Психологияда қалыптасқан ғылыми бағыт-бағдарлар. Генетикалық психология туралы реферат
Тақырыбы: Психологияда қалыптасқан ғылыми бағыт-бағдарлар. Генетикалық психология
ПСИХОЛОГИЯДА ҚАЛЫПТАСҚАН ҒЫЛЫМИ БАҒЫТ – БАҒДАРЛАР
«Халық пен халықты,
адам мен адамды теңес-
тіретін нәрсе білім»
М.Әуезов
- Психиканың рефлекторлық сипаты
- XX әасырдың 20 — 30 жылдарындағы психология дағдарысы.
- Генетикалық психология.
- Гуманистік психология.
- Балалар психологиясының әдістері.
Адам анатомиясын зерттеген жаратылыс-танушылар мен дәрігерлер ежелгі дәуірлерде -ақ психикалық құбылыстардың ми қызметімен байланыстылығы жөнінде болжам айтқан, әрі психикалық сырқаттарды сол ми қызметінің бұзылу салдарынан деп топшылаған. Мұндай пікір, көзқарастарға жарақат немесе сырқаттан зақымданған адам бас миына бақылаулар негіз болған. Осындай сырқаттарға кезіккен адамның психикалық қызметі күрт бұзылысқа келеді: көзі көрмейді, құлақ естімейді, ес, ойлау, сөйлеу қабілеті кемиді, кейде өз қозғалысын басқара алмай қалады және т.б. Осы психикалық әрекет пен ми жұмысының арасындағы байланысты ашу психиканы ғылыми зерттеудегі негізінде қандай физиологиялық механизмдер жатқанын түсіндіріп бере алмайды.
Психологиядағы бұл ғылыми мәселе өз шешімін барша психикалық іс — әрекет түрлерінің рефлекторлық сипатына байланысты ғана табуы мүмкін. Бұл проблеманы айқындауда орыс ғылыми — психологтары М.М.Сеченов (1829-1905) пен И.П.Павлов (189-1936) көп еңбек сіңірген. М.М.Сеченов өзінің әйгілі «Бас ми рефлекстері» (1863) еңбегінде рефлекторлық принципті адамның бас миы қызметіне, одан әрі барша психикалық іс -әрекетіне жая қолданды. Ол «адамның бүкіл саналы да санасыз (астарлы) өмірдегі әрекеттері өзінің туындауы жағынан рефлекстерге байланысты, немесе рефлекстік әдіс», — деп жазған. Бұл психиканы объективті түсінудегі алғашқы қадам еді. Бас миы рефлекстерін шұқшия талдай отырып, Сеченов оның басты үш байланыс бірлігін анықтады: бастапқы бірлік жүйке қозуы процесінде миға сезімдік қозуда, онсыз ешқандай ой өрістеугі мүмкін емес», — деп жазды. Срнымен бірге ғалым сыртқы жаәдайлар әсерлері, барша өмір тәжірибесі қамтылады. Осылайша И.М.Сеченов рефлекстің миға байланысты бірлігін оның табиғи бастауынан және ақырынан бөліп, оқшаулау орынсыз екенін көрсетіп берді.
Психикалық процестердің атқаратын міндеті қандай? Бұл әрекетті өзгермелі жағдайларға сай етіп отыру — сигналдық және реттеу қызметтері. Психикалық құблыс жауап әрекетті өздігінен реттей алмайды. Бұл сыртқы дүние жөніндегі ақпарат келіп түсуші, сақталушы, және өңделуші мидың белгілі бөлімдерінің қасиеті, қызметі. Психикалық көрністер бұл мидың сыртқы және ішкі әсерлерге жауабы, яғни психикалық құблыс — бұл нақ осы мезетте, өткен тәжірибеде болған, осы әсерлерді қорытындылап немесе олардың нәтижесін білуге жәрдемдескен тітіркенгіштерге жауап әрекеттерді реттеуші механизм. И.М.Сеченов ғылымға психиканың рефлекстігі мен іс — әрекеттің психикалық басқарылуы жөніндегі идияны қосты.
