғамымызды құруға қарай азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сау болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін күш салу керек. Бұл мақсатты іске асырудағы біздің стратегиямыз мынандай құрамдас бөліктерден тұрады:
Ауруды болдырмау және салауатты өмір салтын ынталандыру. Мемлекеттің, бір жағынан, ауруды болдырмау, екінші жағынан, салауатты өмір салтын ынталандыру жөніндегі қадамдары халықтың денсаулығына әсер ететін маңызды фактор екенін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Аурудың алдын алу дегеніміз таза су мен кенеулі асты пайдалануды, тазарту жүйелерінің болуын, қоршаған ортаны ластайтын және экологиялық зиян келтіретін обьектілерді қысқартуды, басқа да қауіпті факторды төмендету жөніндегі осыған ұқсас шараларды білдіреді.
Нашақорлық пен наркобизнеске қарсы күрес. Есіткіні әкелу мен таратуға қолданатын жазаны қатайту және осыған байланысты бірқатар елдердегідей, оның ішінде Малайзия мен Сингапурдегідей өлім жазасын енгізу керек пе деген мәселені қоғамның талқысына шығару керек. Есірткі — өте ерекше және түпке жететін сала, сондықтан бұл жерде адамгершілік принциптерінің қандай дәрежеде қолдануы үлкен мәселе. Таразының бір басында оны әкеліп, тарататын адамның өмірі тұрса, екінші басында соның «көмегімен» қор болған есірткі тұтынушылардың ғұмыры тұр.
Темекі мен алкогольді тұтынуды қысқарту. Алкоголь мен темекінің адам өміріне зиянды екені дәлелдеуді қажет етпейді. Халықаралық тәжірибеде бұл салада мемлекеттік саясатты жүргізудің алкоголь мен темекіге салық енгізу, сондай-ақ, маскүнемдіктен емделуге арнайы салық салудан бастап, бірнеше сабағын ұсынып отыр. Біз бұл мәселеде байыпты саясат жүргізуіміз керек.
Әйел мен баланың денсаулығын жақсарту. Ана мен баланың денсаулығын қорғау біздің мемлекетіміздің, денсаулық сақтау органдарының, жұртшылықтың тікелей назарында болуы тиіс. Уақыт өтіп, қазына кірісі өскенде, мемлекет үшін де, отбасын қолдауға тиімді демографиялық саясат үшін де қолайлы нысанда аналар мен балаларға мемлекеттік қолдау көрсетуге қаражат табамыз. Біз бұрынғы уақыттан бері және қиындыққа қарамастан бүгін де осындай көмекті көрсетіп келеміз. Біз балалы болғысы келмейтіндерге салық енгізу туралы ұсынысты көпшілік талқысына саламыз.
Энергетика ресурстары
Қазақстан табиғи ресурстардың әсіресе, энергетика ресурстарының орасан зор қорына ие. Біздің еліміздің аумағында бағам бойынша мұнайлы алғашқы он елдің қатарына қосарлық мұнай мен газ кен орындары бар. Сонымен қатар, Қазақстанда көмірдің, уранның, алтынның және басқа да бағалы минералдардың мол қоры бар.
Энергетика ресурстарын пайдалану стратегиясы мынандай элементтерді қамтиды:
Біріншісі. Біз өз қорларымызды жедел әрі тиімді пайдалану үшін үздік халықаралық технологиялар, ноу-хау, ірі капиталдар тарту мақсатымен басты халықаралық мұнай компанияларымен ұзақ мерзімді әріптестікке барамыз.
Екіншісі. Мұнай мен газ экспорты үшін құбыр арналарының жүйесін құру. Тәуелсіз экспорт арналары көп болғанда ғана біз көршіміздің бәріне тәуелді болудан және келесі тұтынушыға баға жөнінен кіріптар болудан құтыламыз.
Үшіншісі. Отын ресурстарын пайдалану жөніндегі біздің стратегиямыз әлемдік қауымдастықтың ірі елдерінің мүддесін Қазақстанға, оның әлемдік отын өндіруші ретіндегі роліне бағыттау.
Төртіншісі. Шет ел инвестицияларын тарту арқылы біз ішкі энергетика инфрақұрылымын құру мен дамытуды, ішкі қажеттілік пен тәуелсіз бәсекелестік проблемаларын шешетін боламыз.
Бесіншісі. Бұл стратегия осы ресурстардан түсетін келешек кірістерді барынша үнемділікпен пайдалануды көздейді. Біз өзіміздің стратегиялық ресурстарымызға қатаң бақылау қоюға, үнемшіл болуға әрі қаражатты ұқыпты жұмсап, олардың бір бөлігін болашақ ұрпақтарымыз үшін жинақтауға тиіспіз.
Ауыл проблемалары
Ауылдың ең елеулі проблемаларын шешуге келетін болсақ, біз 2000-жылға қарай:
- жергілікті әкімшілікті нарықтық қатынастарға араласудан шеттететін боламыз;
- жеке меншік пен тиесілі бөлістерді заттай айқын телитін күмәнді жеке шаруашылықтарға жекешелендіру жүргіземіз;
- банкроттық тетіктері арқылы ауыл экономикасын сауықтыратын боламыз;
- ең алдымен, фермерлер мен нағыз шаруашылықтар үшін кредиттерді арзандатамыз;
- Азия және Еуропа қайта жаңарту және даму банктері займдарының басқа ұймдар мен тілеуқор елдердің көмегінің есебінен ауылдағы шағы және орта кәсіпкерлікті дамытамыз;
- 25-30 мың теңге көлемінде кіші кредиттер үлестіреміз;
- тікелей отандық және шет елдік инвестицияларды тартатын боламыз;
- фермерлерге өнімдерін өткізуге жәрдем көрсетеміз;
- сумен жабдықтау және ирригация проблемаларын шешетін боламыз;
- барлық министрліктермен қорлар желі бойынша ауыл проблемаларының басымдықпен қаржыландырылуын қамтамасыз етеміз.
Экономикалық өсу
Өзіміздің осы бағыттағы ұзақ мерзімді басымдықтарымызды іске асыру барысында келесі үш жылдың ішінде:
- қатаң монетарлық саясат бұлжытпай жүргізіледі;
- жекешелендіру аяқталатын болады;
- заң шығару жетілдіріліп, жақсартыла түседі;
- шет ел инвестицияларын тарту бұрынғыдан да белсенді жүргізілетін болады;
Энергетикалық ресурстарға келетін болсақ – Қазақстан КҚК құбыр арнасы құрылысын аяқтау және 2000 жылы іске қосу, ал 2004 жылы басқа құбыр арнасы Қытай Халық Республикасына жеткізілуі үшін қолынан келгенінің бәрін істейді.
- Жерорта теңізіне, Парсы шығанағына, Араб теңізіне балама құбыр арналарын тартуды қаржыландыру мен салу мәселесін пысықтайтын боламыз. Қазақстан өнеркәсібі мен тұрғын үйлеріне сондай-ақ халықаралық рыноктарға отын жеткізу үшін газ құбыры арналары тартылады;
- Каспий шельфіндегі мұнай мен газды барлау мен өндіру, Қарашығанақ газ конденсаты кен орнында газ конденсатын өндіру, тасымалдау және өңдеу жөніндегі келісімдерге қол қоямыз.
Инфрақұрылымды дамыту жоспарында мыналар қарастырылған:
-2000 жылдың соңында «Достық» және «Ақтоғай» стансалары арасындағы темір жол инфрақұрылымын жақсарту, Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасында темір жол қуаттарын ұлғайту;
-1999 жылдың соңына қарай Ақтау қаласындағы теңіз айлағын қайта жаңартудың бірінші кезеңін жүзеге асыру.
—
ІІ. Аграралық өндірістің әлеуметтік-экономикалық мәні және Қазақстанның агроэнеркәсіптік кешенін нарықтық қатынастарға көшірудің негізгі бағыттары
2.1 Қазақстанның ауылшаруашылық аймақтары
Ауылшаруашылық өндірісі бірқатар табиғи жағдайларға тәуелді, олардың ішінде аса маңыздылары ауа райы, топырақтың қасиеті, ауылшаруашылығында пайдаланатын жердің құрылымы. Табиғи шаруашылық жағдайларды ескермей жеке регионның ауылшаруашылық ұйымдастыру жүйесін ғылыми дәлелсіз құру мүмкін емес.
Ауылшаруашылық салаларын интенсивтендіру, мамандандыру, тиімді ұштастыру және аулшаруашылығында пайдаланатын жерлерді өзгерту шаралары табиғи-шаруашылық жағдайды ескеруді қажет етеді. Ауылшаруашылығында негізгі және басты құрал-жабдық болып жер сааналады, оның сапасынан және оны тиімді пайдаланудан ауылшаруашылығының түпкі нәтижесі байланысты. 1996 жылдың 1-ші шілдесінде Республикада ауылшаруашылығында пайдаланылатын жердің ауданы 222,2 миллион гектар болды, оның 14,3 пайызы жыртылған жер, 2,3 пайызы шабындық, 83,4 пайызы жайылым.
1-кесте
Қазақстанда пайдаланатын жердің ауыл шаруашылық аймақтар бойынша бөлінуі
Ауыл шаруашылық аймақтар | Ауыл шаруашылығына пайдаланатын жер | Жыртылған
жер |
Пішен
Шабындық жер |
жайылым | ||||
дала | Млн.
га |
% | Млн.
га |
% | Млн.
га |
% | Млн.
га |
% |
Құрғақ дала | 22,8 | 10,2 | 14,9 | 41,9 | 0,5 | 8,4 | 7,8 | 4,3 |
Жартылай шөл | 44,6 | 19,9 | 14,2 | 40,1 | 1,7 | 127,8 | 28,4 | 15,6 |
Шөл | 89,9 | 40,1 | 0,5 | 1,2 | 1,3 | 21,7 | 88,5 | 48,6 |
Тянь-Шань | 20,4 | 9,1 | 3,5 | 9,9 | 0,6 | 9,6 | 15,9 | 8,7 |
Алтай | 6,3 | 2,8 | 0,9 | 24 | 0,4 | 6,0 | 5,0 | 2,7 |
Республика бойынша | 224,2 | 100,0 | 35,6 | 100,0 | 6,2 | 100,0 | 182,2 | 100,0 |
Қазақстанның ауылшаруашылық өндірісі ТМД елдерінің көптеген аудандарымен салыстырғанда қолайсыз жағдайда. Шөл далада жылдық ылғалдық көлемі 90 мм шамасында болса, Алатау және Алтай биік таулы және тау бөктерлерінде 1000-1600 мм болады. Тегіс егін шаруашылық жылдық ылғал 250-400 мм көлемінде. Оңтүстікте жаз мезгілі мамыр айының ортасында түссе, ал Солтүстікте маусым айының басында түседі.
Республика территориясы алты ауыл шаруашылық аймақтарға бөлінген (1-ші кесте).
Осы ерекшеліктер ауылшаруашылығын жүргізу жүйесіне және ауылшаруашылық өндірісінің кеңістікте орналасуына көп әсер етеді.
Біртектес табиғи ауа райы жағдайында орналасқан шаруашылықтар бір-бірінен өзгеше жер бедері, топырақ құнарлығы, ылғалдылығы, ауылшаруашылығында пайдаланатын жерлердің құрылымы, шаруашылықтардың мамандану тағы басқа ерекшеліктеріне қарай ауылшаруашылығы аймақтарға бөлінеді (оны жоғарыдағы кестеден көруімізге болады).
1. Дала аймағы. Интенсивті егін шаруашылығы, ет, сүт беретін ірі қара мал шаруашылығы, шошқа шаруашылығы және құс шаруашылығы дамыған аймақ.
Көп жері жыртылғандықтан ауыл шаруашылығының басты бағыты – астық өндірісі. Бұл аймақтың үлесіне Республикада ауыл шаруашылығында пайдаланатын жердің 10,2 %, жыртылған жердің 41,9 % келеді.
Мұнда Республиканың тауарлық астығының 36 %, сүттің 31%, еттің 20%, жүннің 75% өндіріледі. Дала аймағының шаруашылығында Қазақстанның ірі қара мал басының 32 %, шошқаның 36%, қой-ешкінің 8,5 %, жылқының 12% және құстың 33,5 % орналасқан.
Аймақтың жер қыртысы негізінен қара топырақ. Ауа райы біркелкі ылғалды. Сондықтан қолдан суарылмайтын егін шаруашылығына жағдай бар.
2. Құрғақ дала астық өндірісі. Ет, сүт беретін ірі қара және қой шаруашылықтары дамыған аймақ. Мұнда Қазақстанның ауыл шаруашылыққа пайдаланатын жердің 19,9% және жыртылған жердің 40,1 % орналасқан. Республиканың тауарлық өнімдерінің құрылымыныда бұл аймақтың үлесі астық бойынша 41 % шамасында, сүт 25%, ет 21% және жүн 12 %. Құрғақ дала аймақтың шаруашылықтарында Республика ірі қара малының басының 26 %, шошқаның 28 %, қой-ешкінің 10 %, жылқының 22 % және құстың 33 % шоғырланған.
Топырағы негізінен астық шаруашылығын ұйымдастыруға жайлы. Қоңыр — сарғылт. Аймақтың ерекшелігі — оның топырағының жер эррозиясына бейімділігі, сондықтан топырақты өңдеу кезінде эррозияға қарсы жан-жақты шаралар қажет.
3. Жартылай шөл ет-май және жартылай биязы жүн беретін қой шаруашылығы, жылқы шаруашылығы дамыған аймақ, егін және ірі қара мал шаруашылықтары кемдеу дамыған. Мұнда Республиканың ауыл шаруашылығына пайдаланатын жерінің — 17,9 % және жыртылған жердің — 4,5 % орналасқан. Жартылай шөл аймақтық Республика тауарлық жүн өніміндегі үлесі — 17 % шамасында, ет — 14 %, сүт — 5 %, астық — 3 %. Аймақтың шаруашылығында Қазақстанның қой және ешкі мал басының — 19 %, жылқының — 18 % , ірі қараның — 12 %, шошқа және құстың — 4 % орналасқан.
Ауыл шаруашылығын нарықтық қатынастарға көшіру тағы басқа аграрлық өнеркәсіптік интеграциясына алдын ала материалдық жағдай жасау.
Ауылдың материалдық — техникалық негізі, оның инфрақұрылымының деңгейі және ауыл тауар өндірушілеріне толық қызмет көрсету әзірше төменгі сатыда тұр. Негізгі өндірістік қорлар әбден тозған, өлшеп орайтын жабдықтардың жоқтығы және әдістің тапшылығы ауыл шаруашылық өнімдерінің төмен дәрежеде тауарлық дайындылығына себеп болып отыр. Ауыл шаруашылығында өте көп инвестицияны қажет ететін аяқталмаған өндірістердің көлемі көп. Сонымен қатар, ауылдық тауар өндірушілердің ауыл шаруашылық кәсіпорындарының қаржы – экономикалық тұрақсыздықтарынан өндірісті кеңейтуге, жаңғыртуға және техникалық қаруландыруға өз қаржылары жоқ. Сондықтан аграрлық секторды реформалау бағдарламасында Республикалық бюджеттен қаржы ең алдымен дайындығы жоғары және халық шаруашылық маңызы зор обьектілерге жұмсалады, сондай-ақ сумен қамтамасыз ету проблемасын шешуге 1997-2000 жылы Республиканың 34 шаруашылығын суару және құрғату жүйелерін жақсарту үшін Бүкіл Әлемдік Банктен 140 миллион АҚШ доллары сомасында қарыз алу белгіленген.
Электр тогын өткізу мен құрылысты жаңғырту және жаңа бағыттар салу үшін орасан зор қаржы қажет. Агро өнеркәсіптік кешен тезникамен қамтамасыз етуі екі бағытта жүргізілу көзделген:
Біріншісі. Отандық машина жасауды дамыту жолы.
