Дариға Назарбаева: Білім басқармаларын жабу керек

0

Парламент Сенатының депутаты Дариға Назарбаева мектептерді тікелей қаржыландыруды ұсынды.

«Қазір мектептерді жан басына қарай қаржыландыру жүйесі енгізіліп жатыр. Меніңше, ол ақша тікелей Астанадан бөлінетін болса, облыстық, қалалық және аудандық білім басқармалары мүлдем қажетсіз болып қалады. Бұл – өте маңызды мәселе. Себебі, мектепке бюджет қаржысы бөлінгенде, ол ақша біраз уақыт жаңағы басқармаларда жатып қалады. Олар оны бүгін бере ме? Ертең бере ме? Ашығын айту керек, бюджет қаржысын үнемдейміз деп, толығымен бермеуі де мүмкін. Артынан кітаптарға, я болмаса, күрделі жөндеуге ата-аналардан жинай саласыңдар деп жылы жаба салады. Ол жерде заңбұзушылықтар көп. Меніңше, ондай басқармалардың бәрін жауып тастау қажет» деді Дариға Назарбаева. Тікелей қаржыландыру тәжірибесі шетелде бар. Білім және ғылым министрлігі ақпараттық теxнологиялар арқылы тікелей бақылай алады.

«Айқын» ақпарат