Баланың мүліктік құқықтары | Скачать Дипломдық жұмыс

0

Мазмұны:

Кіріспе … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … … … ..3
1. Отбасы және кәмелетке толмағандар түсінігі және құқықтық жағдайы
1. Отбасы иститутының қалыптасу
тарихы … … … … … … … . … … … … … …6
2. Кәмелетке толмағандардың құқықтық
жағдайы … … … … … … … … … .11

2 Отбасы және кәмелетке толмағандарға қарсы
қылмыстардын түрлері
1. Отбасына қарсы
қылмыстар … … … … … … .. … … … … … … … … … …
… ..19
2. Кәмелетке толмағандарға қарсы
қылмыстар … … … … … … .. … … … … …32

3 Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың
ерекшеліктері
3.1 Отбасы және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар үшін
жауапқа тарту
мәселелері … … … … … … . … … … … … … … … … ..
… … … 46
3.2 Кәмелетке толмаған адамды қылмысқа және қоғамға қарсы
басқа әрекеттерге тарту қылмыстарын саралау
тәртібі … … … … … … …4 9

Қорытынды … … … … … … .. … … … … … … … … … …
… … … … … … … … … ..55

Қолданылған әдебиеттердің
тізімі … … … … … … … . … … … … … … … … … 58
Кіріспе

Неке және отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында
болады. Қоғам мүшелерінің, оның ішінде, жас мүшелерінің өмірі мен
денсаулығын қорғаудың нысандары мен тәсілдері әр алуан және бүл игіліктерді
қамтамасыз етуде жалпы құқықтың, оның ішінде, қылмыстық құқық саласынын
орны ерекше. Сондықтан да мемлекет қылмыстық- құқықтық шараларды пайдаланып
кәмелетке толмағандардың өмірі мен денсаулығына, сонымен бірге отбасылық
қатынастарға қол сұғатын қоғамға кауіпті әрекет-әрекетсіздіктермен күрес
жүргізіледі.
Қылмыстық-құқықтық шаралардың күшімен аталған қоғамдық қатынастарды
қорғаудың мәні кәмелетке толмаған адамның мүддесін қорғау, оның жеке
тұлғасынын дұрыс қалыптасуына, интеллектуалдық және адамгершілік жағынан
қалыптасуы үшін жеткілікті жағдайлар туғызумен байланысты өз кезегінде бұл
жағдайлар отбасында қалыптасатын өзара қарым-қатынастардың сәттілігімён
ұштасады. Сондықтан да кәмелетке толмағандарды қорғау – жалпы отбасылық
қатынастарды қорғаумен біртұтас мәселе.
Диплом жұмысында Қазақстан Республикасындағы заңнамаларына сәйкес
отбасы мен кәмелетке толмағандардың құқықтық жағдайы, отбасы мен кәмелетке
толмағандарға қарсы қылмыстардың түрлерін, олар үшін жауаптылық мәселелерін
ашуға тырыстық.
Тақырыптың өзектілігі – отбасы мен кәмелетке толмағандар қылмысының
алдын алу, отбасы мен, әсіресе, кәмелетке толмағандарды заң нормаларына
сәйкес қорғау.
Қазіргі өткінші тарихи кезеңде жаңа қоғамдық қатынастарға көшу және
осыған байланысты туындаған күрделі өзгерістер қарапайым халықтын өмір сүру
деңгейін күрт төмендетіп, кедейлікке ұшыраған отбасылар санының күннен –
күнге өсуіне алып келеді. Ал мұндай отбасыларында олардың балаларының
үйінен кетіп қалуына, тіпті ата-ана некесінің бұзылуына ықпал ететін
күрделі психологиялық жағдайлар орын алатыны белгілі. Ерлі-зайыптылардың
ажырасу фактілері жиілеп, ал некесіз туылған балалардың саны өсе түсуде.
Елде етек алып келе жатқан әлеуметтік жетімдік, яғни ата-аналары бар, бірақ
көшеде қалған немесе мемлекеттің тәрбиелену мекемелерінде, балалар үйінде
тәрбиеленіп жатқан балалар санынын өсуіне әкеледі. [1]
Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың табиғи
құқығы әрі парызы. Кәмелетке толған және еңбекке қабілетті балалар еңбекке
жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті – делінген. Бұл көрсетілген
қағидалар халыкаралық құқықтың осы мәселелер жөніндегі негізгі ережелеріне
сәйкестендірілген. Адам құқығы жөніндегі 1948 жылғы жалпыға бірдей
Декларацияда, Азаматтық және саяси құқықтар туралы 1966 жылғы Халыкаралық
актіде отбасы қоғамның табиғи негізгі ұясы және ол мемлекет пен қоғам
тарапынан қорғау құқығына ие деп белгіленген. 1989 жылы 20 қарашада
қабылданған Бала құқықтары жөніндегі конвенция да да балалардың азаматтық
және саяси — әлеуметтік құқықтарының қорғауына ерекше мән берілген.
Қазақстан Республикасы да отбасы және кәмелетке толмағандар жөніндегі
халықаралық құқық нормаларын қастерлей отырып, осы мәселелерге байланысты
пай да болатын қоғамдық қатынастарды қылмыстық-құқық жолмен қорғауға ерекше
мән береді.
Кәмелетке толмағандарды қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға
бағытталған нормалардың Қазақстан Республикасы қылмыстық заңында орын алуы
1989 жылғы дүниежүзілік Балалардың құқықтары туралы Конвенциясының
ережелеріне сәйкес келеді. Мұндай нормалардың қылмыстық заңға енгізілуі жас
тұлғаның дене құрылысының толық жетілмеуімен, сондай-ақ ересек адамдарға
қарағанда кәмелетке толмағандардың қылмыстық қол сұғушылыққа төтеп беру
мүмкіндіктерінің белгілі шамада шектелгендігімен және олардың жас,
психологиялық және әлеуметтік жағынан әлі де болса толық дамып
қалыптаспағандығымен түсіндіріледі.[2]
Бұрынғы 1959 жылғы 22 шілдедегі Қазақ ССР-нің Қылмыстық кодексімен
салыстырғанда 1998 жылы 1 қаңтарда күшіне енген қазір қолданып жүрген.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде кәмелетке толмағандар мен
отбасына қарсы жасалатын қылмыстар үшін жауаптылық қарастырған баптардың
саны едәуір өскен. Мысалы, 1959 жылғы Заңда тек жасы кәмелетке
толмағандарға қарсы қылмыстардың небәрі алты түрі ғана көрсетілген еді.