Екіншісі. Комбайн жинақтайтын және ауыл шаруашылық техникаларын пайдалануға толық қызмет ететін шет ел фирмалары мен қосылып ортақ кәсіпорындар ұйымдастыру бағдарламаларын жасау жолы.
Көкшетау оттегін үрлейтін аппарат шығаратын зауытта Германиямен бірлесіп сауын-тоңазытқыш шығаратын ортақ кәсіпорын салынуда.
Астана, Павлодар, Семей және басқа қалаларда ауыл шаруашылық техникалары өндіретін ортақ кәсіпорын құру қаралуда.
Орта Азия Республикалары және Қазақстан үкімет аралық келісім бойынша Оңтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылық техникаларына бөлшек заттар шығаратын зауыт салмақшы. Агро өнеркәсіптік кешен өзін-өзі реттейтін ірі экономикалық жүйе болып қалыптасуының бір басты себебі, тауар өндірушілерден бастап, оны өңдеушілерге қызмет ететін қосалқы салаларға дейін техникалық кешен қалыптасуына жағдай туғызуға болады. Осымен қатар, аграрлық секторды қажетті мәліметтермен қамтамасыз етуді ұйымдастыру керек. Бұл шаруаларға, фермерлерге, ұжым шаруашылықтарға ауыл шаруашылық техникалар, жабдықтар, басқа ресурстар алуға және олармен шартқа отыру негізінде қызмет ететін маманданған құрылымдар ұйымдастыруды қажет етеді.
Сонымен ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер қажетті материалдық-техникалық және басқа ресурстарды жақын және алыс шет елдерден мынандай негіздерде алуға болады:
- лизинг бойынша, яғни лизинг компанияларынан қажетті машиналарды, жабдықтарды және басқа өндірістік құралдарды көп жылдарға жалдау;
- консигнация арқылы, яғни делдал-сауда мекемелерінен жабдықтар сатып алу;
- форвард-фьюгер келісімдер жасау арқылы, яғни шарт негізінде биржадан тыс қысқа мерзімді валюттық келісімдер немесе биржаның өзінде саудаласқан кездегі бекітілген баға бойынша қысқа мерзімді келісімдер және кепіл операциялары арқылы келісіп жатады;
- бартер арқылы, яғни экспорт-импорт келісімге келеген кәсіпорындар арасындағы тікелей тауарлар айырбастау;
Осы аталған шаралар арқылы ауыл шаруашылығы өзін-өзі техникалық құрал-жабдықтар алуларына болады.
2.2 Аграрлық өндірістің әлеуметтік-экономикалық және табиғи-биологиялық ерекшеліктері
Әміршіл-әкімшіл экономикадан нарықтық қатынастарға көшуді жүзеге асырған алғашқы жылдардың тәжірибесі мен практикасы көрсеткендей, өндірістік қатынастарды, оның ішінде ең алдымен меншікті шын мәнінде терең жаңғыртпай, ешқандай нәтижеге жету мүмкін емес.
Шексіз мемлекеттік монополия бұрын соңды болып көрмеген мемлекеттік меншіктің жоғары үлесін тудырып, азаматтардың меншіктегі үлес салмағын, бейнелеп айтсақ, бұрынғы КСРО-ның негізгі қоры 2,8 трлн. рубль болса, оның 2,5 трлн. рублі, яғни 89,3 -%мемлекеттік меншікті құрады. Егер оған мәні жағынан мемлекеттендірілген ұжымшалардың 189 млрд. рубль негізгі қорын қоссақ, онда бұл көрсеткіш 96 % -ке дейін көтеріледі. Азаматтарға барлық негізгі қордың бар-жоғы 2,8 – і ғана немесе 79 млрд. рубль (әр адамға 280 рубльден) тиесілі болды. Мұндай жағдайда, екі жерден өз бетінше жұмыс істесін, үш жерден бостандықта еңбек етсін, бәрібір әлгіндей кедей меншік иелерімен нарықтық қатынастарға көшу қиял-ғажайып ертегілердей елестейтіндігі сөзсіз. Өндіріс қорларынан аластатылған өндірушінің оны жалға алуға да ниеті болмады. Өйткені, ол бәрібір қожайын бола алмайтын еді. Жоспарлау, басқару, қаржыландыру реформаларымен де, шаруашылық есептің модельдерімен де өндірушіні, егер өндіріс қорлары оның меншігінде болмаса, жақсы жұмыс істеуге зорлауға болмайды. Міне, сондықтан да әміршіл-әкімшіл жүйенің билік құрған кезеңдерінде барлық экономикалық реформалар табысқа жете алмады және жалпы экономиканың, әсіресе, агроөнеркәсіп өндірісінің дамуына айта қаларлықтай әсер ете алмады.
Бұл проблемалар экономиканың аграрлы секторы үшін өте маңызды. Олай дейтініміз, ауыл шаруашылығының және онымен сабақтас агроөнеркәсіп кешені салаларының жай-күйінен нарықтық бағдарламардың табысқа жетуі байқалады. Бұл қағиданың нақтылығы сондай, ол қосымша құжатты қажет етпейді.
Халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуді жақсарту әлеуметтік абыржуды тоқтатуға немесе барынша байыпты арнаға түсіруге мүмкіндік беріп, этностық проблемаларды шешуде толқуларды басып, мұнай, газ және басқа орны толмас табиғи ресурстарды сыртқа шығаруды қысқартып, инфляцияны ауыздықтап, қаржылық және ақша жүйелерін сауықтырады.
Агроөнеркәсіптік өндірісі дамыған елдердегі эволюция меншікке құқық пен жерде шаруашылық жүргізу құқығын бір-бірінен бөліп тастау болмайтын іс екенін дәлелдеп берді. Міне, дәл осындай себептерден аграрлық өндірістің кеңшар-ұжымшар моделі көпшіліктен қолдау таппай, бұрынғы Кеңес Одағының елдерінде дами алмады.
Нарықтық экономика ауыл өндірушілерінің табысын маусымдық ауытқулар мен ауа райы-климаттық қолайсыздықтардан қорғаудың белгілі бір тегерішін жасады. Олар ауыл шаруашылығы табыстарының қолайсыздығын өз мойындарына алды. Алайда, мұның өзі жеткіліксіз, сондықтан да көптеген мемлекеттерде ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу және фермерлік табыстарды қолдаудың мемлекеттік жүйесі кеңінен тәжірибеге енгізілген.
Аграрлық өндірістің тағы бір ерекшелігі дұрыс пайдаланған жағдайда тозбайтын, айырьастауға келмейтін ең басты мәңгілік қоры – жердің алабөтен орны болып табылады. Жердің құнарлығындағы айырмашылық еңбек пен капиталды бірдей жұмсағанның өзінде де өндіріс пен табыстың көмегіндегі айырмашылықты туғызады. Осыдан барып, жер рентасы және табысты реттеу, сондай-ақ, жақсы ауыл шаруашылық жерлердің шектелу проблемалары туады.
Өндірістің ерекше саласы ретінде ауыл шаруашылығының ерекше белгісі онда өндірілген өнім (тұқым,жем, малдың төлі, органикалық тыңайтқыш және басқалар) одан әрі өнімді көбейту үшін қолданылатындығы болып табылады. Биологиялық факторлар мен тірі организмдерді пайдалануға негізделетін ауыл шаруашылығында бұл жағдай оның өндіріс технологиясының да ерекшелігін де білдіреді.
Өнеркәсіпте өндіріс және өндіріс процесі көбінесе үздіксіз жүреді. Бұлай болатын себебі техниканың, технологияның және өндірісті ұйымдастырудың жетілдірілуін қамтамасыз етуде жатыр. Агроөнеркәсіптік өндірісте экономикалық процесс өнім шығаруды жеделдету мен көбейтуді төтенше шектейтін табиғи-биологиялық факторлармен тығыз байланысты. Көп жағдайда ауыл шаруашылығындағы бірқатар табиғи процестерді қысқарту өте қиын, тіпті мүмкін емес. Мысалы, ауыл шаруашылығының пісіп-жетілу мерзімі немесе саулық малдың күйлеу мерзімін айтсақ та жеткілікті.
