«Әдеттегіден көбірек ауыстыру қажет». Дәрігерлер аязды күні бетперде тағуға қатысты кеңес берді

0

Аязды күндері бетпердені әдеттегіден де көбірек ауыстыру қажет. Араға 30 минут салып беттің тыныстауына мүмкіндік беріңіз. Бұл тері ауруларының алдын алады. Сондай-ақ, бетпердені адам шектен тыс көп жерде ғана таққан абзал. Қалған уақытта таза ауамен емін-еркін тыныстауға болады.

Медицина ғылымдарының кандидаты, тері ауруларының дәрігері Николай Арсеньтев аязда таққан бетперденің тері үшін кері әсері мол екенін атап өтті. Бұл сыртқы және демалған кезде шығатын ауа температурасының әртүрлі болуымен байланысты. Алайда қазіргі сәтте масканы мүлдем қолданбау мүмкін емес болғандықтан, бар болғаны теріге екі есе көбірек мән беру қажет.

Теріге байланысты проблема туындаса, маманға жолыққан жөн. Дәрігер өз бетінше дәрі-дәрмек, түрлі май сатып алуға кеңес бермейді. Себебі, бір адамға жаққан нәрсе екіншісіне мүлдем керісінше әсер етуі мүмкін.