Адамның пайда болуы туралы реферат
Тақырыбы: Адамның пайда болуы
Грекше антропос адам логос ғылым деген сөзден құралған антропалогия адам жөніндегі ғылым деген ұғымды білдіреді.
Антропалогияның әсіресе адамның пайда болуы туралы мәселені нақтылай түсудегі орны ерекше.Бұл ғылым арқылы ежелгі адамдар-дың бас сүйектеріне қарай отырып олардың сөйлеу ойлай дәрежесі туралы пайымдаулар жасалынады. Сүйектін қалдықтары бойынша адамның ауру әки сау болғандығы, тіршілік ортасы туралы да мәліметтер алуға болады.
Сонау ежелгі замандарданақ озық ойлы, білімді адамдар адамдар-дың маймылдарға ұқсас екендігін байқаған. Мысалы, ұлы ойшыл Аристотель маймылдардың дене құрлысын зерттеп, олардың адам-дарға ұқсас екендігін айтты.Ал келесі бір табиғат тарихы туралы көлемді еңбек жазған Үлкен Плиний атты ғұлама:”Маймылдардың барлық түрі басқа жануарларға қарағанда адамға жақын”деп жазған екен.
XVIII-XIX ғасырларда өсімдіктер мен жануарлар туралы еңбектер жарық көрді. Маймылдардың бірнеше түрі анықталды.Олардың дене құрлысы, қабілет-қасиеті зерттелді.Бұл зерттеулердің көбі маймылдар-дың адамға ұқсас екенің көрсетті. Тіпті, Жан Ламарк атты қылмысты маймылдардың бірте-бірте дамудың барысында адамға айналуы мүл-кін деген пікір айтты.
Бұл кезеңде адамдардың дене құрлысы, денсаулығы туралы да ғылыми түсініктер дами түскен еді. Ол түсініктер де адамның май-мылға ұқсастығын дәлелей түсті. Атақты қылмысты Чарлз Дарвин маймылдардың ең жетілген, дамыған түрі бірте-бірте адамға айнал-ды деген тұжырым жасаған. Осылайша адамдардың дене бітімін басқа жан-жануарлармен салыстыра зерттеу басталды. Соның нәтижесінде адамдардың басқа жан-жануарларға қарағанда маймыл-дарға өте ұқсас екендігі туралы пікір кең таралды. Алғашқы адамдар-дың қалыптасуы, тұрмыс-тіршілігі туралы болжаулар мен көзқарастар жүйесі пайда болды. Ол бойынша адамдардың қалыптуы төменде-гінше сипатталды.
Ең алғашқы адамдар маймылдар сиақты болғанымен, олардан ерекше еді. Маймылдар тәрізді үсті-басын жүн басқан олар тобыр-тобыр болып тіршілік етті. Бірақ маймылдар сияқты ағашта емес, негізінен, жерде мекендеді. Тік жүре алатынды. Бұл алғашқы адамдар-дың басқа жануарлардан, маймылдардан да артықшылығы еді. Қолы-мен жеміс жеріп жеді. Тастан, ағаштан, сүйектен еңбек құралдарын, қарулар жасады. Сөйтіп еңбек ете бастады. Бұл олардың басқа жануарлардан үлкен ерекшелігі болатын. Соның арқасында ойлау қабілеті артты.
Тобыр болып жүргендіктен бір-біріне бір нәрсені айту, түсіндіру қажеттігі пайда болды.Одан сөз бен сөйлеу келіп шықты. Ойлауы мен сөйлеуінің арқасында алғашқы адамдардың миы жетіле түсті. Ал мидың дамуы олардың дене құылысын, әсіресе, сезу, есту, көру мүшелерін дамытты. Сөйтіп, замандар өте келе саналы адамдар қа-лыптасты.
Адамдардың пайда болуы туралы ғылыми түсініктер жүйесі осын-дай еді. Әр түрлі ғылым саласының мамандары бұл жүйені дұрыс деп есептеді. Бірақ ол кезде әлі де нақты, дәлелді деректер болма-ды. Кешікпей ондай деректер табылды да.