Табиғи-биологиялық фактор өндірістің тиімділігін анықтауда, технологияны таңдауда ең басты факторы болып саналады. Мал мен өсімдіктер дамуының табиғи заңдылықтарын сақтамау басқа да өндірістік экономикалық ресурстардың тиімділігінің төменділігіне әкеліп соқытыратын болғандықтан ,техника, еңбек ұйымдастыру жүйесі аталмыш факторға қарай ыңғайланады. Осы жерден келіп әміршіл-әкімшіл экономика кезінде өсімі төмен мал өсіру мен нашар жем-шөп базасы жағдайында ірі мал шаруашылығы кешендеріне, қарапайым агротехникалық талаптарды сақтамаған жағдайда жерді мелиорациялауға жұмсалған орасан шығын ауыл шаруашылығының өнімдері мен шикізатын жоғалтуға алып келді.
Ең жетілдірілген техника, озық технология және өндірісті білікті ұйымдастырудың өзі де өнім өндіруді белгілі бір «биіктіктен» асыруға мүмкіндік бермейтін мал мен өсімдіктің табиғи-генетикалық потенциалы сияқты ауыл шаруашылығының осындай биологиялық факторын жеңе алмады.
Ауыл шаруашылығының маусымдық қасиеті оның табиғи ерекшеліктері болып табылады. Мұның өзі өндіріс кезеңі мен жұмыс кезеңінің тура келмеуін тудырып, жыл бойы жұмысшы күші мен материалдық-техникалық ресурстардың тепе-тең пайдалануына қолбайлау жасап, табыстың түсуін де ала-құла етеді. Салыстырмалы түрде аз ғана уақыт жұмыс істейтін техниканы пайдаланудың қажеттілігі сондай-ақ, өндірістің қуат көздерін көп керек ететіндігі тұрақты капиталдың жоғары үлесін қажет етеді. Өндіріс жалға алған жерде жүргізілетін жағдайда тұрақты шығынның деңгейі сонымен бірге, жалға төленетін ақы есебінен де өсіп отырады.
Ауыл шаруашылығы жұмыстарының қарбалас кезеңдерінде шаруа уақытпен санаспай, демалыссыз, демалы және мерекелік күндерсіз, ауа райының қолайлы сәттерін қалт жібермей, қымбат уақытты тиімді пайдалану үшін жан-тәнін салып жұмыс істейді. Оның есесіне кейбір кезеңдерде әсіресе, қысқы уақытта шаруа адамы апталап, тіпті айлап бос болады. Жалпы алғанда, шаруа норма немесе жоспар үшін емес, түпкі нәтиже үшін жұмыс істейді. Сондықтан да ауыл шаруашылығы еңбеккерінің психологиясында табиғатында әр бір дән немесе түп үшін жауапкершілік жүгі қаланған. Егістікті өңдеу барысында ол бірде-бір өсімдікті аяғымен таптамайды, ал егін жинау кезінде өнімнің ысырап болуына барынша жол бермейді. Ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділік көзі дәл осында жатыр деп батыл айтуымызға болады.
Алайда, соңғы онжылдықтарда ауыл шаруашылығында қалыптасқан өндірістік қарым-қатынастар шаруа еңбегінің осы тұстарын есепке алмай, ғасырлар бойы келе жатқан әдеттер мен дәстүрлерді құртып тынды. Ұжымшарларда немесе кеңшерлерде бүгін бір егістік басында жұмыс істесе, ертесіне басқа жерді өңдеуге жегілетін болды. Сондай-ақ, оның еңбек құралы да өз еңбегінің түпкі нәтижесін көре алмай, бірте-бірте жер мен өндіріс құралдарына деген өзінің қожайындық (тіпті ұжымдық қожайындық) сезімін жоғалта бастады. Одан соң, тек ілкі сәттегі табыс үшін ғана, бүгінгі еңбекақы үшін ғана жұмыс істеуге бойын үйретіп алды.
Аграрлық өндірістің жоғарыда айтылған ерекшеліктері, оның қоршаған ортамен тығыз байланысы, ауа райы мен жер бедері жағдайларының әр түрлілігі, шаруа еңбегінің ерекше мәнде болуы өз бойында іскер-қожайын, басқарушы-менеджер және жұмысшы-орындаушы сияқты үш қасиетті жинақтаған ерекше жұмысшының жұмыс істеуін талап етеді. Агробизнес дамыған елдердің фермерлік шаруашылықтарындағы тұрақтылық пен тиімділік дәл соларға арқа сүйейді. Шаруалық отбасылық шаруашылықтар көптеген ауыл шаруашылықтары үшін ең ыңғайлы өндірістік шаруашылық бірлігі болып табылады. Өйткені, мұнда ауыл шаруашылығы өндірісі мен еңбектің ерекшеліктері толық қарастырылған. Отбасы өндірістік ұжым ретінде өз бойына өндірістік қызметтің іскерлік, басқару және орындаушылық міндеттерін тамаша жинақтай біледі. Отбасылық еңбек ұжымы пайдалана алатындай өндіріс ресурстарын (жердің, техниканың және басқалардың көлемін) сол кезеңдегі өндірістік техникалық және технологиялық мүмкіндіктері айқындалады. Сондықтан да бір фермаға шаққанда өндіріс және өндіріс ресурстарының көбеюі ғылыми-техникалық өркениеттің дамуымен жүзеге асады. Агроөнеркәсіптің жоғарыдағы ерекшеліктері негізінен алғанда әлеуметтік-саяси жүйесіне қарамастан, барлық елдер мен аймақтарда көрініс тапқандай, обьективті мәнде болады. КСРО тарағаннан кейін бұрынғы одақтық республикалар орнына пайда болған жас мемлекеттерде бұдан басқа өз кезінде «жоғарыдан» жүргізілген сансыз тәжірибелер, көшпенді халықты отырықшылққа жедел зорлаған ұжымдастыру болсын, барлық аймақтарда табиғат жағдайлары ерекшеліктері ескерілместен кез келген сәйкес келмейтін дақылдарды өсіруге зорлау болсын, соңына дейінтүпкілікті ойластырылмаған тың және тыңайған жерлерді игеру болсын, ұжымшарлады келісімсіз кеңшарларға көшіру болсын, ауыл шаруашылығын басқаруды сан мәрте қайта құру болсын, міне осының бәрі үлкен зиян әкелді. Жеке шаруашылық үшін бір жарым ондық (десятка) жерден аспайтын учаске ғана бөлініп, бір сиыр және он қойдан артық үй іргесінде мал ұстауға тиым салды. Міне, осындай шектеулер шаруа психологиясындағы меншіктік сезімге соңғы соққы болып тиді.
Кеңестік кезеңнен кейінгі пайда болған елдерде, оның ішінде Қазақстанда агроөнеркәсіптік өндіріс дамуының, агробизнестің қалыптасуы мен оының жұмыс істеуіндегі қиыншылықтардың обьективті шарттары мен субьективті себептері негізінен алғанда, міне осындай. Алдыңғы талдау көрсеткендей, нарықтық қатынастарға өту және бизнесті, әсіресе агробизнесті дамыту, кейбір мамандар болжағандай соншалықты жеңіл болмайды. Дегенмен, басқа жол жоқ. Қазіргі экономикалық дағдарыстан өтіп, барлық елдер мен халықтар жүріп өткен нарықтық қатынастардың кең даңғыл жолына түпкілікті жаңғыру мен бизнесті, экономиканың барлық салаларында, оның ішінде алдымен агроөнеркәсіптік өндірістегі бизнесті игерудің негізінде түсе аламыз.
Бәрімізге белгілі, тоталитарлық жүйе үшін қоғамдағы, ресми идеологиядағы және саяси партиядағы монополизм, барлық қоғамдық ұйымдар мен азаматтардың тоталитарлық мемлекеттердегі басқарушы құраламдарының мақсаттарына шексіз бағынуы және олардың бұқаралық ақпарат құралдарына монополия орнатуы сияқты қасиеттер тән болды. Барлық әміршіл-әкімшілдік жүйенің болсын, азаматтардың қоғамдық құрылымы болсын – бәрінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін негізгі мемлекеттік-құқықтық жәнесаяси институттар ел дамуының қажеттіліктерін де, қоғамдық құрылым дамуының қажеттіліктерін де өтей алмады.
