Жоғалып кеткен ақтөбелік әйел 3 айдан кейін табылды
Ол шаруашылықта аспаз болып жұмыс істеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қобда аудандық полиция бөлімі осы жылдың қыркүйек айында белгісіз бағытқа кетіп, хабарсыз қалған Ольга Русанованы тапты. Іздеу жұмыстары кезінде Ресей Федерациясының шекаралас облыстарына да ақпарат жіберілді. Жоғалған әйел Қобда ауданының шаруашылығынан табылды. Ол аспаз болып жұмыс істеген», — деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.