Алматыда полицейлер ойыншық ұрлады деген күдікке ілінді (видео) — новости Казахстана
Алматыда жәрмеңке ұйымдастырушылары полицейлерді тауар ақшасын төлемей ойыншықтар алып кетті де айыптаған. Бұл туралы Zakon.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.
Видеодан полицей киімін киген бірнеше адам келіп, ойыншықтарды алып кеткенін көруге болады.
ІІМ-гі қазір аталмыш оқиғаға қатысты тексеру жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Оқиға Алматы қаласында болған. Қазір тәртіп сақшыларының ол жерге не мақсатпен барғаны анықталуда.
Ер адамдардың құқық қорғау орындарында істейтіні дәлелденсе, олар қызметтерінен босатылатын болады. Ал басшылықтары әкімшілік жазаға тартылады.
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар