пайда болу себептері, оларды жою жолдары

0

​Көз астындағы қара дақтар: пайда болу себептері, оларды жою жолдары


Сіз ішімдік ішпедіңіз, жақсы ұйықтадыңыз, ал таңертең көз астында қара дақтар сізді мазалап отыр ма? Әрине, бұл көпшілікті мазасыз күйге түсіретіні белгілі. Олардан тездетіп қалай құтылуға болады?

Көз астында қара дақтың пайда болуының түрлі себептері бар, олардың кеңінен тарағаны –дұрыс өмір салтын ұстанбау. Ұйқының жеткіліксіздігі, күйзелістен қажу, ішімдік ішу, дәрумендер жетіспеушілігі — көз астында қара дақтардың пайда болуына түрті болады.

Егер бұл мәселе сізді кей кездері мазалап жатса, әрине, төмендегі кеңестер жеткілікті. Ал олар сізді үнемі мазаласа, дәрігерге көрінген дұрыс.

Суықтың көмегімен ісікті басыңыз.
Көздің ісінуі аллергиясы бар адамдарға жақсы таныс. Бұлай болудың бір себебі — тіндерде судың жиналып қалуы. Сонымен қатар көз кеуіп кеткеннен де пайда болады, сұйықтықты сақтаймын деп үнем осыған әкелуі мүмкін.

Мұндай кездері ісікті басу үшін ең алдымен теріні салқындату керек. Бұл үшін арнайы көзілдірік немесе тоңазытқыштан қиярды алып, дөңгелектеп турап, көзге басу керек. Тіпті шай қасық, банан мен бал да көмектесе алады. Суыған шай қалташаларын тұтынбаңыз, бұл аллергия туғызуы мүмкін.

Қара дақтар косметикалық проблема секілді
Күйзеліс пен ұйқы жеткіліксіздігі кезінде әдетте қара дақтар пайда болып жатады. Бұл сонымен қатар бет терісін дұрыс күтім жасамағанда, жас ерекшелігіне қарай орын алуы да ықтимал.

Көз астындағы қара дақтарды консилер деп аталатын косметикалық құрал арқылы басуға болады. Бұл жерде ең маңыздысы — көз айналасындағы теріні үнемі ылғалдандырып отыру.

Көз астындғаы қара даққа қатысты дәрігерге жүгінетін кез
Егер ұзақ уақыт бойы көз астындағы тері күлгін, сұр, қоңыр, көкшіл түсті болса , бұл түс үнемі сізді мазаласа, дәрігерге көріну қажет. Медицина қызметкерлерінің кеңесіне жүгінудің бірден-бір себебі — көз астындағы ісіктің не қара дақтың салауатты өмір салтын ұстанған кездері де кетпеуі. Кей кездері бұл бүйрек немесе қалқанша безі проблемасының әсерінен туындауы мүмкін.

Ештеңе көмектеспесе: оперативті араласу
Егер көз айналасындағы жаман түрдің қалыптасуы лимфа жүйесінің жиналуы салдарынан болса, сізге лимфодренаж көмектесе алады. Оның механикалық және қарапайым (сылап-сипалау арқылы) түрі бар. Массажды косметолог жасайды. Ұзақмерзімді әсерге оперативті араласу арқылы немесе сұлулық екпесін салу арқылы да қол жеткізу мүмкіншілігі бар.

Дереккөзі:​orthodox.od.ua