Іс — әрекеттің рефлекторлық принциптері өзінің экспериментальдық негіздемесін И.П.Павлов және оның шәкірттерінің еңбектерінде тапты. И.П.Павлов Сеченовтың психикалщқ іс — әрекет мидың рефлекторлық қызметі екендігі туралы таәылымның дұрыстыәын дәлелдеді, психикалық құблыстың негізгі физиологиялық заңдарын ашты, әылымының жаңа саласы жоәары нерв қызметіиің физиологиясы, шартты рефлекстер жөніндегі білімнің негізін қалады. Организмге әсер етуін тітіркендіргіштер мен оларға жауап реакциялар арасында уақытша байланыстар түзіледі. Осы байланыстарды пайда ету бас ми қыртыстарының ең маңызды қызметі. Уақытша жүйке байланысы ми қызметі ретінде психикалық іс — әрекеттің қай бірінің болмысын негізгі физиологиялық механизмі болып табылады. Миға қандай да бір тітіркендіргіш әсер етпей, ешбір психикальіқ құблыс өздігінен туындамайды. Әрқандай психикалық процесс пен қалған уақытша байланыстың соңғы нәтижесі тыс әсерлерге жауап сипатындағы сырттай көрніс берген әрекет. Психикалық қызмет осыдан объективтік дүние заттары мен құблыстарының әсерінен туындаған мидың рефлекторлық бейнелеу жұмысы. Келтірілген тұжырымдардың бәрі объектив шындықты бейнелеу механизмінің мәнін ашып отыр. Сонымен, жоғары жүйке қызметі жөніндегі таәлимат психикалық құбылыстарды материалистік тұрәыдан түсіндірудің жаратыл-ыстану ғылымымен сабақтас-қан ірге тасы.
Уақытша жүйке байланысын әрқандай психикалық іс — әрекеттің физиологиялық механизмі деп танудың маңыздылығынан психологиялық құблыстың физиологиялық механизм сипатымен шектеліп қалмай, мидағы бейнеленген нақты дүние, яғни психикалық құблыстың мазмұнымен байланысты. Жануарлар мен адамдардың сыртқы ортамен сабақтас-тығының ми тарапынан басқарылып, реттелу заңдылықтары жөніндегі И.П.Павлов тұжырым-дарының жиынтызы екі сигналдық жүйе теориясы деп аталады. Шартты рефлекс типі бойынша қылық-әрекеттің өзгеруіне ықпал етуші зат бейнесі жануар үшін қандай да шартсыз тітіркендіргіштің сигналы қызметін атқарады. Жануарлар өз әрекет — қылығында И.П.Павлов бірінші сигналдық жүйе деп атаған физиологиялық тетікке тәуелді. Жануарлардың барша әрекет болмысы бірінші сигналдық жүйе деңгейінде орындалады.
Іс — әрекет пен қылықты бағыттап, реттеуде бірінші сигналдық жүйе адам өмірінде де үлкен маңызда ие. Бірақ адамның жануарлардан ерекшілігі; онда бірінші сигналдық жүйе мен қатар екінші сигналдық жүйе болады. Екінші сигналдық жүйенің болмысы, яғни «сигналдар сигналы», -деген сөз.
Сонымен, психика — ми қасиеті. Түйсік, ой, сана — ерекше тәсілмен ұйымдасқан материяның ең жоғарғы өнім туындысы. Организмнің психикалық әрекеті көптегең дене мүшелерінің қызметі арқасында жүзеге келеді. Олардың бірі әсерлерді қабылдайды, екіншілері оларды сигналға айландырып, іс — әрекетті жоспарлап, қадағалап отырады, ал үшіншілері — бұлшық еттерді әрекетке келтіреді. Осы күрделі жұмыстардың бәрі қосылып, қоршаған ортада адамның жол тауып жүруінің белсенді құралы болмақ. XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы психология: дағдарысы.
XX ғ. басында өркендей бастаған ғылым мен өндіріс — экономикалық талаптарына орай сана психологиясының дағдарысы қылаң берді. Интроспекттік психология практикалық қолданба енгізулерді қажет еткен капиталистік өндіріс проблемалары алдында өз дәрменсіздігін байқатты. Оның субъектив әдістері қоғамның объектив қажеттіліктеріне сай келетін ұсыныстарға шамасы жетпеді. Осыдан психология зерттеулерін жаңа, объектив әдістер тұғырына орынқтыру жолдары іздестіріле бастады.
Сана психологиясының дағдарысы, сонымен бірге, ғасыр аяғында Францияда кең өріс алған невропатология және психиатрия саласындағы зерттеулердің нәтижесімен де байланысты еді. Мұндай бейсанаға тәуелді әрекет — қылықтар эксперименталды және клиникалық талдауға алынды. Осының нәтижесінде психология сана жөніндегі ғылым емес деген пікір пайда болды.