Олар жасы он алтыға толмаған қызбен жыныс қатынасын жасау (102 – бап), жас
балаларды аздыру (103 – бап), неке жасына жетпеген қызбен іс жүзінде некелі
жағдайда тұру (105 – бап), балаларды асыраудан немесе тәрбиелеуден бұлтару
(112 – бап), опекундыкқ құқықтарын пайдаланып, қиянат жасау (113 – бап),
біреудің баласын ұрлау (116 – бап).
Зерттеудің хал-ахуалы. Қазіргі заман кезеңінде бала құқығын қорғау
проблемасының өзектілігі көптеген мемлекеттін әлеуметтік – экономикалық
жағдайдың күрт төмендеуімен де байланысты. Экономикалык тұраксыздық,
өндірістің төмендеуі, өтпелі кезеңнің қиындығы және осының салдарынан
болатын жұмыссыздық санының өсуі, халықтың көп бөлігінің өмір деңгейінің
төмендеуі — осының барлығы тікелей түрде бала өмір сүру деңгейінің
жағдайына әсер етеді. Балалардың жалпы санының 5% — ы жетім балалар.
Қалғандарының бәрінің ата аналары бар. Олар белгілі бір себептерге
байланысты (ата ана құқығынан айырылғын, созылмалы маскүнемдер, нашақорлар,
жазасын өтеп жүргендер, хабарсыз кеткендер, ата – ана міндетін орындаудан
қашатындар және т.б.) олардың тәрбиесімен айналыспайгын, денсаулықтарына
байланысты өздерінің ата – ана міндеттерін орындай алмайды. Соңғы уакытта
балалар ата – аналарының кесірінен дал ада өмір сүріп, үйі – күйі жоқ
қайыршы, ешкімге керегі жоқ қараусыз болады да, оқуларын жіберіп, ақыры
тастайды. Ата – аналар мен билік жағынан қамкөңілділік пен жауапкершіліктің
болмауынан балалардың көбісі қылмыс жолына өз бетімен түседі немесе баска
түлғаларды соңынан тартады.
Диплом жұмысының мақсаты: осы тақырын бойынша өзекті мәселелерді ашу
болып табылады. Сонымен қатар, отбасы мен кәмелетке толмағандарға қарсы
қылмыстардың түрін қарастыру, олардың ара – жігін айыру, қылмыстардың
субъективтік, объективтік жақтарын қарастыру мақсаты қойылды.
Диплом жұмысы 3 бөлімнен тұрады.
1. Кіріспе. Бұнда қаралатын тақырыптын өзектілігі анықталған.
2. Негізгі бөлім. Бұнда отбасы және кәмелетке толмағандар түсінігі,
олардың құқықтық жағдайы, отбасы және кәмелетке толмағандарға қарсы
қылмыстардың түрлері, ерекшеліктері туралы мәселелері кеңінен ашылған.
3. Осы жұмыстың қорытынды бөлігінде отбасы және кәмелетке толмағандарға
қарсы қылмыстардың өзекті мәселелері туралы ұйғарым жасалды.

1. Отбасы және кәмелетке толмағандар түсінігі және құқықтық жағдайы.

1.1 Отбасы институтының қалыптасу тарихы.

Отбасы – некеге немесе қандас туыскандыққа негізделген қоғамдық шағын
топ, адам тұрмысын ұйымдастырудың бастапқы формасы. Қоғаммен, бүкіл
қоғамдық қатынастардың жүйесімен тығыз байланысты бола тұрса да, отбасы
қоғамдық өмірге қарағанда адамдардың белгілі дәрежедегі дербес, сырлас
тобы. Отбасы – алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырау кезінде пайда болған
әлеуметтік топ және шаруашылық негіздерінің бірі. Мал өсіру және
егіншілікпен айналысу өндірісті тұтас қауымнан көрі жеке отбасылық қауымда
дамытуға қолайлырақ болды. Отбасы жақын қандас туыстар ұрпақтарынан 3 — 5
отбасынан немесе одан көбірек болып құрылды. Отбасына жер, өндіріс кұрал
жабдықтары, үй малы, шаруашылық мүліктері ортақ еді. Отбасы өмірі
материалдық және рухани процестермен сипатталады. Табиғи биологиялық және
шаруашылық – тұтыну қатынастары оның материалдық жағын құраса, рухани жағын
– құқыктық, адамгершілік және психолгиялық қатынастар құрайды. Отбасы –
тарихи категория. Оның өмірі мен формасы, үстемдік етуші қоғамдық –
экономикалық жағдайдың, бүкіл қоғамдық қатынастар сипатының және мәдени
даму дәрежесінің ерекшеліктерімен айқындалады. Отбасы қауымдық құрылыстың
жыныстық еңбек бөлінісі мен отырықшылық өмір салтының туына байланысты әр
түрлі жыныс өкілдерінің арасындағы табиғи байланысқа экономикалық
байланыстар мен мүдде бірлігі қосылған кезде пайда болады. Отбасы некенің
сипатына қарай моногамиялық және полигамиялық; құрамына қарай дербес немесе
бір некелі топ және құрама некелі топ (бір немесе бірнеше некелі топ);
отбасындағы үстемдіктің сипатына қарай – патриархат және матриархатты,
сол сияқты ерлі зайыптылардың теңдігіне негізделген демократиялық болып
бөлінеді. Отбасының әлеуметтік мәні мен пайда болуы және даму кезеңдері
туралы ғылым тарихында әр түрлі қағидалар мен пікірлер, белгілі ағымдар
болды. 19 –ғасырдың ортасына дейінгі ойшылдар отбасын өзінің табиғаты
жағынан қоғамның алғашқы бір некелік (моногамия) негізі деп түсіндіріп,
әлеуметтік қатынастарды отбасылық қатынастардан жоғары қойды (Ж.Руссо, X.
Гердер, Г.Гегель). Бұл көзқарасты тұңғыш рет жоққа шығарған швейцариялық
құқық тарихшысы И.Я Баховен болды. Ол неке мен отбасының тарихи жағынан
үнемі өзгеріп отыратындығын дәлелдеп, бір некелі отбасынан бұрын жыныс
өкілдері арасында көп некелі қатынастардың болғанын, патриархаттан бұрын
рудың өмірінде әйелдің экономикалық және рухани билігінің басым болғанын
көрсетті. Бұдан былайғы жерде отбасы туралы ілім тарихында патриархалдық
және матриархалдық ағымдар үстемдік етті. Марксизмге дейінгі отбасы тарихын
барынша дұрыс бағытта талдайтын еңбек ағылшын этнографы Л.Морганның Көне
қоғамы (1877) еді. Кейіннен бұл кітап отбасы жөнінде тұңғыш материалистік
ілімді қалыптастырған Ф. Энгельстің Отбасының, жеке меншіктің және
мемлекеттің шығуы (1884) атты еңбегіне арқау болды. Марксизм отбасын дара
және топтық қатынастардан тұратын тарихи әлеуметтік құбылыс деп қарайды.
Неке мен отбасының әлеуметтік мәнін, сайып келгенде, үстемдік етуші
экономикалық қатынастар белгілейді. Сондай –ақ оған қоғамдық қондырманың да
құрамдас бліктері – құқық, саясат, адамгершілік белгілі дәрежеде ықпал етіп
отырады. Қоғам некелескен ерлі –зайыптылардың белгілі бір моральдық
нормаларға бағынуын талап ете отырып, олардың болашағын қорғауды, отбасы
бағытының баянды болуын өз қамқорлығына алады. Отбасының негізі заң жүзінде
бекітілетін еркек пен әйел арасындағы қарым – қатынастардын тарихи шарттас
формасы неке болып табылады.. Егерде неке отбасының негізі болмаса, — деп
жазды К. Маркс, — онда мысалы, достық сияқты ол да заң жүзінде белгіленген
нәрсе болмаған болар еді. [3,26]
Некелік – отбасылық қатынастарды реттеуге қоғамнын мүдделі болатын себебі
не? Өйткені қоғам өмірінде жүріп жаткан аса күрделі процестердің бір тобы –
халықтың көбеюі мен табиғи тығыздылығының артуы, өмірге келіп жатқан жаңа
ұрпақтардың рухани бейнесі мен материалдық жағынан қамтамасыз етілуі,
балалардың үнемі туған ата – анасының тәрбиесі мен қамқорлығында болуы
негізінен осы қатынастардың қалыпты жағдайы мен сипатына, мазмұндылығы мен
беріктігіне байланысты. Сол сияқты отбасындағы қарт адамдарға қамқорлық
жасау өндіріс пен меншікті ұйымдастыру, үй шаруашылығын жүргізу де оның
қоғамдық табиғатынан туындап жатады да, қоғамның араласуын талап етеді.
Отбасы мүшелері – еркек пен әйел, ата – ана мен бала, қарттар мен жас
ұрпақтар арасындағы қарым –қатынастардың жаңа тұрпатты шынайы адамгершілік,
достық пен махаббат негізінде қүрылуын көздейді.
Отбасы – шағын бір мемлекет. Әр мемлекеттің өзіне тән өндірісі мен өнім
бөлісі, сыртқы және ішкі саясаты, басқару тәртібі мен міндет – қызмет
бөлінісі, кіріс – шығыс бюджеті, касиеттеп, қастерлеп үстанатын рәміздері,
т.б. болатыны сиякты, эр отбасы болмыс – тіршілігінің де соған үксас
жақтары бар, оның жаратылысы да басшылык пен қосшылыкты қажет етеді. Және
оның өзі адамзат коғамының сан ғасырлык дамуы барысында өткелектен
өткізіяіп, жетілдіріліп, берік қалыптасқан.[4,17]
Ертеде күн көрістің ауыр жүгін көтеріп, табиғи және әлеуметтік
сілкіністер мен қырсықтарға төтеп беру үшін, отбасынын көп жанды – бла –
шағалы болуын тілесе, кейін санының көптігі әрбір халықтың, елдің
артықшылығы, құнды қазынасы саналған. Осылайша қоғамның әлеуметтік жағдайы,
адамдардың онда өмір сүруі отбасының құрамына байланысты болған. Сондықтан
отбасының құрылымына зор маңыз беріліп, мәнін қорғаған, отбасының ар –
намысын сақтауға, сырын шашпауға, мүшелерін бір – біріне қатысты адалдыққа
тәрбиелеген. Отан отбасынан басталады дегеннің мәнісі де осында.
Тегінде, ала – бөтен себебі болмаса, жасы жеткен ұл – қыздың үй болып,
шаңырақ көтермеуі қалыпты жағдайға саналмайды. Сондықтан үй болып, оның
ішкі талаптарын, әдеп – инабат нормаларын мүлтіксіз сақтауға зор мән
беріледі.
Отбасындағы тәртіптің, оның мүшелері арасындағы адамгершілік – туыстық
қарым – катынастың, демократизмнің алатын орны ерекше. Әйтсе де онда
бетімен кетушілікке жол берілмейді. Отбасы
тіршілігінің ежелден қалыптасқан заңы бойынша, оны отағасы, ол болмаса
отанасы, одан қалса, үлкен аға не әпке басқарады, олардың сөзін, ұйғарымын
өзгелері жерде қалдырмайды, ал үй ішінің шылбыр – тізгінін қолында
ұстаушылар да өз тараптарынан отбасының барлық мүшелерінің пікірін, тіліек
– ұсыныстарын елеп – ескеріп отырса, бұл, бір жағынан, ортақ мүддеге қызмет
етеді, екінші жағынан, тәрбиелік, өнегелік мәні бар инабаттылық та болып
табылады.
Отбасының бейіл – береке, ынтымағы үшін отағасының (басқарушының) әділ,
ұстамды болуы – орасан маңызға ие. Оның тәрбиелік рөлі де зор.