Ежелгі замандағы және орта ғасырлардағы алғашқы тұрмыс туралы ұғым
Алғашқы тұрмыстық қоғамның тарихы-тарихи ғылымның біршама саласы. Ол өткен ғасырдың екінші жартысында пайда болып, әрі,тек жүз жылдай уақыттан бері ғана өмір сүріп келеді. Алайда, бұл бұ-рын адамдар адамзат тарихының бастапқы кезі туралы ұғымды көз келтіруге әрекет жасамады деген сөз емес. Өзінің өткен шағында деген ынта қою адамдарға өз дамуының өте ерте кезеңдерінде-ақ туған. Қалай олған кезде де этнографтар зерттеген ең артта қалған халықтар да өздерінің алыстағы өткен шағы туралы, ата-бабалары-ның іс-әрекеттері мен ерліктері туралы, рулар мен тайпалардың шығу жайында ауызекі әңгіме-аңыздар табылған. Сонау ежелгі за-манға көршілерінің тіршілік еткен шағын қадағалау, олардың өткен шағына көз жіберу әрекеттері де жатады.
Таптық қоғамының пайда болуымен адамдардың ең көне жағы-дайлары туралы алғашқы тұрмыстық аңыздар «өмірлері жартылай аң тәрізді өткені» жайынданемесе «алмын ғасыр» туралы адамдар еңбек-сіз және қамқорсыз өмір сүрген, жауынгерлік пен соғыс дегендрді білмеген т.б. мифтерге айналды. Рас, мифалогиядан түпкілікті қол үзбеген алғашқы тұрмыстық тарихи деректерді жүйелі баяндауды жалпы біз тұңғыш кездестіретін, антик гректер мен римдіктерде бой көрсетеді. Антик тарихшылар үшін цивилизацияланған дүние Жерор-та теңізімен шектелді, ал оның шегінен тыс жарде олар «варвар-лар» деп аталған халықтар мекендеген орасан үлкен кеңістік жат-ты.Бұл халықтардың көпшілігіне қоғамның алғашқы тұрмыстық құрылысы сақталды.
Варварлық дүние антик авторларға онша мәлім еді, саяхатшылар олардың арасында сирек болып, әрі бұлардың қысқа мерзімді де үстірт бақылауларында асырып айтулар мен қиялдаулар аз болған жоқты. Дегенмен де,нақ антик заманда алғашқы тұрмыс халықтары-ның әуелгі сипаттамалары пайда болды. Мәселен, Геродотты (б.э.-ға дейінгі 484-425 жылдар) скифтерді, пигмейларді және көптеген басқа да тайпаар мен халықтарды, Ксенофонттағы Кіші Азия халық-тары (б.э.-ға дейінгі 430-350 жылдар), Страбондағы (б.э.-ға дейінгі 63 жылшамасы мен б.э.-дың 20 жылы) Европа мен Азия халық-тары, Цезерь (б.э.-ға дейінгі 100-44 жыл-дар)мен Тациттегі, (б.э.-ға дейінгі 55-120 жылдар) германдықтар және т.б.осындай Герадот пен Страбон кейбір варвар халықтарда коллективтік меншік бар екендігін бай-қаған. Герадот ликийліктер ана тағынан үрім бұтарын тарататынды-ғын, бұларда әйелдер өзіне күйеу таңдап алатындығын, сармат әйелдері жауынгер екендігін және күйеуге жауды өлтіргеннең ғана барып шығатындығын жазды. Жиынтығына кейін матриархат деп ат тағылған осы әдет-ғұрыптары пайымдауға мүмкіндік беретін басқа фактілерді сипаттап жазу, қалайда аник тарихшыларды тұрпайды халықтар туралы мәліметтердің көмегімен гректер мен римдіктердің өздерінің тарихқа дейінгі өткен шағын анықтау мүмкіндігі туралы қорытындыға әкеледі. Ұзақ уақыт бойы бұл бақылаулар күлкілі оқиғаларды тіркеу ғана болып қала берді. Дегенмен антик философ-тар өздернің болжамдары дерексіз сипатта болып, кейде тамаша болжаулар айт қанымен, алғашқы тұрмыстың жалпы көріністін көз алдыға келтіруге тырысты. Мәселен, ежелгі дәуірің ұлы материалисі Демократ (б.