Головкин салмақ өлшеу рәсімі мен сұхбатқа қазақы шапан киіп келді

0

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин қарсыласы Камил Шереметамен болатын жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеу рәсіміне қазақы шапан киіп келді.

Головкин өзінің шаршы алаңдағы кездесулеріне ұлттық нақыштағы эксклюзивті шапан киіп келеді. Бұл жолы ол салмақ өлшеу рәсімі мен ресми сұхбат беруге конференциясына қазақы шапан киіп келді.

Салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өткен қос боксшы IBF және IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы титулына таласады. Головкиннің салмағы 159,2 фунт (72,2 кг), ал Шереметанікі 159 (72,1 кг) болды.

Қазақстандық боксшының жекпе-жегі 19 желтоқсан күні таңертең АҚШ-тың Флорида штатында өтеді.