Ата – ана өз отбасын нығайта отырып, сонымен бірге оның балиғатқа толған
мүшелерін үй болуға, өз шаңырағын көтеруге әзірлеуі басты әрі өте жауапты
міндет болып саналады. Жас отаудың түтіні түзу шығып, махаббат пен тату –
тәттілік, береке – бірлік орын тепкен жылы ұяға айналуы, босағасы берік,
болашағы нұрлы болуы көбіне – көп жас жұбайлардың үлкен үйде алған
тәрбиесі, көрген өнегесіне байланысты. Ұяда не көрсең, ұшқанда соны
ілерсің деп, Әке көрген – оқ жонар, шеше көрген – тон пішер деп,
анасына қарап, қызын ал деп, халық бәрін бастан кешіп, сынақтан
өткізгендіктен айтқан.
Отбасындағы тәрбиенің кереметі — еңбекке баулу. Ол – адамдық
кемелденудің негізі. Еңбек ете білмеген немесе оны жек көрген адамның
отбасы беркелі болмайды. Өйткені ежелгі рим философы Гораций айтқандай,
өмір еңбексіз ештеңе бермейді. Жалпы, арғы – бергі заманда ғұмыр кешкен
ұлы адамдардың адамды барлық жағынан кемелдендірудегі еңбектің ерекше рөлі
туралы айтпағаны кемде – кем шығар. Адам жанының асқан білгірі, әлемге
әйгілі жазушы Л.Н Толстой: Еңбек атаулының бәрі де бағалы, өйткені ол
адамды ізгілендіреді, — дейді. Сондықтан отбасындағы да, қоғамдық ортадағы
да тәрбиеде балаларды еңбек ете білуге, еңбексіз бос отыра алмайтындай
сезімге тәрбиелеу басты нысана болуға тиіс. Сонда ғана отбасы мүшелері
арасындағы карым – катынаста әдеп – инабат, адалдық пен акпейілділік үстем
бола алады.
Отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір – шапағат көзі — әйел. Әйелдің бұл
рөлі отағасының жамағатына, бала шағаның анаға деген сүйіспеншілігімен,
қамқорлығымен, ана жанын қас қабағынан, жанарынан танығыштықпен нығая,
биіктей береді. Әрине, әйел де өзінің аналық борышын ұмытпағанда, әсіресе,
ерімен қабағы жарасып, тату – сүйіспеншілікте тұрғанда, оған деген
көзқарасында халқымыздың ізгі дәстүрін, өнегелі — өміршең салтын, діни жол
–жосығымызды ескергенде ғана оның қадір – қасиеті, бүкіл отбасын, ауылды,
ағайын – туысты топтастырушылық мәртебесі арта түспек. Жеткіншек ұрпақ мұны
ұғып, біліп өскені абзал.[5,79]
Ата – ананың бір – бірінің қадір – қасиетін ардақтап, беделін өсіруі,
араларында өкпе – наз, кикілжің туа қалғанда, оны балалардан оңашада, екеу
ара шешіп отыруы – шынайы инабаттылық, әдептілік. Сонда ғана олар үйдің
Қос алтын босағасы дейтін халықтық марапатқа лайық биіктен көрінбек.
Шариғатта (ислам қағидаларында) да алтын ұя – оотбасының жоғары
бағаланып, оның бала тәрбиелеп өсіруіне бірінші дәрежелі мән берілген. Онда
Балалар – ата – аналар қолына берілген аялы аманат делінген. Бұл ғажайып
қүдайшылық анықтаманы жадыда ұстау былай тұрсын, әр үйдің маңдайшасына
жазып қоюға тұрарлық. Баланың өздігінен өмір сүруге мүлде қабілетсіз
нәресте кезінен бастап бақытты балалық шағы, жеке шаңырақ көтергенге
дейінгі жастық жолдары өтетін отбасын бақыт жағалауын бетке алып, өмір
–айдында жүзіп бара жатқан қайыққа теңесек, оның қос ескегін — әке мен шеше
дер едік. Әйтсе де отбасының өмір отын лаулатып отырған ошақ иесі -әйелдің
орны да, еңбегі де алабөтен. Баяғының білімпазы Ризаудин ибн Фахруддин:
Әйелдері тәрбиелі болған халық – тәрбиелі, әйелдері тәрбиесіз болған халық
– тәрбиесіз. Әйелдері үнемшіл, пысық, жігерлі, талапты болса –халық бай; ал
жалқау, салақ немесе ысырапшыл болса – халық пақыр, кедей болады, — деп
бекер айтпаса керек.
Сайып келгенде, қоғамда әдеп – инабат нормаларының терең тамырланып, кең
жайылуында отбасының маңызы аса зор. Әрбір ұяның қос тіреуі – ерлі
–зайыптылар өздеріне қатысты әдеп- адамгершілік талаптарын, құқықтары мен
міндеттерін мүлтіксіз орындаса, бүкіл қоғамда, елде бейбіт те берекелі
тұрмысқа негіз қаланбақ, демек, ұрпақтарына құтты қоныс, жайлы болашақ
қамтамасыз етілмек.
Ата-аналар өз балаларының денсаулығына қамқорлық жасауға міндетті. Ата-
аналардың өз балаларын тәрбиелеуге құқығы бар және оған міндетті. Ата-
аналардың басқа да барлық адамдарға қарағанда өз балаларын тәрбиелеуге
басым құқығы бар.
Бала тәрбиелеуші ата-аналар өздерінің қабілеттері мен қаржылық
мүмкіндіктерінің шегінде оның дене, психикалық, адамгершілік және рухани
жағынан дамуына қажетті өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін негізгі
жауапкершілікте болады. Ата-аналар балалардың орта білім алуын қамтамасыз
етуге міндетті. Ата-аналардың балалардың пікірін ескере отырып, орта білім
алғанға дейін білім беру мекемесі мен балаларды оқыту нысанын таңдауға
құқығы бар. Балалардың тәрбиесі мен білім алуына қатысты барлық мәселелерді
балалардың мүдделерін негізге алып және балалардың пікірін ескере отырып,
өзара келісімі бойынша ата-аналар шешеді. Ата-аналардың арасында
келіспеушілік болған жағдайда олар (олардың біреуі) бұл келіспеушіліктерді
шешу үшін қорғаншы және қамқоршы органға немесе сотқа жүгінуге құқылы. Ата-
аналар өз балаларының заңды өкілі болып табылады және кез – келген жеке
және заңды тұлғаларға қатысты, оның ішінде соттарда арнаулы өкілеттіксіз
олардың құқықтары мен мүдделерін қорғайды. Егер қорғаншы және қамкоршы
орган ата-аналар мен балалар мүдделерінің арасында қайшылық барын анықтаса,
ата-аналардың өз балаларының мүдделерін білдіруге құқығы жоқ. Ата-аналар
мен балалардын арасында келіспеушілік болған жағдайда қорғаншы және
қамқоршы орган балалардын құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін өкіл
тағайындауға міндетті.[6,57]
Ата-ана құқықтарын балалардың мүдделеріне қарама-қайшы жүзеге асыруға
болмайды. Балалардың мүдделерін қамтамасыз ету олардың ата-аналары
қамқорлығының негізгі мәні болуға тиіс. Ата-ана құқықтарын жүзеге асыру
кезінде ата-аналар балалардың дене және психикалық денсаулығына, олардың
адамгершілік жағынан дамуына зиян келтіруге құқығы жоқ. Балаларды тәрбиелеу
әдістерінде адамның қадір-қасиетін кемсітетін немқұрайлылық, қатыгездік,
дөрекілік, балаларды қорлау немесе қанау болмауға тиіс.
