Астанада жылдың ең үздік спортшыларын қымбат қонақүйде марапаттады — новости Казахстана

0

Астана қаласының «Хилтон Астана» қонақүйінде Ұлттық олимпиада комитеті жылды қорытындылап, «Ұлттық спорттық жүлде — 2018» марапаттау шарасын өткізді. Бұл туралы olympic.kz хабарлайды.

olympic.kz

Фото:olympic.kz

Жеңімпаздар кеше түнде анықталыпты. Жүлде лауреаттарын жанкүйерлер Olympic.kz сайтында тоғыз аталым бойынша дауыс беру арқылы таңдаған.

Жеңімпаздарға арнайы мүсінше (статуэтка) табысталды.

Фото:olympic.kz

Фото:olympic.kz

2018 жылғы Ұлттық Спорттық жүлде жеңімпаздары:

«Қысқы спорт түрлері бойынша үздік спортшы» — Юлия Галышева

«Жазғы спорт түрлері бойынша үздік спортшы» — Дмитрий Алексанин

«Қысқы спорт түрлері бойынша үздік бапкер» — Елена Круглыxина

«Жазғы спорт түрлері бойынша үздік бапкер» — Әлия Юсупова

«Үздік жас спортшы» — Бекарыс Сәдуақас

«Жылдың үздік командасы» — Су добынан ерлер командасы

«Жыл жаңалығы» — Глеб Брусенский және Евгений Федоров

«Олимпиадалық спорт түрлері бойынша үздік федерация» — ҚР Ұлттық семсерлесу федерациясы

«Үздік аймақ» — Шымкент қаласы

Фото:olympic.kz

Фото:olympic.kz

Жеңімпаздарға жүлдені табыстағандардың ішінде бейбіт заманның батырлары да болды.

Мысалы, 2018 жылдың үздік мұғалімі Тердікбай Күшәй, қазақстандық вундеркинд Ақназар Қажымұрат және жас дарын, виртуоз, композиторлар мен заманауи ән орындаушылары халықаралық академиясының ең жас қатысушысы, 13 жасында студент, 17 жаста магистрант атанып, 18 жасында магистрлік диссертацияны сәтті қорғаған Рахат-Би Әбдісағин.  

Фото:olympic.kz

Фото:olympic.kz

Салтанатты шараға Серік Қонақбаев, Иван Гаранин, Әмин Тұяқов, Ольга Шишигина, Александр Винокуров, Серік Сәпиевтер де қатысқан.

Фото:olympic.kz

Фото:olympic.kz

Сондай-ақ, мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев және Қазақстан ҰОК спорттағы әйелдер жөніндегі комиссиясының басшысы Үміт Шаяхметова, Оңтүстік Кореяның Қазақстандағы елшісі Ким Дэсиктер лауреаттарға жүлделерін табыстады.