Ішімдікке аллергия болуының белгілері
Ішімдікке аллергия – кең тараған жағымсыз жағдай. Оның белгілерін қайдан білуге болады?
Беттің қызуы
Беттің қызуы
Егер бір-екі стақан ішімдік ішкеннен кейін бетіңіз қызарып, дуылдай жөнелсе бұл аллергияның бірінші белгісі болуы мүмкін. Сіз ішімдікті ішкенде ағза оны ацетальдегидке айналдырады. Егер ағза бұл затты жылдам бейтараптандыра алмаса беттегі қандағы ұсақ тамырлар кеңейіп, тері қызарып кетеді.
Есекжем
Көптеген адамдардың ағзасы спирт құрамындағы кейбір ингредиенттерге аса сезімтал келеді. Соның себебінен тері қызара бөртіп кетеді.
Тыныс алудың қиындауы
Гистамин деңгейінің жоғары болуы себепті тыныс алу қиындауы мүмкін.
Диарея және құсу
Егер ішімдік ішкеннен кейін асқазаныңызда ауырлық сезініп, құсқыңыз келсе бұл да аллергия болуы ықтимал. Спирт асқазандағы қышқылды арттырады.
Дереккөз: Сегодня