Ата-ана құқықтарын балалардың құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтіре
отырып жүзеге асыратын ата-аналар заңда белгіленген тәртіппен жауап береді.
Қылмыстық заң қоғамға жат іс — әрекеттер деп медициналық емес тұрғыда
есірткі немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынуды және спирттік
ішімдіктерді ұдайы тұтынуды, сонымен бірге жезөкшелікпен, қаңғыбастықпен
немесе қайыршылықпен айналысуды айтады.
Есірткі немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтыну және спирттік
ішімдіктерді жас кезінен пайдалану кәмелетке толмаған баланың дене және
психикалық дамып қалыптасуына елеулі зиян келтіреді. Көп жағдайда созылмалы
есірткі заттарын тұтынатын ауруға шалдығуына алып келеді.
Жезөкшелікпен айналысу жасөспірімдер денесінің дұрыс дамуына, сонымен
бірге оның рухани қалыптасып жетілуіне кері ықпал етеді. Қаңғыбастық және
қайыршылықпен айналысу кәмелетке толмаған тұлғаның дұрыс қалыптасуы мен
дамуын бұзады, оның оқып, білім алуына теріс ықпал етеді, арамтамақтық
өмірге бейімделуіне әсер етеді.[7,37]
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 137 – бабында Кәмелетке
толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау қылмысы үшін
жауаптылық қарастырады. Мұндай жауаптылық жаңадан қабылданған кодексте
тұңғыш рет белгіленіп отыр.
Кәмелетке толмаған балаларын асырап бағу және тәрбиелеу әрбір ата
–ананың ата заңмен белгіленген конституциялык міндеті. Ата-аналардың, басқа
да барлық адамдарға қарағанда, өз балаларын тәрбиелеуге басым құқығы бар.
Қазақстан Республикасының Неке және отбасы туралы заңына сәйкес бала
тәрбиелеуші ата-аналар өздерінің қабілеттері мен қаржылық мүмкіндіктерінің
шегінде оның дене, психикалық, адамгершілік және рухани жағынан дамуына
қажетті өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін негізгі жауапкершілікте
болады. Сонымен бірге ата-ана құқықтарын жүзеге асыру кезінде ата-аналар
балалардың дене және психикалық денсаулығына, олардың адамгершілік жағынан
дамуына зиян келтіруге құқығы жоқ. Балаларды тәрбиелеу әдістерінде адамның
қадір – қасиетін кемсітетін қатыгездік, дөрекілік, балаларды қорлау немесе
қанау болмауы тиіс.
Аталған қылмыстың қоғамға қауіптілігі – кәмелетке толмаған баланы
тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау немесе тиісінше орындамау соның
ішінде кәмелетке толмаған балаға қатал қараумен ұштасқан әрекет баланын
денсаулығының нашарлауына, оның қалыпты психикалық дамып қалыптасуын бұзуға
алып келуінде.
Қылмыстың объектісі болып кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі
міндеттерді орындамау немесе тиісті дәрежеде орындамаумен сипатталады.
Бұл құрамнын объективтік жағының міндетті белгісі кәмелетке толмаған
балаға қатал қарау фактісінің орын алуы. Балаларға қатал қатыгездікпен
қарау деп оларға күш көрсету немесе психикалық қысым жасау, сонымен қатар
тәрбие ісінде жол беруге болмайтын тәсілдерді қолдану, адамгершілік ар –
намысын таптау сияқты әрекеттерді ұғыну керек. Қылмыстың құрамы үшін қандай
да бір зардаптың тууы міндетті емес.
Кәмелетке толмаған баланың денсаулығына абайсызда зиян келтірген
әрекеттер үшін жауаптылық тек 137 – бап бойынша белгіленеді. Ал қасақана
ауыр және орта дәрежедегі денсаулыққа зиян келтірген әрекеттер қылмыстардың
жиынтығы бойынша, яғни Қылмыстық кодекстің 137, 103 немесе 104 – баптарымен
сараланады. Кәмелетке толмаған балаға қатал қарау арқылы оны өзін — өзі
өлтіруге дейін жеткізу Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 102 –
бабында қаралған қылмыс бойынша жауапқа тартылады. Қарастырылып отырған 138
– баптағы кылмыстың субъектісін үш топқа бөлуге болады.
Бірінші топқа – қызметі бойынша жас баланың өмірі мен денсаулығының
қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті жүктелген адамдар кіреді.
Олар ең алдымен педагог немесе оқу, тәрбие, емдеу немесе басқа да
мекемелердің қызметқерлері, мысалы мұғалім, тәрбиеші, медбике және т.б.
Екінші топқа – арнайы тапсырма бойынша мұндай міндеттерді орындаушы
адамдар – қамқоршы, қорғаншы және патронат тәрбиешілер жатады.
Үшінші топқа – мұндай міндетті ерікті түрде өзіне алған адамдар жатады.
Аталған жағдайда оларға жас баланың ата-аналарынан, асырап алушыларынан
және жоғарыда аты аталған арнайы субъектілерден басқа, кәмелет жасқа толған
барлық адамдарды жатқызуға болады.