э.-ға дейінгі 470-380 жылдар) жер бетіндегі алғашқы адамдар «жайылымға шығып және көріп жүріп, олар жердің аса мол табиғи азықтарын және кездейсоқ ағаш жемістерін қорек етіп, тағыл-ып және аңша өмір сүрді»деп есептегеі. Өздеріне тамақ т абу, жауын-шашын мен аңдардан тасалану қажеттігі адамдарды табиғатпен кү-ресудің тәсілдерін іздеуге мәжбүр етті.Демокрттің жолын қуушы көне римдік философ және ақын Лукреций Кар (б.э.-ға дейінгі 99-55 жылдар) «Заттар табиғи туралы» поэмасында тағылық күйден отты, киім-кешекті, баспананы т.с. ойлап тапқанға дейінгі ең көне адамзат дамуының көрінісің суреттеп жазды, ол сол кезде таралып кеткен адамдарды құдайдың жаратқандығы туралы, жер бетіндегі адам өм-ірі осыдан басталады-мыс деген «алтын ғасыр» жайын да күлкі етті, әрі жоқшылық қуған адамдар аса маңызды өнер ойлап тапты, деді. Ол еңбек құралдары даярланып шығарылған материал бойынша үш кезеңге (ғасырға) тас, мыс (қола) және темір ғасырына болуді ұсынады:
Бұрын қуатты қол тырнақтар қару болды,
Тістер,тастар,сынған ағаш бұтақтарды және жалын,
Мыс пен темір жыныстары табылған соң.
Дегенмен әуелі темірден гөрі мыс қолданылды,өйткені ол жұмсақ әрі анағұр-лым мол еді.
Осы болжаумен ол он тоғыз ғасыр бұрын осы заманғы ариало-гияның ең маңызды қағидаларын болжап білді.
Орта ғасырларда шіркеу мен схластика ғыламды жаншып басып келді. Осы кезде ежелгі заманға қарағанға гөрі адамдардың өткен шағы туралы және беймәлім елдердің халықтары жайлы барып тұрған қисынсыз ойдан шығарылған қауесеттер таратылды. Орта ғасырдағы географтармен шежірешілер ит басты адамдар киноцефалдар туралы немесе көрпе сияқты өзінің орасан үлкен құлақтарына оранған фанезийліктер жайындағы аңызды шың деп біледі. Адамзаттың шығуы және оның әуел бастапқы тарии проблемаларына келетің болсақ бұл жөнінде библия аңыздарында айтылып қойылған деп саналды. Ал қалайда осы қиын жағдайлардын озінде де жер және оны мекендеген халықтар жайындағы білім молайып кеңейе түсті. Осы білімдер алғашқы тұрмыс тарихын зерттейтін көзі болды. Араб географтары Шығыс Европа мен Азия халықтарын сипаттамасын құрастырды.
XIII ғасырдағы орта Азия халықтары туралы тамаша деректер қытай геогрофы Чан-Чунь нің сапар жазбаларында сақталған. Сауда байланыстарын орнату үшін, Шығысқа аттанған саяхатшылар Плано Карпини, Рубрук, Марко Поло және басқалар европалықтардың шы-ғыс халықтарымен таңыстығын кеңейте түсті. Шығыс елдеріне үзақ сапар шеккен үш жыл Үндістанда түрған және оның халықтарының тұрмысын сипаттап жазған твер көпесі Афанасий Никитиннің үш теңіздің ар жағына сапарын да атап көрсетен жөн.
