«Менің Отаным Қазақстан»: ресейлік клубтағы футболшыны мазақ етті (видео)
Қазақстан құрамасының футболшысы және ресейлік ЦСКА клубының жартылай қорғаушысы Бақтияр Зайнутдинов әріптесі этникалық ұйғыр Ильзат Ахметпен сөзге келіп қалды.
Жағдай мәскеулік ЦСКА ұшағында болды. Команда «Ростовпен» матчқа ұшқан. Ұшар алдында спортшылардан кезекті демалысын қайда өткізгісі келетіндері туралы сұраған. Оператор Бақтияр Зайнутдиновқа жақындап «Бұл жерде ұлтаралық кикілжің болып жатқан сияқты ма? Қалай?» дейді.
Бақтияр Зайнутдинов қазақтар мен ұйғырлар арада қарым-қатынас орнатып жатыр деп әзілдейді. Ахметов: «Кім? Қазақтар? Өзбектер!» деп сұрайды.
Бақтияр өз кезегінде «Менің Отаным – Қазақстан, мұны осымен үшінші рет айтып жатырмын» дейді.
Зайнутдинов қысқамерзімді демалысын туған жері Таразда өткізгісі келетінін айтады. Ильзат Ахметов осы кезде «Жердің бір жеровоға» бара жатыр дейді.
Артынша Ильзат та туған жері Бішкекте демалғысы келетінін айтады.
YouTube каналда жарияланған видеоға желідегілер былай деп жазды: «Можно бесконечно смотреть на три вещи: огонь; воду; и как киргиз, который уйгур, троллит казаха за то, что тот узбек» (орфография мен пунктуация сақталды).