Қазіргі заманғы ауыл шаруашылығының осындағы экономикалық процестерге және ауыл шаруашылығы өнімдерінің рыногына үлкен бизнестің әсері күшейген шақтағы аралас салалармен тығыз топтасып кетуі ауыл шаруашылығындағы экономикалық бағыттарды аралас салалардың әсерінен бөлек қарастыру терең зерттеуге мүмкіндік бермейтіндіктен, агробизенсті жүзеге асырудың теориялық-әдістемелік негіздерін дамыту және практикалық әдістерді оқып үйрену қажеттілігі туындайды.
70-жылдардың отандық ғылымында ауыл шаруашылығын аралас салалармен бір кешенде зерттеу дами бастады. Тиісінше, «агроөнеркәсіптік кешен» атауы пайда болып, ғылыми және практикалық сөз қолданысына енді. Оның үш саласы – қор шығаратын салалар, ауыл шаруашылығының өзі және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, тасымалдау, сақтау және өткізумен айналысатын салалар кешені. Осы салалармен байланысты іскерлік қызмет өзінің айрықша ерекшеліктеріне қарамастан, өзара тәуелділік және өзара әсет етушіліксіз табысты жұмыс істей алмайды және дамымайды. Сондықтан да агробизнестің салалары да төрт негізгі сфераға бөлінеді (1-ші схема).
Агробизнес кешенінің басқа сфералары байланыстырып тұратын ұйытқысы ауыл шаруашылығы болып табылады. Бірінші сфераға ауыл шаруашылығын техникамен, жем-шөппен, тұқыммен, тыңайтқышпен, өсімдіктер және малды қорғайтын дәрі-дәрмекпен, яғни өндірістің материалдық факторымен қамтамасыз ететін салалар жатады. Міндеті жағынан бұл сфераға шаруа өндірісін дамытуға мүмкіндік беретін қаржылық ресурс – несие кіреді. Бұл сфера ауыл шаруашылығы үшін ресурстар рыногын қалыптастырып, оның техникалық және технологиялық деңгейін анықтап, ауылшаруашылығындағы өндіріс шығынының көлеміне несие алуға баға мен шарт арқылы әсер етеді. Ауыл шаруашылығы үшін ресурстарды тауып, жеткізіуші ретінде бұл сфераның өнеркәсіптік салалары нарықтық құрылым, өндірісті жинақтау және мамндандыру сияқты барлық көрсеткіштер бойынша ерекшеленіп, өнеркәсіптің басқа салаларымен тығыз өндірістік байланыста болады.
1-ші схема
Агробизнес кешені
Сфераның үшінші тобы (ІІІ) егіс даласынан өнімдерді тұтынушыға жеткізумен айналысатын салалардың жұмысын қамтамасыз ететін маркетингтік сфераны құрайды. Дәстүрлі барлық салаларға қатысты маркетингтік арналарға (көтерме және бөлшек сауда, қойма, биржа, аукцион жүйелері және тағы басқалар) қарағанда агробизнестің бұл саласы өз бетінше жұмыс істейтін өндірістік сала – тамақ өнеркәсібінің болуымен ерекшеленеді. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде маркетингтік сфераның орны ерекше және тұрғындар қажеттілігінің өсуімен азық-түлік сервисінің дамуына байланысты ол онан сайын өсе түсуде.
Төртінші сфера (ІҮ) агробизнесті толықтай және оның жекелеген салаларының қызметін жақсартуды қамтамасыз ететін агросервистен тұрады. Мұнда қызметтің көптеген түрлері, оның ішінде агробизнестің басқа сфераларына мамандандырылған қызмет көрсету, ғылыми зерттеулер мен жобалар, кадрларды дайындау мен біліктілігін арттыру, жаңа технологияларды енгізу, коммуникация, мелекеттік реттеу және басқару бар. Оның негізгі ерекшелігі сонда, агросервис мемлекеттік құрылымдар: ауыл шаруашылығын басқару, рынокты реттеу ұйымдары, ғылыми-зерттеу, мамандандырылған білім беру және тағы басқа мемлекеттік құрылымдар тұрақты түрде жұмыс істейтін, агробизнестің бірден-бір сферасы болып табылады. Сондықтан да, міндеттерді шектеуден басқа жағдайда бұл сфераны мемлекеттік және жеке деп екіге бөледі. Жеке сферада агроөндірістік кешеннің сервистік қызметінің техникалық қызмет көрсету, агротехникалық және агрохимиялық қызметтер, жерді суландыру, қолданбалы зерттеулер және ғалымдар мен мамандардың консультациясы, материалдық-техникалық жабдықтау мен қамтамасыз ету және басқа қызметтің түрлері көрсетіледі. Агросервистің ұйымдары мен кәсіпорындарына сондай-ақ, шаруа және фермерлік ұйымдар, одақтар мен бірлестіктер кіреді. Олар өздерінің алдарына шаруашылық, экономикалық және әлеуметтік мақсаттарды қойған.
Агроөнеркәсіптік кешен құрылымы агробизнес құрылымымен өте ұқсас және ол үшін негізгі сфераның басын құрайды (2-ші схема).
2-ші схема
Агроөнеркәсіптік кешен
І сфера ІІ сфера ІІІ сфера
Бірінші сфераға (І) трактор және ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, минералдық тыңайтқыштар және өсімдік пен малды қорғаудың химиялық құралдары, ауылдық құрылыс, өндірістік мал азығын өндіру және микробиология, сондай-ақ, суландыру құрылысы сияқты қорды қажет ететін салалар кіреді.
Екінші сфераға (ІІ) таза ауыл шаруашылық өндірісінің салалары – егін шаруашылығы, мал шаруашылығы және ауыл шаруашылық (өндірістіктен айырмашылығы бар) мал азығын өндіру жатады.
Үшінші сфера (ІІІ) әдетте ауылшаруашылығы шикізаттарын дайындау, тасымалдау, сақтау және өңдеуді қамтамасыз ететін салалар мен өндірістің жиынтығы болып табылады. Кей жағдайларда бірқатар мамандар тасымалдауды, сақтауды және байланысты өндірістік инфрақұрылымның салалары ретінде өздігінше, жеке төртінші сфераға (ІҮ) жатқызып жүр.
Агроөнеркәсіптік кешеннің құрылымын ретке келтіру мақсатында Азық-түлік бағдарламасы қабылданып, агроөнеркәсіптік өндірісті басқару қайта құрылды. Бірақ, шамадан тыс орталықтандырылу мен әміршіл-әкімшіл экономика шеңгелінде бұл міндетті орындау мүмкін емес еді. Агроөнеркәсіптік кешен сияқты кең көлемді жүйеде тиімді құрылымдық өзгерістерді тікелей нарықтық байланыстар негізінде жүйенің өзін-өзі реттеу жолымен ғана жасауға болады.
Экономика сферасында, оның ішінде аграрлық секторда бірдей бастау алғанына қарамастан, бұрынғы одақтық республикаларда көзге ілмей кетуге болмайтын өзіндік ерекшеліктері бар. Мұның өзі КСРО тарағаннан кейін пайда барлық жаңа мемлекеттерге, оның ішінде Қазақстанға да теңдей қатысты.
Нарықтық экономикаға барар жолдғ ыҚазақстан Республикасы агроөнеркәсіп кешені дамуының жай-күйі, негізгі проблемалары мен бағыттарын қарастыру қажеттігі туындайды.
Қазақстан агроөнеркәсіп өндірісі дамуының маңызды ерекшелігі алабөтен – топырақтық-климаттық жағдайы мен өсімдік өсіретін топырақ бетінің әр түрлігі, олардыңь көлденеңнен және тігінен аймақтануын анықтайтын кең байтақ жер аумағы алып жатқандығы болып табылады. Температураның (100˚С) тиімді жиынтығы солтүстіктегі 250000-нан оңтүстік-шығыста 45000-ға дейін аралықта құбылып отырады. Мұның өзі субтропикалық және тропикалық дақылдардан басқа, ауыл шаруашылығының барлық дақылдарын, дәнді дақылдан бастап, жүзім және мақта өсіруге дейін мүмкіндік береді.