Қылмыстық кодекстің 138 – бабының 2 – бөлігі қылмыстың саралаған түрі
бойынша қылмыстық жауаптылықты белгілейді. Яғни кінәлінін өз міндеттерін
тиісінше орындамауының нәтижесінде жас баланын абайсызда өлуіне әкеп соққан
әрекеттері үшін жауаптылықты қарастырады.[8,57]

2. Кәмелетке толмағандардың құқықтық жағдайы.

Кәмелетке толмағандар деп қылмыс жасаған кезге қарай жасы он төртке
толған, бірақ он сегізге толмаған адамдар танылады. Заң атқарушы қылмыстық
жауаптылық туындайтын ең төменгі жасты белгілей отырып, кәмелетке
толмағанды сол жаста өзінің іс — әрекетіне жауап бере алатындығын және
қылмыстық жазаны сезіне алады деп анықтаған.
Осыған байланысты зан атқарушы кәмелетке толмаған деген терминге
анықтама беріп отыр, яғни бұл қылмыстық жауаптылықтың нормасын дұрыс
қолдануға мүмкіндік береді. КСРО Жоғарғы Сотының 1976 жылғы 3 желтоқсандағы
№ 16 қаулысы, 6 – шы тармақшасында, Соттардың, кәмелетке толмағандардың
қылмысы және кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тартуы, туралы
мәселелерді тәжірибеде дұрыс қолдануы туралы былайша түсініктеме берген,
сот кәмелетке толмағандардың жасын дәл анықтауда шаралар қолдануы тиіс және
міндетті (күні, айы, туған жылы). Сонымен қатар жасөспірім туылған күні
бойынша белгілі бір жасқа толды деп саналмайды, яғни керісінше ертеңгі
күннен бастап есептелінеді. Соттық – медициналық сараптаманың жасты анықтау
кезінде, сотталушының туылған күнін сол жылдың сонғы күнімен белгілейді, ал
жасты ең төменгі немесе ең жоғарғы шегімен жылды анықтауда, сараптамасының
шешімімен анықталғантөменгі жас мөлшерін белгілейді [9,46]
2002 жылдың 8 тамызынан бастап Қазақстан Республикасындағы балалардың
құқығы туралы жаңа заң өз күшіне енді. Осы заңның 6 – бабында балалардың
құқығы мен мүддесін қорғауды қамтамасыз ету, оларды қорлауға жол бермеу
мемлекеттік саясаттың басты мақсаты екендігі ашып көрсетілген.5 Десек те
заң талабының тұрмыс пен күн көрістін ауырлығы үстемдік құрып тұрған
тіршілікте толық жүзеге аса қоятынына кұмән көп. Өйткені, жас сәбилерді
қорлау мен аясыз ұрып – соғу, тіпті өлім жағдайына душар ету деректері әлі
де көптеген жерлерде сол баяғысынша жалғасып келеді. Осы Заң балаларды
қоғамдағы толымды өмірге даярлау, олардың қоғамдық мәні бар және
шығармашылық белсенділігін дамыту, әлемдік өркениеттің жалпы адамзатқа тән
құндылықтары негізінде оларды жоғары имандылық қасиеттерге, елжандылық пен
азаматтыққа тәрбиелеу, олардың бойында ұлттық сана – сезімді қалыптастыру
принциптерінің басымдығына сүйеніп, баланың Қазақстан Республикасының
Конституциясында кепілдік берілген негізгі құқықтары мен мүдделерін іске
асыруға байланысты туындайтын қатынастарды реттейді.[10,15]
Кез келген мемлекетте, қандай да бір қоғамда балалар ерекше қамқорлықта
және қорғалуда болуы керек. Қолымыздағы барымыздың ең қымбаттысы –балалар,
сондықтан да олардың өмірі қалай, қаншалыкты қалыптасқандығында,
мемлекет олар үшін қандай жағдайлар жасағандығына сәйкес еліміздің келешегі
айқындалады. Осыған байланысты балаларды қорғау сұрақтары – кез келген
мемлекеттің басты көкейтесті мәселесі болуы қажет.
Қозғалған тақырыптың ерекшелігі оның көп қырлылығында: балалықты,
кәмелетке толмағандардың заңды мүдделерін қорғауды құқықтық реттеу
мәселелері экономикалық, саяси рухани қондырмалары бар қоғамдағы қазіргі
жағдаймен байланыстыра отырып қарастырылады. Балалардың тағдыры, олардың
қиыншылықтары кез келген саналы, мейірбан адамды толғандырмай қоймайды.
Қазақстан Республикасының азаматтары – мемлекеттік қызметкерлер,
мұғалімдер, полиция қызметкерлері әркез балаларға көмектесуге тырысады.
Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы заңынын 10 –бабында
әрбір баланың өмір сүруге, жеке басының бостандығына, қадір –қасиетіне және
жеке өміріне қол сұғылмауға құқығы бар екендігін, сонымен қатар, мемлекет
баланың жеке басына ешкімнін тиіспеуін қамтамасыз ететіндігін, оның тәні
мен жанын жәбірлеуден, адамдық қадір қасиетін қатыгездіктен, дөрекіліктен
қорлаудан, кемсітуден және оны адам мен азаматтың Қазақстан
Республикасының Конституциясында бекітілген құқықтары мен
бостандықтарына қысым жасаудың өзге де түрлерінен қорғауды жүзеге
асыратындығын көрсеткен.
БҰҰ – ның Бас Ассамблеясы жариялаған Бала құқықтары декларациясында:
адамзаттың балаға қолда бардың ең жақсысын беруге міндетті екендігі
айтылған. Бірақ, өкінішке орай, бұл тұста біз күннен – күнге үлғайып бара
жатқан ұрпақтың әлсіз денсаулығын айтуға мәжбүр болып отырмыз.[11,37]
18 жасқа толмаған адам бала деп танылады. Әрбір баланың мүмкін
болғанынша отбасында өмір сүруге және тәрбиеленуге құқығы, өзінің
мүдделеріне қайшы келетін жағдайларды қоспағанда, олармен бірге тұруға
құқығы бар. Баланың өз ата – анасы тәрбиеленуіне, оның мүдделерін
қамтамасыз етуіне, жан – жақты өсіп жетілуіне, онын адамдық қадір
-қасиетінің кұрметтелуіне құқығы бар.
