Ұлт тарихының мәртебесі ұлы тұғырына жайғасты
Көшпенді халықтың ұрпағы, мына біздер тегіміз бен ұлттық негізімізді, нағыз арғымағымыздың қадір-қасиетін бағамдау – бүгінгі күндегі міндетіміз.
Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты тарихи сананы жаңғырту мақсатындағы баяндамасы тарихшыларға үлкен серпін мен жаңаша көзқарастар қалыптастырып, тарихи зерттеулердің жаңа методологиясын, дәлірек айтсақ, ұлт тарихын зерттеп-зерделеудегі негізгі зерттеу әдістері мен бағдарларын айқындап берді.
Мен бұл мақалаға көз сала отырып, қазақ халқыныңғана емес, түбі түркі дүниесінің тарихын түгендеген Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлын түркі тілдес халықтарының рухани жанашыры ретінде таныдым.
Әрбір халықтың жеке халық болып қалыптасуы үшін көптеген тарихи кезеңдерді басынан өткізуіне тура келеді. Бұл күрделі үрдіс бір немесе екі ғасырдың ішінде болмайды, халық болу үшін бірнеше ғасырларды қажет етеді. Осы орайда, ұлт болып қалыптасу жолындағы көрген талай қасіретті жылдары мен өткелдерінен сабақ ала отырып, халық болып сақталуымыздың іргесін берік ұстануымыз қажет.
Еліміздегі және алыс және жақын шет елдердегі архив құжаттарын зерттеп-саралап, нақты ғылыми деректерге сүйене отырып, обьективті тұжырымдамалар жасай келе, жаһандық әлем тарихындағы қазақ ұлтының мәртебесін, тегімізде бар ата-бабаларымыздан қалған рухани және материалдық құндылықтарды анықтап, әлем халықтарына паш ету, халқымыздың беделін көтеру.
Ұлттық тарихымызда ата-бабамыз атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығына аса мән берген. Халық даналығында «Еуразия көшпенділерінің тарихы – тұлпар тұяғымен жазылған тарих» деп бекер айтпаймыз. Біз, қазақ – көшпенді халықтардың ішінде өз этномәдениетін сақтаған халықпыз.
Елбасының бұл баяндамасы қазақ тарихы ғылымына бұлқыныс әкелді, тарихшыларға жаңа бетбұрыс жасады деп айтар едім. Тарихта қазақты ұлт ретінде сақтап қалған рухани құндылық – ұлттық сана, тарихи сананың рухы деп санаймын.
Ақнұр Оролова
тарих ғылымының магистрі