Қазақстан жер аумағының көп бөлігі егіншілікпен айналысуға нартәуекелмен баратындай аймаққа орналасқан. Республиканың солтүстігі мен орталығында жауын-шашын 140-350мм-ден оңтүстік-шығыстың және шығыстың таулы және биік таулы аймақтарында 450-900 мм-ге дейін жетеді.
Жер аумағының топырақ беті де қатты ерекшеленеді – республиканың солтүстігінде кәдімгі, қою қоңыр топырақ, қоңыр топырақ және ашық қоңыр топырақ болса, оңтүстігінде құба құмды топырақ, сұр топырақ және таулы сілтілі қара топырақты болып келеді. Қара топырақты жер көлемі бар-жоғы 15 миллион гектарға жуық жерді құрайды. Бұдан басқа, Қазақстанда 77 миллионға жуық гектар топырақтың эрозияға ұшырауына бейім жер, 50 миллион гектарға жуығы эрозияға қауіпті жер, оның ішінде 17,7 миллион гектарға жуығы егістік жер, 74 миллион гектардан астам жер сортаң және кейбір топырақты жер, оның 8 миллионға жуығы өңделген жер болып табылады.
Республиканың агроөнеркәсібінің тағы бір ерекшелігі — өндірістің мамандандырылуы мен шоғырландырылуының жоғарғы деңгейде болуы. Қазақстанның ауыл шаруашылығы кәсіпорындары егістік жер көлемі жағынан кеңестік кезеңде ТМД елдері бойынша орташа есеппен алғанда алты есеге жуық артық болды. Жалпы өнім өндіру көлемі бойынша 2-3, одан да көп есе болды. Осы жағдай қазіргі өтпелі кезеңде кеңшарлар мен ұжымшарларды реформалауды және оларды шаруа (фермерлік) қожалықтарына, кооперативтерге және басқа да нарықтық үлгідегі аграрлық кәсіпорындарға айналдыруды әлдеқайда қиындатып отыр.
Қазақстанның агроөнеркәсіп өндірісінің келесі ерекшеліктері – мұнда жақын шет елдерге қарағанда агроөнеркәсіп кешеніндегі салалалық сәйкессіздіктер көзге бірден ұрады, ауыл шаруашылығы өнімдері мен шикізатын өңдеумен, оларды сақтаумен және тасымалдаумен айналысатын қор шығаратын сфералар мен салалар, сондай-ақ, жалпы агроөнеркәсіп инфрақұрылымы нашар дамыған. 90-шы жылдардың басында агроөнеркәсіп кешені құрылымында ауыл шаруашылығының үлес салмағы 64%-ке жуық, бірінші сферада 8%-ке жуық және үшінші сферада 28%-тен астам болды. Республикада автомашина және комбайн жасау өнеркәсібі мүлдем жоқ. Қолда бар элеваторлық қуаттар астықты өңдеуді, ал ет комбинаттары етті толық қамтамасыз ете алмады. Осының салдарынан өндіріс өнімі көлемінің 30%-і ысырапқа ұшырады. Бұрынғы КСРО кезінде Қазақстан кооператорлары шикізатты республикадан тыс жерге шығарып, оны сонда өңдеп, дайын өнімді қайта алып келетін. Республикадан тыс жерге екі жақты тасымалдауға келетін шығыннан басқа бірқатар өнім алу үшін бастапқы шикізат болып табылатын өнім қалдықтары да өнім өңделген жерде қалып қоятын. Сондай-ақ, Қазақстан еңбеккерлері өндірген үстеме өнімнің бір бөлігі де сол ауыл шаруашылық өнімдерімен бірге сыртқа шығарылып отыратын.
Материалдық өндіріс сфераларының шамадан тыс шашыраңқы орналасуы жағдайында транспорттың жетіспеушілігі мен жол жүйелерінің нашар дамуы Республиканың агроөнеркәсіп өндірісінің дамуын қиындата түсетін ерекшеліктердің қатарын толықтыра түседі. Мысалы, Қазақстанда бір погон километр автожол жүйесіне бар-жоғы 38 метр асфальтталынған жол келеді. Ал, бұл көрсеткіш Өзбекстанда – 129 метр, Украинада – 324 метр, Эстонияда – 600 метрге жуық. Халықтың аз орналасуы да (бір шаршы километрге бар-жоғы алты адам) Республика агроөнеркәсіптік өндірісін орналастыру мен дамытуға кәдімгідей әсер етеді.
Міне, осындай қиыншылықтарға қарамастан, егістік жерлердің орасан көп болуы, топырақтың-климаттық аймақтың көптүрлігі мен олардың биоклиматтық потенциалының мол болуы, ауыл шаруашылық өсімдіктері жергілікті сорттарының және мал тұқымдарының генетикалық мүмкіндіктерінің болуы, ауыл шаруашылығын жүргізудің ғасырлар бойғы дәстүрі қалыптасқан Қазақстан халқының еңбекқорлығы шаруашылықты дұрыс жүргізген жағдайда жақын болашақта дамытуға, жалпы алғанда Республика тұрғындарын азық-түлікпен, өнеркәсіпті шикізатпен толық қамтамасыз етуге және Қазақстанның тіпті әлемдік аренада ауыл шаруашылық өнімдерін экспортқа шығарушы елге айналдыруына мүмкіндік береді.
2.3 Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені және оның
реформалау мен нарықтық қатынастарға көшу кезеңіндегі негізгі
бағыттары
Қазақстан 15 миллион адам тұратын Орталық Азиядағы ірі ел, ол өзінің көлемі жағынан дүние жүзінде сегізінші орын (жер аумағы 2 миллион 717,3 мың шаршы километр) алады.
Көмір, қара және түсті метелл, мұнай, газ өндіру жөніндегі дамыған өнеркәсібі, металлургия және металл өңдеу, машина жасау, химия және жеңіл өнеркәсібі мен қатар, республиканың мықты агроөнеркәсіптік потенциалы да бар.
Ауыл шаруашылық жерінің жалпы көлемі 222,3 миллион гектар, оның ішінде егістік жер 36 миллионнан астам гектар және шабындық жер 5 миллионға жуық гектар құрайды. Әрбір жан басына шаққанда шамамен 2,2 гектар жерден келеді. Бұл дүние жүзіндегі ауыл шаруашылығы жағынан дамыған көптеген елдердегіден әлдеқайда көп. Соңғы жиырма жылдың ішінде жыл сайын орташа есеппен 24 миллион тоннаға жуық астық, 1,5 миллион тоннаға жетеғабыл ет, 3,5 миллион тоннадан астам сүт және 100 мың тоннаға жуық жүн өндіреді.
Қазақстанда ауыл шаруашылығы дақылдарының 60-қа жуық түрі өсіріледі, сүтті және етті ірі қара, жүнді, етті-майлы және қаракөл қойлар, жылқы, түйе, шошқа, құстың бірнеше түрлері, марал, сондай-ақ, ара мен балық, мамық жүнді аң шаруашылығы бар. Республиканың агрөнеркәсіп кешенінің бірінші сферасы (І – қор шығаратын) машина жасау, микробиологиялық және химиялық өнеркәсіппен айналысады.
Агроөнеркәсіп үшін машина жасаумен Павлодар трактор зауыты, Ақмола эрозияға қарсы техника шығару өндірістік бірлестігі және «Манкентживмаш», «Актюбсельмаш» пен Мамлют машина жасау зауыттары мал шаруашылығы үшін машина жасаумен айналысады. Бұдан басқа, бөтен саладағы, оның ішінде қорғаныс зауаттарында да ауыл шаруашылық машиналарының кейбір түрлері және қосымша бөлшектер шығарылады.