Ата — анасы болмаған жағдайда, оларды ата — ана құқығынан айырған
жағдайда және ата -ана қамқорлығынан айрылудың басқа да жағдайларында
баланың отбасында тәрбиелену құқығын осы Заңның 13 – тарауында белгіленген
тәртіппен қорғаншы және қамқоршы орган қамтамасыз етеді.
Ата-ана құқықтарынан айыру
1. Егер ата-аналар (олардың біреуі):
1) ата-ана міндеттерін орындаудан, оның ішінде алимент төлеуден қасақана
жалтаратын болса;
2) өз баласын перзентханадан (бөлімшесінен) не өзге де балаларды
тəрбиелеу, емдеу немесе басқа да мекемелерден алудан дəлелді себептерсіз
бас тартса;
3) өздерінің ата-ана құқықтарын пайдаланып қиянат жасаса;
4) балаларға қатыгездік көрсетсе, оның ішінде олардың денесіне немесе
психикасына зорлық-зомбылық жасаса, олардың жыныстық пəктігіне қастандық
жасаса;
5) заңдарда белгіленген тəртіппен маскүнемдікпен, нашақорлықпен жəне
уытқұмарлықпен ауырады деп танылған болса, олар ата-ана құқығынан айырылуы
мүмкін.
2. Өз балаларының не жұбайының өміріне немесе денсаулығына қарсы қасақана
қылмыс жасаған жағдайда ата-аналар (олардың біреуі) ата-ана құқығынан
айырылуы мүмкін.
Ата-ана құқығынан айыру тəртібі
1. Ата-ана құқығынан айыру сот тəртібімен жүргізіледі.
Ата-ана құқығынан айыру туралы істер ата-аналардың біреуінің (олардың
орнындағы адамдардың), кəмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау
жөніндегі міндеттер жүктелген органдардың немесе ұйымдардың (қорғаншы жəне
қамқоршы органдардың, кəмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның
жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған
мекемелердің жəне басқаларының) арызы бойынша, сондай-ақ прокурордың талабы
бойынша қаралады.
2. Ата-ана құқығынан айыру туралы істер прокурор мен қорғаншы жəне
қамқоршы органның қатысуымен қаралады.
3. Ата-ана құқығынан айыру туралы істі қарау кезінде сот ата-ана
құқығынан айырылған ата-аналардан (олардың біреуінен) алимент өндіріп алу
туралы мəселені шешеді.
4. Егер сот ата-ана құқығынан айыру туралы істі қарау кезінде ата-
аналардың (олардың біреуінің) іс-əрекетінен қылмыстық жазаланатын əрекетті
байқаса, мұны жеке қаулымен прокурор назарына жеткізуге міндетті.
5. Сот ата-ана құқығынан айыру туралы соттың шешімі заңды күшіне енген
күннен бастап үш күннің ішінде бұл шешімнің көшірмесін баланың тууын
мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органы мен
қорғаншы жəне қамқоршы органға жолдауға міндетті.
Ата-ана құқықтарынан айырудың салдары
1. Ата-ана құқықтарынан айыру балалармен туыстық фактісіне негізделген
барлық құқықтардан, оның ішінде одан асырауға қаражат алу (осы Заңның
131бабы), сондай-ақ балалары бар азаматтар үшін белгіленген жеңілдіктер мен
мемлекеттік жəрдемақылар алу құқықтарынан айырылуға əкеп соғады.
2. Ата-ана құқығынан айыру ата-аналарды өз баласын асырау міндетінен
босатпайды, ол баланы асырап алу арқылы тоқтатылады.
3. Бала мен ата-ана құқықтарынан айырылған ата-ананың одан əрі бірге
тұруы туралы мəселе сот тəртібімен шешіледі.
4. Ата-анасы (олардың біреуі) ата-ана құқықтарынан айырылған бала ата-
анасымен жəне басқа да туыстарымен туыстық фактісіне, оның ішінде мұра алу
құқығына негізделген тұрғын үй-жайға меншік құқығын немесе тұрғын үй-жайды
пайдалану құқығын, сондай-ақ мүліктік құқықтарын сақтап қалады.
5. Баланы басқа ата-анаға беру мүмкін болмаған кезде немесе ата- анасының
екеуі де ата-ана құқықтарынан айырылған жағдайда бала қорғаншы жəне
қамқоршы органның қамқорлығына беріледі.
6. Ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарының (олардың біреуінің)
өтініші бойынша қорғаншы жəне қамқоршы орган, егер бұл балаға зиянды ықпал
етпесе, баламен жолығуға рұқсат ете алады.
7. Ата-анасы (олардың біреуі) ата-ана құқықтарынан айырылған жағдайда
баланы асырап алуға ата-ананы (олардың біреуін) ата-ана құқықтарынан айыру
туралы сот шешім шығарған күннен бастап кемінде алты ай өткенде жол
беріледі.
Ата-ана құқықтарын қалпына келтіру
1. Егер ата-аналар (олардың біреуі), мінез-құлқын, тұрмыс салтын жəне
баланы тəрбиелеуге көзқарасын өзгертсе, олардың ата-ана құқықтары қалпына
келтірілуі мүмкін.
2. Ата-ана құқықтарын қалпына келтіру ата-ана құқықтарынан айырылған ата-
ананың арызы бойынша сот тəртібімен жүзеге асырылады. Ата-ана құқықтарын
қалпына келтіру туралы істер қорғаншы жəне қамқоршы органдардың, сондай-ақ
прокурордың қатысуымен қаралады.
3. Егер ата-ана құқықтарын қалпына келтіру баланың мүдделеріне қайшы
келсе, сот баланың пікірін ескере отырып, ата-ана құқықтарын қалпына
келтіру туралы ата-ананың (олардың біреуінің) талап-арызын
қанағаттандырудан бас тартуға құқылы.
Он жасқа толған бала жөніндегі ата-ана құқықтарын қалпына келтіру баланың
келісімімен ғана жасалуы мүмкін.
Егер бала асырап алынған болса жəне баланы асырап алудың күші жойылмаса
(осы Заңның 96-бабы), ата-ана құқықтарын қалпына келтіруге жол берілмейді.
Ата-ана құқықтарын шектеу
1. Сот баланың мүддесін ескере отырып, баланы ата-анадан (олардың
біреуінен) оларды ата-ана құқықтарынан айырмай алу жолымен ата-ана
құқықтарын шектеу туралы шешім шығара алады.
