Ресей мен Қазақстанның туын алып шыққан UFC-дегі қазақ жігіті жеңіске жетті (видео)

0

Төрешілердің шешімімен Дамир Исмағұлов аустралиялық Алекс Джорджестен басым түсті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

Жақында ғана ережесіз жекпе-жек әлеміндегі ең белді ұйым қатарына қосылған қазақ жігіті Дамир Исмағұлов 2 желтоқсанда UFC-дегі дебютін өткізді.

Дамир Исмағұлов (16-2) жеңіліп көрмеген аустралиялық Алекс Джорджеспен (7-0) сынға түсті. Жекпе-жек барлығы 3 раундқа созылды. Төрешілердің шешімімен Дамир жеңіске жетті.

«Хитман» атымен танымал Алекс Джорджес — 23 жастағы аралас жекпе-жек шебері, Australia Top Team мүшесі, UFN промоушенінің чемпионы. Айта кетейік, аустралиялық файтер де UFC-дегі дебютін жасайды. Жеті рет жекпе-жек өткізіп, оның барлығында да жеңіске жеткен.

«Қамшы» сілтейді