Пентагон Ресей Жер серігіне қарсы қару қолданды деп мәлімдеді
АҚШ-тың ғарыш қолбасшылығы сәрсенбі күні Ресей Жер серігіне қарсы тікелей қағып түсіретін зымыран қолданды деп мәлімдеді.
Мәліметке қарағанда, бұл Ресейдің ғарыштық қару жасау бағдарламасының бір бөлігін сынауы. Мұндай қадам ғарышты қаруландырудың алдын алу жөніндегі Ресей билігінің мәлімдемесіне қарсы келеді.
Пентагон сынақтың қашан жүргізгенін нақты айтпады. «Америка дауысының» хабарлауынша, сынақ сәрсенбі күні жүргізілген. Мәскеуден 800 шақырым қашықтықта А-235 «Нудоль» зымыранға қарсы қорғану мобильді жүйесін сынаған. Ресей бұл жайында ресми хабар таратпады.
АҚШ ғарыш қолбасшылығы басшысы, генерал Джон Рэймонд оқиғаны «Ресей екіжүзділігінің дәлелі» деп атады.
Пентагон бұл сынақ АҚШ пен оның одақтастарының ғарыш жүйесіне төнгізілген қауіп деп есептейді.