Химиялық өнеркәсіп саласында Жамбыл және Ақтөбе облыстарындағы кәсіпорындар минералдық тыңайтқыштар шығарады. Мұндай өнімдерді жолай өнім ретінде Қарағанды металлургия және Өскемен титан-магний комбинаттары да шығарады. Шымкенттегі «Фосфор» өндірістік бірлестігі өсімдіктерді қорғаудың химиялық құралдарын шығаруды жүзеге асырады. Микробиологиялық өнеркәсіптің басын Шымкент гидролиз, Түркістан жемдік дәрілер және Степногорск «өркениет» сияқты үш зауыт біріктіріп тұр.
Республика агрөнеркәсіптік кешенінің екінші сферасында (ІІ- ауыл шаруашылығы) экономикалық реформалардың басында 2200 кеңшар және басқа мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындары мен 406 ұжымшар жұмыс істеді.
Қазақстан агроөнеркәсіп кешенінің екінші сферасында (ІІІ – дайындау, сақтау және тағы басқа) тамақ, ет-сүт және ұн-жарма өнеркәсібі кәсіпорындарынан, дайындау, сақтау, сондай-ақ, ауыл шаруашылығын өндірістік-техникалық транспорттық, агрохимиялық, мал дәрігерлік-санитарлық және суландыру жөнінен қызмет ететін кәсіпорындар мен ұйымдардың жүйесінен және агроөнеркәсіп кешенінің басқа да салаларынан тұрады.
Қазіргі жағдайда Қазақстандағы экономикалық жаңғырулар өзінің шешуші кезеңіне енді. Қазірдің өзінде нарықтық қатынастардың жұмыс істеуінің негізі және тиісті ұйымдық құрылым қаланып, бірте-бірте өндіріс құлдырауы тоқтатылып және алға қарай жылжу мүмкіндігі пайда болып, үлкен мақсаттар мен агроөнеркәсіптік өндіріс дамуының стратегиясы мен тактикасын анықтау қажеттілігі туды.
Республика Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» деген еңбегінде былай деп атап көрсетті:
«… барлық стратегиялық жоспарлардың алдында агроөнеркәсіп кешеннің дамуы, оны жүйелі және батыл реформалау келеді…». «Ауыл, селоны және агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың артықшылықтары туралы» Заң қабылдау да осы мақсаттарға арналды.
Мемлекет басшысының идеяларын, қабылданған заңдар мен Республика үкіметінің қабылданған қаулыларын іс жүзінде асыра отырып, Қазақ Ауыл шаруашылығы ғалымдары академиясының ғалымдары «Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 1993-1995 жылдарғы және 2000 жылға дейінгі тұжырымдық бағдарламасын» жасады.
Оны жасау барысы келесі обьективті факторларды еске алды:
— егемен мемлекет құру;
— материалдық өндіріс сферасындағы нарықтық қатынас заңдары;
— адам тамақтануының ғылыми негізделген нормалары;
— жеңіл және өңдеу өнеркәсібінің шикізатқа деген қажеттілігі;
— аграрлық ғылым мен техника жетістіктері;
— ауыл шаруашылық өнім өндірісінің тиімділігі:
Бағдарламада жергілікті жағдайда азық-түлік және өнеркәсіп үшін шикізат өндірудің тиімділігі, сондай-ақ негізгі ауыл шаруашылық өнімдерін сыртқа гығару және сырттан алу мүмкіндіктері ғылыми тұрғыдан обьективті және қатаң түрде талданды.
Тұжырымдық Бағдарлама тиісті министрліктер мен ведомстволар, облыстық әкімдер мен Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің мәжілісінде сындарлы жағдайда қаралып, Үкіметтің арнаулы қаулысымен мақұлданды. Сөйтіп, мемлекеттің жаңа аграрлық саясатының негізі қаланды.
Бұл бағдарламаның орындалуы Республика агроөнеркәсіптік өндірісінің дағдарысқа түскен қолайсыз жағдайында жүріп жатыр. Оның басты себептері төмендегідей:
- материалдық-техникалық ресурстар, шикізат жне азық-түліктің республика ішінде, әсіресе ТМД елдерінде қозғалу арнасының бұзылуы;
- меншік, баға және несие саясатына қатысты реформаның жүйелі іске асырылмауы;
- шаруа еңбегінің мүддесін қоғамдық өндірістен жеке өндіріске қайта бағдарлау; іскерлік үлгідегі жаңа тауар өндірушілер қалыптасу кезеңін бастан өткізуде, ал өндірістік құрылым мен меншіктік қатынастар түбірімен реформаланбаған рынок жағдайында кеңшарлар мен ұжымшарлар бейімсіздік танытуда;
- нарықтық қатынастарды игеруді тежейтін басқарудың әміршід-әкімшіл жүйесінің қалып қойған құрылымындағы консерватизм.
Ішкі көздердің есебінен өндіріс құлдырауын тоқтату, экономикалық жағдайды тұрақтандыру және ауыл шаруашылық өнімін өндіруді арттыруды қамтамасыз ету жөніндегі кезек күттірмейтін міндеттерді шешу үшін Бағдарламаларда мына төмендегідей шаралар қарастырылған:
- меншік қатынастарын қайта құру, жекешелендіру тәсілдері мен қарқыны, бәсекелестік қатынасты дамытуды қамтамасыз ететін көпукладты экономиканы қалыптастыру және агроөнеркәсіптік өндірістің тиімділігін арттыру жөніндегі экономикалық реформалар бағытына түзетулер енгізу;
- агроөнеркәсіп кешенінің еркін баға белгілеуге көшуін қамтамасыз ететін тиісті қаржылық-несиелік және баға жүйесін, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен өнім ұсынушыларды мемлекеттік қолдаудың әр түрлі тәсілдері мен әдістерін, монополист-кәсіпорындар өнімінің бағасын шектеуді, шет елдік инвестицияны тарту және біріккен бизнесті дамыту мәселелерін жасау және жүзеге асыру;
- тауар қорларын қалыптастырып, реттеуге мүмкіндік беретін және соның негізінде рынок сыйымдылығы, баға коньюктурасы мен өнімді тиімді пайдалану деңгейін арттыратын агроөнеркәсіп кешенінің қазіргі заманғы инфрақұрылымын құру;
- агроөнеркәсіп кешенінің терең құрылымдық жаңғыруын төмендегідей бағыттарда жүзеге асыру:
- Республиканың табиғи аймақтарының биоклиматтық потенциалын олардың экологиялық жүйе талаптарына, экономикалық мақсаткерлігіне, өзін-өзі қамтамасыз етуіне, негізгі ауыл шаруашылық дақылдары егіс көлемі құырылымының әлемдік рынок коньюктурасына сәйкестендірілуі;
- Ауыл шаруашылығындағы мал басының генетикалық потенциалын әрбір табиғи аймақтағы жем-шөп базасының мүмкіндіктеріне орай толық пайдалану;
- Агроөнеркәсіп кешенінің өндірістік негізгі қордағы қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында ауыл шаруашылық машиналарын жасау салаларын құру;
- Қуаты және орналасуы жағынан тиімді өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындар жүйесін қалыптастыру;
- Экономиканың көпукладтылығы және жеке меншіктің пайда болуын есепке ала отырып, селодағы әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту:
- агроөнеркәсіптік кешен араласатын экожүйелердің барлық элементтерінің экологиялық қауіпсіздігіне экономикалық, құқықтық және техника-технологиялық кепілдік беретін жүйелер құру.
Сыртқы экономикалық қызметті күшейту үшін тиісті инфрақұрылымды дамыту және бухгалтер, маркетолог, салық инспекторлары, банк қызметкерлері және халықаралық экономикалық жүйелер жөніндегі маман-кадрларды дайындау қажет. Тиісті ақпараттық қызмет құру және дүние жүзіндегі ақпарат көздеріне жол ашуды қамтамасыз ету ерекше мәнеге ие болады. Бұған қоса, сыртқы экономикалық қызметтің лицензиялық және құқықтық негізі жөніндегі жаңа заң және нормативтік актілерді жасау және қабылдаудың айрықша қажеттілігі туады. Сондықтан Қазақстан Республикасына жоғарыдағы Бағдарламада көрсетілген шараларды тиісті деңгейде жүзеге асыру қажеттілігі туындап, оны іске асыру келешек ұрпақтың мақсаты ретінде қарастыру жөн деп есептейміз.
