«Бұл жолы мәңгі бірге тұрамын»: Айдарқұлов 2021 жылы үшінші әйел алатынын айтты

0

Дәурен Айдарқұлов Сабина Алтынбекованың үйлену тойында қадірлі қонақтардың қатарында болып қайтып, өзінің 2021 жылға деген жоспарларымен бөлісті. Белгілі болғандай, көпбалалы актердің басты мақсаты — алдағы уақытта тағы да шаңырақ көтеру.

Ол келер жылы үшінші мәрте үйленіп, жаңа келіншегімен бақытты отбасын құрмақ. Танымал әзілкеш бұл жолы бұрынғы қателіктеріне бой алдырмай, жарымен мәңгі бірге тұратынын айтты.

«2021 жылы үшінші рет үйленемін. Ер кезегі үшке дейін дейді ғой. Екі рет дұрыс болмады. Оны бәрі де біледі. Ал үшінші әйелімен мәңгі бірге тұрамын деп уәде етемін. Алдағы уақытта жақсы жаңалық күтіңіздер. Хайп емес, фактіге толы жаңалықтар болады» , — деп сендірді Дәурен Айдарқұлов.

Өнер иесін видеоға түсірген досы басы бос аруларға оны ұсынып, ұнатқандары болса хабарласуларын сұрады. Желі қолданушылары жалғызбасты актерді барынша қолдауға тырысып, оның бақытты болуға құқығы бар екенін жарыса жазды.

kaz.nur.kz