Европада этнографиялық білімдердің қорланып жиналуындағы нағыз төнкеріліс XV ғасырдың аяғында ұлы географиялық жаналық-тар ашылған кездерден басталды. Хрестафор Колумб Америка жағалауларына 1492 жылы жетті. 1497 жылы Васко да Гама Европадан Индияға баратын теңіз жолын тапты.1519-1521 жылдары Магилан дүние жүзін аралап саяхат жасады. Осылардан кейін бірен саран Еворпаға ондаған және жүздеген артта қалған халықтар туралы толып жатқан сан алуан мәліметтерді әкелген көпестермен жаулап алушылар тасқының теңіз сыртындағы елдерге лап қойды. Хрестиан миссионер-лері көптеген бағалы этнографиялық байқаулар жасады.
Жаңа Дүние халықтарын сипаттап жазу алғашқы тұрмыс өмірінің айқын бейнесін ашты бұл бүкіл адамзаттың алғашқы тұрмыстық өткен шағы туралы пікірге итермелейді Француз миссионер-изуиті Жозеф-Франсуа Лафито Америка жергілікті халықтарының этнографиялық мағлұматтарына қарап осы пікірді дәлелдеуге тырысқандардың бірі болды Ол ирокиздер мен гурондардың тұрмысын ұзақ уақыт бойы тікелей бақылады Алғашқы тұрмыс заманының әдет –ғұрыптарымен салыстырғандағы америка тағы адамдарының әдет-ғұрыптары деген кітабы онда үндістердің өмірі туралы көптеген бағалы деректері болғандықтан емес сондай-ақ кейін де алғашқы қоғам туралы ғылымда үлкен роль атқарған онда зерттеудің жаңа салыстырмалы әдісін қолданғандықтан да зор маңызға ие болған еді Лафито ирокездермен гурондардың қоғамдық құрлысы көне халықтардың қоғамдық құрлысынна ұқсас болуға тиісті тағы адамдардың әдет-ғұрптары антик авторларда бар көптеген дүниелерді оңай ұғып түсінуге мүмкіндік береді деген пікір айтты
XVIII ғасырдың аяғына дейін алғашқы тұрмыстық халықтармен таныстығы барғансайын үсті-үстіне кеңейте түскен,жана жерлерді ашу көбейе берді.Кейбір саяхатшылар(Лаперус,Мопердюс,Бугенвиль және басқалар) өздерінің ашқандары жайлы тамаша сипаттама қалдырды. Джеймс Кукдың әйгілі жорықтары Европалықтар үшін Океания халықтарын ашты.
XVIII ғасырдың басталуымен этнография орбитасына шығыс европалық және азиялық Солтүстіктің байтақ саласы еңеді. Мүны зерттейде орыс ғалымдары аса маңызды рөль атқарды. 1715 жылы Россияда тұңғыш рет Григорий Новидскидің ғылыми этнография-лық еңбегі Отстияц халқы туралы қысыаша сипаттама жасады. Россия ғылым академиясы жабдықтаған ұлы солтүстік немесе бірінші академиялық экспедиция аса бағалы этнографиялық материал жинады. Бұл экспедицияға қатысқандар Миллер, Гнелин Сибир халықтары туралы толып жатқан жана мәліметтер хабарлады. Осы экспедиция отрядтарының біріне қатысқан Комчатканы зерттеп шыққан Крашенниковтың Комчатка жерінің сипаттамасы деген еңбегінен тұрады мұнда XVIII ғасырда әлі метал дегенді Мұлде дерлік білмейтің рулық құрлыста өмір сұрудің ительмендер туралы материялдар бар. Комчатканы зерттеп шыққан осы отрядқа екінші бір қатысушы Стейлердің еңбегіндеде көптегін қызықты байқаулар бар.
Екіншы академиялық экспедиция Сибир халықтары туралы бірқатар бағалы мәліметтер бар.Оған қатынасқандар Паллас, Геор- ги, Зуйев тунгустардың, хантылардың, ненсілердің және басқады халықтардың тұрмысын, әдет-ғұрпын, дінің фалклорын толық сипаттап жазып берді.Олардың рулық қатынастарын кейбір жақтарын атап көсетті. Леппехин, Паволжье Урал және Россияның солтүстік европалық бөлігі халықтарының этнографиясы жөнінде материял жинады.