Қорытынды
Ұзақ мерзімді басымдылықтарды таңдап алу,міндеттерді белгілеу және болашақ жылдардыың іс-қимыл жоспарын әзірлеу – аса күрделі міндет. Алдын ала бәрін болжау мүмкін емес. Бұл жолда қандай қиыншылықтардың да тосып тұғаны да беймәлім. Алайда осынау ұзақ мерзімді басымдылықтарды әзірлеу бірден бәріміздің қажырымызды жаншып, іске жұмылдырары анық, ал бұл бізге жетіспей жүрген қасиет.
Бүгінгі ұрпақтың көпшілігінің осынау стратегиямыздың іске асқан кезіне жетер-жетпесі де неғайбыл. Ендеше онысы нақтылығы мен дұрыстығын бағамдау – біздің балаларымыздың еншісі. Біздің күнбе күнгі мақсаткерлігіміз бен табандылығымызға баға бере отырып, оны әлем жұртшылығына саралайтын болады.
Осынау ұзынсонар жолда бізді орасан зор ішкі және сыртқы қиындықтар тосып тұр. Өз дамуының стратегиясын әзірлеуге қауқары жетпеген көптеген елдер әлемге аян. Өз жоспарларын іске асыра алмаған мемлекеттер болғанының мысалы одан да көп. Жағдаяттардың ыңғайы, бастаушыларының саяси ерік-жігері мен қабілетінің әлсіздігі оларды мұратына жеткізбеді.
Егер күн сайын енжарлығымызды еңсеріп, бойымыздағы барша күш-қуатымызды басты бағыттарға жұмылдыра алмасақ, табандылық пен икемділік , тәртәп пен шығармашылық қарым таныта алмасақ, біздің де осындай күйге ұшырауымыз ықтимал.
Күнбе-күнгі қам-қарекет пен ағымдағы істердің ыңғайына жығылып, басты нысанымызды біртіндеп естен шығару, жеңіл, тіпті, кейде керексіз жұсымтарға ауысып, ауырын, алайда стратегиялық тұрғыдан маңыздысын кейінге ысыру – ежелгі сіңісті дертіміз. Сондықтан да күн сайын алдымызда тұрған басымдылықтарды бажайлау, әр күн ертеңгілік алдағы мақсатымызға қарай алға жылжудың аз да болса қамын ойлау, содан кейін әр кеш сайын уақытымызды қаншама тиімді пайдаланғанымызды бағамдап отыру абзал.
Жыл соңына дейін барлық 7 басымдылығымыздың әрқайсысы бойыншаоларды іске асырудың үш жылдық және жылдық нақтылы жоспарлары әзірленіп, олар кейіннен даму жоспарлары мен бюджеттің негізіне алынады.
Үкіметтің құрылымы біздің стратегиялық басымдылықтарымыз бен жоспарларымызға сәйкес келтіріледі.
Биылдың өзінен бастап Президенттің, Үкіметтің, Парламенттің және жергілікті өкіметтің қызметі өзімізідің ортақ стратегиямызды іске асыруға бағындырылады.
Қазақстан Үкіметінің әрбір министрінің қолында стратегиялық жұымс жоспарлары болады, әрі ол өз ведомствосының, сол жоспардың әр бір нақтылы тармақтарын орындау жөніндегі қызметі жайында есеп беруіміз қажет.
Жыл сайын, елбасының азаматтар, халық алдында не істегені, нені істемеген және неліктен бұлай болғандығы жайында есеп береді. Әр бір жыл сайынғы Жолдауда біздің стратегиялық мақсаттарға қарай ілгерілей түсуіміз үшін келесі жаңа жылдарға міндеттер қойылып отырады.
Алдымызда тұрған қиындықтардың көптігіне қарап, бұл жоспарларлы байыпсыздық санар көптеген күмәншілер де табылар. Бәзбіреулер біздің мұратымыз бен стратегиямызды бос сөзге балар. Енді біреулері орталықазиялықтар, оның ішінде қазақстандықтар Барыс болуға қабілетсіз дер.
Біз үшін мұсылман әлім елдерімен халықаралық ынтымақтастық пен мәдени алмасулар құрылымдарына белсене қатысу мейлінше табиғи нәрсе. Біз сондай-ақ, ислам және Араб Шығысы елдерінің көпшілігімен өзара тиімді және өзара байытатын екіжақты қарым-қатынастарды белсенді дамытып келеміз.
Халықаралық қоғамдастықта біздің елімізді мекен ететін және біртұтас Қазақстан халқын құрайтын барлық ұлт өкілдерінің толеранттылығын, конфессияаралық және мәдениетаралық келісімін қамтамасыз етуге бағытталған дәйекті саясатымыз қазірдің өзінде кеңінен танылып отыр. Халқымыз осы заманғы және бәсекеге қабілетті зайырлы мемлекетті белсене орнатып жатыр.
Қазақтың халық мақалы «Шапшаң жүргенге шаң жұқпас» дейді. Сондықтан да бізге – уақыт төреші. Мұратына жүрген жетеді демекші, алдымызға қойылған стратегиямыздан жаңылмай осындай қарқынмен дами берсек, онда аздаған жылдарда келелі нәтижеге жетеріміз сөзсіз десек те болар.
Пайдаланылған әдебиеттер
- Қазақстан – 2030. Алматы: ЮРИСТ, 2003. – 121 б.
- Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Астана, 2006жылғы 1-ші наурыз.
- Б. Жүнісов, Ү Мәмбетов, Ү. Байжомартов. Нарықтық экономика негіздері. Алматы, 1994 ж,
- Шеденов Ө., Сағындықов Е., Жүнісов Б., Байжомартов Ү., Комягин Б. Жалппы экономикалық теория. Ақтөбе, 2004 ж.
- В. Крымова. Экономикалық теория. Кестелі оқу құралы. Алматы, 2003 ж.
- С. Райымқұұлы. Экономикалық теория негіздері. Шымкент, 2003 ж
- Нарықтық экономикада дамыған елдер өнеркәсібіндегі салыстырмалы еңбек құқығы мен өндірістік қатынастар. Редакторлар: Р. Бланпейін, С.Энгельс. Алматы, «Дәнекер» баспасы, 1999 ж.
- Нарықтық экономиканың теориясына кіріспе. Б. Мәдешов. Алматы, 1995 ж.
- Экономикалқы теория. Я. Әубакиров, Б. Байжұмаев, Ф. Жақыпова, Т. Табеев. Алматы, 1999 ж.
- Н. Назарбаев «Тәуелсіздігіміздің бес жылы», Алматы, «Қазақстан» 1996ж, 626-627 беттер
- Әубәкіров «Экономикалық теория негіздері» Алматы «Санат» 1998ж
- Бибатырова И.А «Реттелетін нарықты шаруашылық» Лекция курсы, Алматы 1994ж
- Елмесов Р.С. «Халықаралық экономикалық қатынастар» Алматы-2002ж «Қазақ университеті»
- Дулатбекова Ж.А. Шымкент 2001ж Микроэкономика
- Жатқанбаев Е. «Аралас экономика негіздері» Алматы «Қаржы-қаражат», 1996ж
- Жунисов Б. «Нарықты экономика негіздері» Алматы, ҰУ, 1994ж
- Куликов Л. «Основы экономической теории» Схема – конспект (қазақ тілінде) 1994ж
- Кулагин П. «Рынок в социалистической экономике» — Қаржы экономика
- Ленин В.И. Толық шығармалар жинағы. 3-том, 383бет
- Мамыров «Макроэкономика» Алматы экономика 2003ж
- Отаров Ә.К. «Нарықтық экономика негіздері» Шымкент 20001ж
- Сейітқасымов «Ақша, несие, банк» экономика Алматы-2001ж
- Саниев М.С. «Ақша, несие, банктер» Алматы экономика және статистика институты.