Бихевиоризм — XX ғ. американ психологиясының басты бағыты: ол психологияның мақсаты сананы тану емес, әрекет — қылықты зерттеу, деп білді. Бихевиоризм теориясы негізінде адам мен хайуанаттардың әрекет — қылығы сыртқы орта әсеріне болған организмнің кері жауаптарының жиынтығы деген түсінік жатыр.
Гештальтпсихология — XX ғ. бас кезінде Германияда пайда болған идеалистік психологияның бір бағыты. Басты өкілдері: М.Вертхаймер, В.Келлер, К.Кофмен, К,Левин. Гештальт-психология механикалық жаратылыс-тану ғылымының жалпы дағдарысқа ұшырауына байланысты ассоциативті психологияға қарсылық білдіру рухында туды. Гештальттар «элементтер психолдгиясына» қарсы әрбір психологиялық процестің біртұтастығы мен өзіндік сапасын жақтады. Олар тұтастықты элементтерден тіпті өзгеше жаңа, өзінің ішкі заңдылығынан туып, өзгеріп отыратын, түсіндіріп болмайтын тек баяндауға ғана келетін құбылыс деп пайымдайды. Сонда, бұл дыбыстар бір — бірімен байланыссыз әсерлер ретінде қабылданбай, белгілі құрылымы бар, сол дыбыстардың «гештальты» болып табылатын «әуен» ретінде қабылданды.
Генетикалық психология.
Швейцария ғалымы Ж.Пиаженің генетикалық психология тероиясы психология ғылымының кең өріс жаиған бағыттарының бірі. Өз зерттеулерін негізге ала отырып, Ж.Пиаже гениетикалық әдісті психологиялық болмысты таңуда жетекші әдіснамалық принцип дәрежесіне көтерді.
Өз зерттеулерінде ғалым бала ақыл — есінің қалыптасуына назар аудара тырып, ғылыми психологиядағы зерттеулер бала интеллектінің дамуын байқаудан басталып, сол арқылы ересектердегі интеллект табиғаты мен қызметін білуге болады деп пайымдады.
Пиаженің негізгі міндеті адам интеллектінің құрылымын зерттеу Осы құрылымды ол қарапайым органикалық тіршіліктің эволюциялық даму барысында жеткен нәтижесі деп білді, яәни интеллекттік күрделі ақыл естің жай психикалық элементтерден құралатынын дәлелдемекші болды.
Пиаже тұжырымының ең үлкен қатесі-баланың біртұтас дамуын ескерместен, ақыл – естің өрістеу тұғырын интеллекттің өзінен іздеді, ал сананы дамытушы факторлар арасында ол қоғамдық тарихи әрекет болмысына ешқандай орын қалдырмады.
Пиаженің теориялық тұжырымдары жоғары деңгейдегі ойлау қабілеттерінің көзі өткендегі ой мүмкіндіктерінде болатынын дәлелдеп бақты. Ой қабілеті өзінен — өзі бітбейтінін, ал даму адам қасиеті екенін, сол адамның адамгершілік қасиет қатысымен шыңдаләан сайын оның санасының жан — жақты дамып, ойлау дәрежесінің көтерілетінін тіпті көре білмеді.
Генетцкалық психология зерттеулеріндегі ең үлкен олқы — кемшілік: интеллект даму деңгейінің бірінен екіншісіне өтуде оқудың маңызы орынды бағаланбай, әлеуметтік — қоғамдық фактордың жеке адам қалыптасуындағы мәні жоққа шығарылды.
ГЕНЕТИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ
Тест сұрағы.
- Генетикалық психологияның зерттеулер аймағы-
а) ересектер психикасы
б) балалар психикасы.
в) жануарлар әрекет — қылығы
г) сана мен әрекет байланысы
д) адам интеллекті
- Адамды тану үшін сананы емес, әрекет қылықты зерттеу қажет деп білген психологиялық бағыт-
а) когнитивтік
б) гуманистік
в) гештальтпсихологиясы
г) бихевиоризм.
д) генетикалық психология
- Американ ғалымы Э.Торндайк бастауын салып, дамытқан психологиялық теория-
а) генетикалық психология
б) тұңғиық психологиясы
в) гештальтпсихология
г) бихевиористік психология.