Кеңіректе орыс саяхатшылары мен зерттейшілері жана және бертінгі жаңа дүниенің артта қалған халықтарын зерттеуге үлес қосты.Америкадағы ағылшын отарларымен тұрақты байланыс орнату үшін XIX ғасыр басында қолға алынған дүние жүзілік орыс саяхатына қатысушылар Крузенштерн мен Лесианский, Котцебу, Литке, Лазерев Океании және Солтүстік Американың Батыс жағалауындағы көптеген халықтарды сипаттап жазды. Россия-Американ компаниясының қызметкері, Юкон-эскимосжәне үндістер-атапасілер тайпаларында болған Загоскин олардын әдет ғұрыптар-ына Америкадағы орыс иеліктері болігінде жаяу жұріп жазылған сипаттамасы деген кітабын арнады және материялдық мәдениет заттарының құнды коллекцияларын жинады Миссионер Вениамин-ов өзінің Уналашинск бөлімінің аралдары туралы жазбаларында және басқа шығармаларында алеуттер мен тленкиттердің әдет-ғрыптарын жазды. Тамаша ғалым гуманист Мекухо-Маклай үзақ уақыт бойы жана Гвинея папуастардың арасында тұрып орасан зор құнды материялдар жинады.
Ұлы географиялық жаналықтар ашылулар дәуірінде және кейінгі ғасырда тез жинақталып қорланған әрі өсе түскен этнографиялық материал табиғи түрде алғашқы тұрмыс қоғамның қалыптасуының түрлі торияларының тууына әкеп соқты XVIII ғасырдын өзінде-ақ шатлант философы Адам Фергесон өзінің азаматтық қоғам тарихы очеркінде белгілі дәрежеде этнографиялық материялда құрып адам мәдениеті дамуының жалпы концепциясын жасауға тырыстыОЛ тарихты үш дәрежеге тағылық,варварлық және цевилизация дәуіріне бөлді. «Тағылық» пен «варварлық» арасындағы шекті Фергюсон жеке меншіктің енуі,аң аулау мен балық аулаудан тамақ табудын басымдық алған тәсілі ретіндегіншілік пен мал шаруашылығына көшу деп санады. Фергюсон алғашқы тұрмыс комунизмнің болғандығы туралы пікір айтқан алғашқылардың бірі болды.
Осындай көзқарасты адамзат үш сатыдан :балалық, Яғни тағылық күйден, жастық , яғни варварлық күйден және мәмелеттік ,яғни «мәдени», «игі ниетті»күйден өтті деген қағиданы ұсынған неміс ғалымдары Иоганн Форстер 1729-1798 жж. мен оның ұлы георг 1754-1794жж. Дамытты.Форстерлер барлық өздері зерттеген тайпалар мен халықтарды өздері белгілеген схеманың сатылары бойынша орналас-тырып, осы арқылы артта қалған тайпалар мен халықтар ды тарихи дамудың жалпы тізбегіне енгізді.
XVIII ғасырдың көптеген басқа философтары мен тарихшылары алғашқы тұрмыстық қоғам туралы өздерінің қорытындыларын тұжырымдауға тырысты. Ғасырдың аяғына қарай бұл саладағы ғылым дамуының қортындысы өткен шақ туралы тағылық немесе варварлық күйде болып отырған халықтарға қарап пайымдауға болатын адамзат мәдениетінің біріңғай және прогресивті дамуын мойындау болды.Арта қалған халықтар мемлекетті де жеке меншікті де білмейді демек бұл мекемелер адамзат тарихында түбегейлі мәңгі бақилық болмайды. Мұндай қорытындылар алғашқы тұрмыс туралы ғылымның одан әрі дамуы үшін ерекше ие болды.
