Өскемендік сақшы қызметтен тыс уақытта қылмыстың жолын кесті
2018 жылғы 4 желтоқсан 17:38 138
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат — Өскемендік сақшы тонауға түскен әйелді құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға екінші желтоқсан күні, кешкі сағат 17.30-да болған. Жол-патрульдік полиция батальонының инспекторы Рүстем Қасымжанов көмек сұрап айқайлаған әйелдің даусын естіп, жүгіреді. Қазақстан көшесінде әйелдің сөмкесіне жармасқан жігіт полиция лейтенанты беттеген тұста қаша жөнеледі. Сақшы тонаушыны көп ұзатпай ұстап, «102» нөмірі арқылы полиция шақырған.
«Тонау әрекетіне қатысты күдіктіге қарсы қылмыстық іс қозғалды» делінген облыстық ішкі істер департаменті таратқан ақпаратта.