Алдағы күндері суық ауа райы сақталады – Синоптиктер

0
05 Желтоқсан 2018, 14:46 680 0

Астана, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК 6-8 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері суық ауа райы сақталады.

«Алдағы үш тәулікте республикамыздың ауа райында айтарлықтай өзгерістер болжанбайды. Бұл аралықта батыс облыстары Кавказ аймағынан ығысатын атмосфералық фронттардың әсерінде болады. Сондықтан мұнда кей жерлерде жауын-шашын, көктайғақ және ауа температурасының шамалы жоғарылауы болжанады», — делінген «Қазгидромет» мамандары таратқан хабарламада.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:

Дереккөз: BAQ.KZ