Алайда XIX ғасырдын бірінші жартысында ған деген ынта қою күрт төмендеді. Бұл бір жаынан француз революциясынан кейін буржуазия капиталистік қатынастарды қалыптастыруға тырысқандығымен түсіндірілер еді экономистер мен тарихшылар жеке меншіктің ,семьяның,мемлекеттің мәңгілігі мен мызғымастығын негіздеуге тырысты,ал бұл алғашқы тұрмыстыың бұрынғы ұғымынан бас тартуға және осы алыстағы өткен шаққа деген ынта қоюдың ыдырауына әкеп соқты.Ал шынтуайтында алғашқы тұрмыс туралы бұлыңғыр мәліметтерді шынайы тарихтың шеңберінен шығарып тастауды біршама оңай дәлелдеуге болар еді.Этнография тап болған тұрпайы халық тардың даму дәрежесі мәдени адамзаттың ата-бабалары үшін тән болып келетіндігіне елеулі дәлелдер ғылым қарамағына әлі жоқ болатын .Бұл тек азды- көптіықтималды болжау ғана еді.салыстыру әдісін қолдану алғашқы тұрмыс тарихының нақтылы фактілері мен кезеңдерін анықтау мүмкіндігін бермейтінді.
Адамзаттың ең көне өткен шағының нақтылы фактілерін алғашқы тұрмыс археологиясының дамуы берді.
XIX ғасырға қарай Европаның музейлерінде қазу кезінде табылған еңбек құралдары мен алғашқы тұрмыс адамдарының үй мүлік заттарының көп коллекциясы жиналған болатын.Олар тарихи зерттеулердің обьектісіне айналуы үшін бұларды классификациялау керек болды.Мұны алғашқылардың бірі болып,дат археологы К.Ю.Томсен жасауға тырысты.XIX ғасырдын 30-ншы жылдарында басылып шыққан еңбектерінде, ол алғашқы тұрмыс ескерткіштері жинағын,олардан жасалған материал бойынша XIX ғасырдын
үш топқа : тас ғасыры,қола және темір ғасыры тобына бөлді.
Кең көлемдегі археологиялық материал негізінде Томсен сонау Лукреций Кар заманынан бері жасап келе жатқан үш ғасыр теориясының дұрыстығын ғылыми жағынан дәлелдеді.Ол ешқандай шежірелік уақыттарды белгілемеді қарулар өндірісінде дамудың түрлі сатыларының дәйекті алмасуын ғана көрсетті.Екінші бір дат археологы Ворсо Томсеннен едәір ары барды .Ол қола ғасырындағы кісілерді жерлеу салтына қарай бірін –бірі ажыратылатындығына мұнда мәйіттермен бірге салынған заттар тиісінше әртүрлі екендігіне көңіл аударды. Сонымен ол жерлеу салтына қарай жерленген жерде табылған біршама шежіресін анықтауға мүмкіндік беретін зерттеу тәсілін ашты.Ворсо Томсен ережесін орнықтырып кеңейте түсті.Дат ғалымдарының акшқандарының археология үшін үлкен маңызы болды Классификация системасын жасау тарихи концепцияларды құру мүмкіндігін берді.
Швед ғалымы Свен Нильсон 1838-1843 жылдары Томсен мен Варсонның үш ғасырлық технологиялық системасына сүйеніп салыстыру әдісін пайдалана отырып археологиялық және этнографиялық деректерді өзінің мәдени тарихи дәуірге бөлуін ұсынды . Нильсон адамзат дамуының төрт стадиясын: тағылық стадиясын номадизм стадиясын егіншілік стадиясын цивилизация стадиясын ажыратты.