д) гуманистік психология
- Психикалық бейне мен оны туындататын нақты әрекет арасындағы байланысты жоққа шығарған психологиялық теория-
а) бихевиористік
б) гештальттық.
в) гуманистік
г) генетикалық
д) прагматистік
- Швейцария ғалымы Ж.Пиаже өрбіткен психология-лық теория-
а) гуманистік
б) генетикалық,
в) бихевиористік
г) когнитивтік
д) фрейдизм
ТЕМПЕРАМЕНТ
меланхолик холерик
флегматик сангвиник
ТЕМПЕРАМЕНТ — жозары жүйке қызметінің типтік ерекшеліктеріне сәйкес адамның даралық сипатын білдіретін психологиялық ерекшелік. Темперамент адам мінезінің табиғи негізін анықтайды. Жоәары жүйке қызмет типтерінің күшіне, теңдігіне (қозу мен тежелу) және ауысу ерекшеліктеріне сәйкес темпераменттің төрт түрі сипатталады. Олар: холерик, флегматик, сангвиник, меланхолик.
Темперамент жайлы ғылыми көзқарастар әр түрлі. Дегенмен, темпераменттердің табиғи-ғылыми негізі жоғары жүйке қызметінің типтері екенін ғылыми тұрғыдан ашып көрсеткен физиолог ғалым И.П.Павлов.
ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ЖІКТЕЛУІ (КЛАССИФИКАЦИЯСЫ)
|
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||
Психология ғылымының құрылысы психиканың дамуы мен адамның іс-әрекетіне сәйкес мынадай негіздерге сүйенеді:
- Нақтылы іс-әрекет түрлері;
- Психиканың дамуы;
- Азаматтық әлеуметтік ортамен қарым-қатынасы
Гуманистік психология
Гуманистік психологияның негізін қалаушы-лардың алдына қойған мақсаты-бихевиоризм мен психоанализді дәріптеушілердің адам мәселесін-дегі ауытқуларын орнына келтіріп, шындыққа жақындау, өміршең психологияны таңдап алу еді. Өз зерттеулерінің объекті ретінде гуманист-психологтар салауатты, шығармашыл жеке адам түсінігін таңдады. Мұндай міндетті бұл уақытқа дейін ешбір психологиялық ғылыми мектеп өз мойнына артқан емес еді. Бұлар талдауындағы жеке адамның мақсаты — өзін-өзі кемелдендіру және мүмкіндіктерін өз күшімен ашып, жая білу. Гуманистік бағыт көрнекті өкілдерінің бірі Абрахам Маслоу еді. Ол жеке адам психологиясын есі ауысқандарды зерттеумен білу мүмкін еместігін қадап айтқан. Маслоу адам іс-әрекетінің өзін-өзі таныту мен өз мүмкіншілітерін ашуға деген ынта-ықыласында деп есептеген. Өз мүмкіншіліктерін ашуға деген қажеттілік бірнеше қызметпен байланысты. Адамгершілік, этиқалық қасиеттерді тума құбылыс деп тану-биологиязациялық дағарысқа тірелудің басы.
БАЛАЛАР ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ ӘДІСТЕРІ
Балалар психологиясының әдістері — баланың дамуын сипаттайтын фактыларды анықтау тәсілдері.
Былай қарағанда осы фактылар бізді барлық жағымыздан қоршап тұрғандай. әрбір ана, әрбір тәрбиеші баланың дамуын қадағалап отырады және бұл дамудың барысын айтып, көптеген мысалдар келтіре алады. Ырақ, әдеттегі әсер кезінде басты мәселе екінші кезектегі ұсақ-түйекпен, болжам мен жорамал нақты фактылармен араласып кетеді. Ал ғылым бақылаушының жеке басының әсеріне байланыс-сыз жасалған және тексеруге болатын: кез-келген басқа зерттеуші қайта ала алатын сенімді де объективті фактілерді қажет етеді.
Атап өткеніміздей, балалар психологиясы балалардың психикалық дамуын зерттейді. Дамуға қатысты фактыларды әр жастағы балалардың ерекшеліктерін өзара салыстыра отырып алуға болады. Мұның екі жолмен: яки бір баланы ұзақ уақыт бойы зерттеп, байқалған өзгерістерді есепке алып отыру жолымен, яки балалардың әр жастағы тобынан біршама көп балаларды алып зерттеп, әр жас арасындаәы балалардың бір-бірінен қандай өзгерістері болатынын анықтау жолымен жүзеге асуы мүмкін,
Балалар психологиясын зерттеудің негізгі әдістері — бақылау және эксперимент.
