«Шаршадым, карьерамды аяқтағым келеді» — Илья Ильин — Спорт

0

Қазақстандық зілтемірші, әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильин Instagram желісіндегі парақшасында 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарында алтын медаль иеленіп, содан кейін карьерасын аяқтауды армандайтынын жазды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«24 жыл бұрын осы балақай ағасымен бірге ауыр атлетика залына келіп, әлі күнге дейін сол залда жаттығып жүр! Ол көптеген жеңіске жетті, алда талай жеңістер күтіп тұр! Оған спортта және жалпы өмірде қолдау көрсетіп жатқан жақындары мен туыстарына алғыс айтамын!

(…) Қазір жасым 30-ға келіп қалды, әлі залда жүрмін… Иә, мен шаршадым… Бірақ спорттық карьерамды Токиода алтын медаль алып аяқтағым келеді!

Бұрын өзіме тапсырма бергенмін, қазір сол тапсырманы орындап келе жатырмын. Біреуге өзімнің күшті екенімді немесе таза екенімді дәлелдеу үшін емес. (…) Шаршадым, карьерамды аяқтағым келеді! Карьерамды әдемі аяқтай алмасам да, спорттық жолым сәтті болды деп санаймын», — деп жазған спортшы.


© instagram/ilyailyinforever

«Қиындықтардан өтіп, жеңіске жетеміз». Ильин денсаулығы жайлы айтты

Еске салайық, Ильин Ашхабадта өткен әлем біріншілігіне қатысуы керек болатын. Алайда омыртқасындағы жарақат салдарынан одан бас тартты. Бұл 2008 және 2012 жылғы Олимпиада жүлдесінен айырылуға себеп болған допинг дауынан кейін, екі жылдан бергі алғашқы әлемдік жарыс болу керек еді.