Алғашқы тұрмыс археологиясыныашылған жаңалықтарын қорытындылары әрең дегенде және баяу орындалды .Әсіресе алға- шқы тұрмыс археологиясының деректері библия докторинасына қайшы
келген жағдайларда қарсылық көрсету күшті болды .Бұдан басқа XIX ғасырдың аяғына қарай археологтар жинақтаған барлық тас- құралдар неолитке жатады .Палеолит дәірінің құралдары археологтарға белгісіз болатын .Жүздеген мың жылдар болып саналатынадамзат тарихының өте үлкен кезең әзірге дерексіз қала берді. Сондықтан да француз археологы Буше де Перт жаса —
Ған жаңалықтардың ерекше маңызы болды.Ол дөрекі соғылған тас қаруларды жинап алды да бұлар көне дәуірдегі мүйіз тұмсықпен мамонтпен бір мезетте өмір сүрген алғашқы тұрмыс адамының еңбек құралы екендігін дәлелдей бастады .Буше де Перт жаңалығы адамның шыққан тегін мың жылдардың түкпіріне ысырғаны сондай бүкіл библиялық шежіренің аяғы аспанға келді.Клерикальды құлықтағы ғалымдар бұл жаңалықты өре тұрып түрпідей қарсы алғандығы таң қаларлық жәйт емес еді. Алайда бірнеше әйгілі археологтар мен геологтардың еңбектері Буше де Перттің ашқан жаңалығын растай түсті.
Өліп қалған хайуанаттардың қалдықтарымен бірге адам сүйектерінің қалдықтарын табу XIX ғасырдың бірінші жартысында жатады :1833 -1834 жылдары Шмерлинг –Бельгия үңгірлерінен тапты. Бұл жаңалықтар қазынды адамның бар екенін растады бұл адамның шыққан тегі жайындағы проблеманы қоюды бастады
Адамның шығу тегі проблемасына ынта қою сонау антик заманда туды, бірақ бұлар орта ғасырда да, қайта өрлеу заманында да таза ой тұрғысынан шешілді. Рас XVIII ғасырда адам тәрізді маймылдар мен адамның ішкі организмнің құрлысын салыстыруға арналған бірнеше салыстырма – анатомиялық еңбектер пайда болды, бірақ бұл еңбектер антропогенез туралы ұғымның тұжырымдауына жалпы сезінерліктей ықпал жасамады. Адамның шығу проблемасы XIX ғасырда ғана, органикалық эвалюцияның зандылықтары туралы Чарльз Дарвиннің 1809 — 1882 жж. Тамаша еңбектері жарық көрген-нен кейін ғана іс жүзіндегі және теориялық берік негізге қойылды. Табиғи сұрыптау жолымен түрлердің шығуы деген 1859 ж. өзінің негізгі еңбегінде Дарвин адам эвалюцияның проблемаларын арнайы қарастырмады , бірақ табиғи сұрыптал уықпалымен өзгеріп отыра-тын орта жағдайларына бейімделу процесінде оргаикалық дүниенің занды да прогпесивті дамуының өзі жасаған сындарлы теориясы мұның да тууы XIX ғасырдың орта шенінде қатысты антопология саласындағы зерттеуге орасан зор ықпал етпей қала алмады. 1863 жылы Дарвиннің ең жақын достары мен жалын қуушылардың бірі Томас Гексли 1825-1895 жж. «Табиғаттағы адамның орны»деген кітабын шығарды, ұмнда эволюциялық теория тұрмысынан алып салыстырмалы анатомилық фактілерді мұқият қарастыру негізінде адамның адам тәрізді маймылдармен ең жақын туыстығы туралы, әрі адамның төменгі формадан шыққандығы жайында тезис жариялады.
1871 жылы Дравиннің «Адамның шығуы және жыныстық сұрыпталу» деген еңбегі шықты, мұнда Дарвин салыстырмалы анатомияның , зоогеографияның, алғашқы тұмыстық қоғам тарихы-ның іс жүзінде деректерің өте кеңінен пайдалана отырып, негіздеп, біріншіден адамның хайуаннан шыққандығы, мұны Т. Гексли жасағаннан анағұрлым көп, жеріне-жете егжей-тегжейлі негіздеп берді, екіншіден осы замандағы адам тәрізді маймылдар эвалюция-ның бүйір бұтақтары екендігін және адам өзінің шығуын қайсыбір өліп құрып кеткен неғұрлым бейтарап формалардан бастайтынын көрсетті.
Бұл кітап жарыққа шыққаннан кейін, адамның хайуаннан шық-қан тегі туралы материялистік қағида антропогенез теориясынның негізгі арқауына айналды.
