Былтыр 200 млрд теңге Жаңа жылды тойлауға жұмсалса, биыл бюджеттен көк тиын да бөлінбейді
Министрліктегі мемлекеттік қызметкерлер жаңа жылды тойлаймайтын болды. Бұл мереке үшін бюджеттен ақша бөлінбейтіндігін Қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі altaynews.kz сайтының дерегін негізге алып.
– Біз мерекелік шара ұйымдастырмаймыз. Ал қызметкерлердің өзі атап өтеміз деп жатса, өз қалталарынан шығарады. Оларға жұмыстан тыс уақытта шектеу қоя алмаймыз, – деді министр.
Оның айтысына қарағанда, қаржы арнаулы мерекелерге ғана бөлінеді. Жаңа жыл бұл қатарға кірмейді.
Айта кетейік, былтыр Қазақстан халқы жаңа жылдық тойлауға 200 миллиард теңгенің шамасында қаржы жұмсаған.