Бақылау. Бақылау кезінде зерттеуші баланың мінез-құлқын табиәи жағдайда белгілі бір мақсат көздей отырып қадағалайды және көріп байқаған-дарын көзден таса қылмай есепке алады. Бақылаудың табысты болуы оның мақсатының қаншалықты дұрыс тұжырымдалғандығына байланысты. Егер зерттеуші бақылау басталмас бұрын бала мінез-құлқының қай жағына көбірек көңіл аударуы керек екенін анықтап алмаса, онда әсері бытыраңқы, тұрақсыз болады.
Жаппай және ішінара бақылаулар болады. Жаппай бақылаулар ұзақ уақыт бойы жүргізіледі де, бала мінез-құлқының көп жазын қамтиды. Ол бір немесе бірнеше балаәа қатарынан жүргізіледі. Әрине баланың әр қимылын, әр сөзін қалт жібермей есепке алып отыру мүмкін емес. Жаппай бақылаулар әрқашан азды-көпті іріктеліп жасалады: бақылаушыға маңызды, көңіл аударарлық болып есептелгендер, баланың жаңа сапасымен мүмкіндігін көрсететіндер ғана жазылып отырылады.
Эксперимент. Бақылауға зерттеушінің бала психикасындағы өзін қызықтыратын белгілерді табуына әсер ететін неғұрлым белсенді әдіс көмекке келеді. Ол — психологиялық эксперимент. Эксперимент кезінде зерттеуші баланың іс-әрекеті өтетін жаәдайды әдейі жасайды және түрін өзгертеді, олардың алдына белгілі міндет қояды. Осы міндеттің қалай шешілуіне қарай сыналушының психологиялық ерекшеліктері қаралады.
Мәселен, бір зерттеу кезінде мектепке дейінгі балалық шақта ойлау мүмкіндігі қимылдардың, бейнелердің, сөздердің көмегімен қалай дамитынын бақылаған. Мектепке дейінгі түрлі жастағы топтардың балаларына «тетікті» міндеттер сериясы ұсыныләан. Оның мәнісі бала «тетіктің» алыс жатқан иініне бекітілген суретті алуы үшін «тетіктің» өзіне жақын жағын қалайша бұру керектігін білуі керек.
Міндеттер үш түрде берілген. Бірінде нақтылы тетіктер баланың алдында, столға бекітілген. Демек, бала оны өз қолымен ұстап, қажет деген жазына қарай бұра алады. Екінші жағдайда, осының бәрі сурет арқылы көрсетілген. Ал үшінші жаәдайда балаға бұл туралы ауызша айтылып түсіндірілген. Сонда мыналар анықтал-ған: үш жасар балалар міндетті нақты жағдайда ғана шешкен, сурет бойынша кейінірек, ал, ауызша айту бойынша шеше алатын мүмкіндік одан да кейін болған. Мұндағы балаларға берілген экспериментті тапсырма тетікті қолданып затты алу, соның өзінде тапсырманың түрі өзгертіліп тұрады (нақты тетік, суреттегі және ауызша айтып түсіндіру). Нәтиже әрбір жас айырмашылығына байланысты бөлінген топтар-дың дұрыс жауаптарының санына қарай шығарылады.
Іс-әрекет нәтижелерін зерттеу. Бала іс-әрекетінің өнімі — олардың салған суреттері, жапсыруы, құрауы, құрастыруы, қолдан жасаған заттары, өздері шығарған ертегілер, өлеңдер. Зерттеуші үшін олардың барлығы бірдей құнды бола бермейді. Баланың тікелей үлкендердің нұсқауымен атқарған жұмысы олардың бойындағы түсіну және берген нұсқауды орындау мүмкіндіктерін, зейінділігін, шын ниеттілігін т.б ашуға көмектеседі. Балдырғандардың дербес атқарәан іс-әрекетінің өзі ойлап саләан суреттерінің нәтижесі өте бағалы.