Бірақ ғылымға орасын үлкен жаңа материал енгізіп, әрі өз еңбегінің негізгі қағидасын жәлелдеу үшін оны шеберлікпен жинақ-тай отырып, Дарвин адамға эвалюцияның басты қозғаушы күші ретінде жыныстық сұрыпталуды атады. Жыныстық сұрыпталу ги-потезасы бүкіл эваляция бойында адамның өзгеруі белгілі бір ба-ғытта жүргеннін , мәселен адамның миы мен қолы неге осыншама қатты қайта өзгерістерге ұшырағандығын түсіндіре алмайтын. Бұл жағдай дыныстық сұрыптау гепотезасына байланысты бүтіндей бірқатар сын пайымдаулары мен көптеген жаңа гепотезалардын пайда болуын тудырды, оның үстіне Фридрих Энгельс «Маймылдын адамға айналу процесіндегі еңбектің ролі» деген мақаласында баяндаған а нтропогенездің еңбек теориясы ол кезде әлі жариялан-баған болатын.
Адам ата – бабаларының жене күші тұлғасы туралы пайымдауға боларлықтай қазба дүниелер Дарвиннің қол астында да, Энгельстің қол астында да мүлде жоқ еді. Бұл қазба дүниелер саннының күрт артуы соңғы 60 жылдың ішінде тиісті болды да , түрлі континеттердегі геологиялық зерттеулер мен археологиялық қазбалар-дың қауырт өріс алуымен байланысты болатын.Осы еңбектердің нәтижесінде мол полеонтропалық материялдар алынды, бұларды толығымен зерттеу адам эвалюциясының кезеңдерін қалпына келтіруге мүмкіндік берді.
Дегенмен археологтардың табыстары мен палентропологияның тууына қарамастан алғашқы тұрмыстық қоғам мен оның дамуы туралы ұғымның негізгі дерек – төркіні бұрынғыша этнография болып қала берді. Этнография жаратылыс – ғылыми эвалюционизмнен жалпы адам қоғамының, атап айтқанды, алғашқы тұрмыстық қоғамның прогрессив-тік даму идеасын иемденді. Этнографияда бұл идеаны дамытқан бағытқа «эвалюциялық мектеп» деген ат тағылды. Бұл мектепке жата-тын ғылымдарды тарихидамудын бір ынғайлығы мен оның қарапайымнан күрделіге қарайғы бір бағыттылық идясы біріктірді. Толып жатқан фактілер шығу тегінің ортақтығымен де, одан арғы аралас – құраластығымен де байланыстырған жер шарының түрлі аймақтағы халықтарда материялдық мәдениет,әдет – ғұрып, діни т.б. салалардай ұқсас құбылыстардың туғаның көрсетті. Эвалюциялық мектеп бұл фактілердің түсінігі бір жолмен дамып отырған әрі сол себептен де әр түрлі халықтарды материялдық жіне рухани мәдениеттің біркелкі элементтердің тууына әкеп тіреген адам бірлігінде деп білді. Неғұрлым анық психалогиялық дүниеге көзқарас неміс этногрофы Адольф Бассианның 1826-1905 жж. көптеген еңбектерінен, ең алдымен, оның 1860 жылы басылып шыққан «Тарихтағы адам» деген үш томдық еңбегінен табылды.Бастиан « стихиялық» немесе «элементарлық» ой-пікір өздерінің дамуының белгілі бір кезеңінде барлық халықтар мәдениетінің тұтастығына жағдай жасайды, деп есептеді.Бірақ әрбір халық кейініректе туатын «идеалардың белгілі бір тобын өзінен өзі дамытады» осы «халықтық идеялар» халдықтардың этникалық айырымдарына жағдай жасайды дейді.Тарихты псиологиялық жағынан алып түсіндіру әрекеті Бастиан еңбегінің әлсіз жағы болды, бірақ адамзат пен оның мәдениетінің тұтастығын мойындау сол кездегі ғылымдыдамытуды зор роль атқарды.