Алып қашып бара жатқан қыз көліктен секіріп қайтыс болды
Наманган облысы Нарын ауданында 16 жастағы қыз өзін алып қашқан көліктен секіремін деп қайтыс болған. Бұл жөнінде облыстық ішкі істер басқармасы хабарлады, – деп хабарлады Орталық Азия жаңалықтар қызметі.
Қайғылы оқиға 20 желтоқсанда болған. 18 және 23 жастағы ер адамдар қызды көлікке отырғызып алып қашпақ болған. Бірақ бойжеткен көліктен секірген кезде алған жарақатынан көз жұмған.
Марқұм келесі жылы университетке оқуға түсемін деп дайындалып жүрген екен.
Орталық Азия елдерінде қыз алып қашу кең жайылған.