Әңгімелесу (сұрау) әдісі. Мектеп жасына дейінгі балаларды зерттеу үшін сұрақ әдісі көп қолданыла бермейді. Әдетте, төрт жасқа дейін сұрақ балалар заттарды немесе олардың бейнесін көрсетіп тұрып жауап беретіндей етіп қойылады. Картина бойынша сұрақ қою озан мысал бола алады. Оның мақсаты — баланың картинада бейнеленген заттың көлемін және олардың арақашықтығын бағалай білуін анықтау. Бірнеше картинада көлемі де, арақашықтығы да әртүрлі екі-екіден шыршаның суреті салынған. Балаларға: «Үлкен шыршалардың суреті қай картинада? Қайсысында кішкентай шыршалар салынған? Қандай шыршалар бір-біріне жақын орналасқан? Қандай шыршалар бір-бірінен қашық орналасқан? Қай картинада бірдей шыршалар салынған?»-деген сұрақтар қойылды.
Балалар бірде ана, бірде мына бейнелеулерді көрсетіп жауап беріп жатты.
Төрт жастан кейін балаларға ауызша жауап берерліктей сүрақ қою, демек шын мағынасында әңгімелесу мүмкін болады.
Тестер әдісі. Бұл әдіс балаларды білімі мен іскерлігі жаәынан, жалпы ақыл-ойының даму дәрежесі немесе жекеленген психикалық процестері мен сапаларының дамуы жөнінен салыстыру үшін қолданылады. Мұндай салыстырулар алдын ала белгіленген жас нормасы негізінде жүргізіледі. Тестің көмегімен бала өз жасына қаразанда дұрыс дамыған ба, немесе оның дамуында нормадан ауытқушылық (нормадан жоғары яки төмен) бар ма дегенді анықтауға болады.
Тест дегеніміз — белгілі бір жағдайды қатаң сақтай отырып, балаларәа ұсынатын арнайы іріктелген тапсырмалар жүйесі. Әрбір тапсыр-маны орындағаны үшін бала балл есебімен баға алады. Балл қою ережесі әдетте өте қарапайым әрі бір текті. Баға зерттеу жүргізушінің жеке басының әсеріне байланысты болмауы тиіс.
Тестер тапсырмасын тексеру және жас мөлшерлік норма белгілеу процесі тесті стандарттау деп аталады. Стандартталғаннан кейін тестке ешқандай өзгеріс енгізілмейді. Тесттің көмегімен зерттелетін балалар өздерінің нәтижелері бойынша норма белгіленген балалар не тапсырма орындаса, дәл соны қайталауы тиіс. Сол себепті тест әдісін кейде стандарттанған сынақтар әдісі деп атайды.
Әлеуметтік өлшем әдісі. Бұл әдіс балалар арасында қалыптасқан өзара қарым-қатынасты, құрдастар тобындағы әр баланың алатын орнын зерттеген кезде қолданылады. Мектеп оқушыларын зерттегенде, әдетте оларға: «Сенің туристік жорыққа кіммен бірге барәың келеді?»; «Сен туған күніңе кімді шақырар едің?»; «Сен кіммен бір партада отырғың келеді?» және т.б. сұрақтары бар анкета таратады. Мектеп жасына дейінгі балаларәа мұндай қатынасын «іс-әрекетті іріктеудің» көмегімен айқындайды. Мысалы, балалар бір-бірлеп шешінетін бөлмеге шақырылады. Олардың әрқайсысына үш нәрсе (ойыншықтар, картинкалар) беріп осының қайсысы көбірек, қайсысы азырақ ұнайтынын, ал қайсысы тіпті ұнамайтынын сұрайды. Содан соң сыналушы балаға «Құпия түрде», қолындағы нәрселердің әрқайсысын өзі кімге бергісі келсе, соған сыйлауына (сол баланың шкафына салып қоюына) ұсыныс жасайды.
Сыйлық бөлу ерекше таблицаны социограмманы жасауға негіз болады. Бұл кестеден қай бала топ ішінде беделдірек екені (сыйлықтың көбірек берілуіне қарап), кімнің қадірі төмендігі, ал қайсысының құрдастары арасында беделі жоқтығы көрінеді. Социограмма, сондай-ақ таңдаудың өзара байланыстылығын көрсетеді және балалар арасындағы достық туралы немесе осындай қатынасқа деген ұмтылыс жайлы болжам жасауға мүмкіндік береді. Ақыл-ой дамуы саласында социограмма, тестер сияқты, балалар арасындағы қарым-қатынастың сыртқы көрінісін ғана береді. Пайда болған үйірсектік пен ұнатпаушылықтың себептері зерттеудің басқа әдістерінің көмегімен анықталуы тиіс.