6 желтоқсан күні ауа райы қандай болады
2018 жылғы 6 желтоқсан 00:43 35
АСТАНА. ҚазАқпарат -«Қазгидромет» РМК 6 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Республиканың басым бөлігі антициклон әсерінде болады, соған байланысты жауын-шашынсыз аязды ауа райы күтіледі. Тек солтүстік аудандардан фронталды бөліктердің өтуіне байланысты қар жауып, оңтүстік-шығыста жел сақталады.
Республиканың кей жерлерінде тұман, батыста-көктайғақ, солтүстікте жаяу бұрқасын соғады.
Алматы облысының кей жерлерінде түнде тұман күтіледі, Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіліп, жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.