2. Егер баланың ата-аналармен (олардың біреуімен) қалуы:
1) ата-аналарға (олардың біреуіне) байланысты емес мəн-жайлар
(психикасының бұзылуы немесе өзге де созылмалы ауру, ауыр мəн-жайлардың
жəне с.с. салдары) бойынша бала үшін қауіпті болса;
2) олардың мінез-құлқының салдары бала үшін қауіпті болса, алайда ата-
аналарды (олардың біреуін) ата-ана құқықтарынан айыру үшін жеткілікті
негіздер анықталмаған болса, ата-ана құқықтарын шектеуге жол беріледі. Егер
ата-аналар (олардың біреуі) өз мінез-құлқын өзгертпесе, қорғаншы жəне
қамқоршы орган ата-ана құқықтарын шектеу туралы сот шешімі шыққаннан кейін
алты ай өткен соң оларды ата-ана құқықтарынан айыру туралы талап қоюға
міндетті. Баланың мүдделеріне сəйкес қорғаншы жəне қамқоршы орган осы
мерзім аяқталғанға дейін ата-аналарды (олардың біреуін) ата-ана
құқықтарынан айыру туралы талап қоюға құқылы.
3. Ата-ана құқықтарын шектеу туралы талапты баланың жақын туысқандары,
кəмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау міндеті заңмен жүктелген
органдар мен мекемелер (осы Заңның 68-бабының 1-тармағы), мектепке дейінгі
мекемелер, жалпы білім беретін жəне басқа да мекемелер, сондай-ақ прокурор
қоя алады.
4. Ата-ана құқықтарын шектеу туралы істер прокурор мен қорғаншы жəне
қамқоршы органның қатысуымен қаралады.
5. Ата-ана құқықтарын шектеу туралы істер қаралған кезде сот ата-
аналардан (олардың біреуінен) балаға алимент өндіріп алу туралы мəселені
шешуге құқылы.
Ата-ана құқықтарын шектеудің салдары
1. Ата-ана құқықтарын сот шектеген ата-аталар баланы жеке өзі тəрбиелеу
құқығынан айырылады, ал 71-баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген
жағдайларда, сондай-ақ балалары бар азаматтар үшін белгіленген жеңілдіктер
мен мемлекеттік жəрдемақылар алу құқығынан да айрылады.
2. Ата-ана құқықтарын шектеу ата-аналарды баланы асырау жөніндегі
міндеттерден босатпайды.
3. Өзіне қатысты ата-аналарының (олардың біреуінің) ата-ана құқықтары
шектелген бала тұрғын үй-жайға меншік құқығын немесе тұрғын үй-жайды
пайдалану құқығын сақтап қалады, сондай-ақ ата-аналары жəне басқа да
туысқандарымен туыстық фактісіне негізделген мүліктік құқығын, соның ішінде
мұра алу құқығын сақтап қалады.
4. Ата-анасының екеуінің де ата-ана құқықтары шектелген жағдайда бала
қорғаншы жəне қамқоршы органның қамқоршылығына беріледі.
5. Ата-ана құқықтарын сот шектеген ата-аналарға, егер олар балаға зиянды
əсерін тигізбесе, баламен қатысуға рұқсат етілуі мүмкін. Ата- аналардың
баламен қатысуына қорғаншы немесе қамқоршы органның не қорғаншысының
(қамқоршысының), баланың патронат тəрбиелеушілерінің немесе бала тұратын
мекеме əкімшілігінің келісімімен жол беріледі.
Ата-ана құқықтарын шектеудің күшін жою
1. Егер ата-аналардың (олардың біреуінің) ата-ана құқықтары шектелген
негіздер жойылса, сот ата-аналардың (олардың біреуінің) талап-арызы бойынша
баланы ата-анасына (олардың біреуіне) қайтарып беру туралы жəне осы Заңның
72-бабында көзделген шектеулердің күшін жою туралы шешім шығара алады.
2. Егер ата-анасына (олардың біреуіне) баланы қайтарып беру оның
мүдделеріне қайшы келетін болса, сот баланың пікірін ескере отырып, талапты
қанағаттандырудан бас тартуға құқылы.
Баланың өміріне немесе оның денсаулығына тікелей қатер төнген жағдайда
баланы айырып алу
1. Баланың өміріне немесе оның денсаулығына тікелей қатер төнген жағдайда
қорғаншы жəне қамқоршы орган баланы ата-аналардан (олардың біреуінен)
немесе оны қамқоршылыққа алған басқа да адамдардан дереу айырып алуға
құқылы.
Баланы дереу айырып алуды аудандық (қалалық) атқарушы органның тиісті
актісі негізінде қорғаншы жəне қамқоршы орган жүргізеді.
2. Баланы айырып алу кезінде қорғаншы жəне қамқоршы орган прокурорға
дереу хабарлауға, баланы уақытша орналастыруды қамтамасыз етуге жəне баланы
айырып алу туралы аудандық (қалалық) атқарушы органның актісі шыққаннан
кейін жеті күн ішінде сотқа ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру немесе
олардың ата-ана құқықтарын шектеу туралы талап қоюға міндетті.
Баланы айырып алуға байланысты істер бойынша сот шешімдерін орындау
1. Баланы ата-анасынан айырып алуға жəне оны басқа адамға (адамдарға)
беруге байланысты шешімді мəжбүрлеп орындау қорғаншы жəне қамқоршы органның
жəне баланы алатын адамның (адамдардың) міндетті түрде қатысуымен, ал қажет
болған жағдайларда ішкі істер органдары өкілінің қатысуымен, ал қажет
болған жағдайларда ішкі істер органдары өкілінің қатысуымен жүргізілуге
тиіс.
2. Баланы беру туралы сот шешімін оның мүдделеріне нұқсан келтірмей
орындау мүмкін болмаған жағдайда бала соттың ұйғарымымен тəрбие, емдеу
мекемесіне немесе басқа мекемеге уақытша орналастырылуы мүмкін.
Бала отбасында өз мүддесін қозғайтын кез — келген мәселені шешу кезінде
өзінің пікірін білдіруге, сондай-ақ кез — келген сот немесе әкімшілік іс
қарау барысында тындалуы құқылы. Он жасқа толған бала пікірі, егер бұл
пікір оның мүдделеріне қайшы келмейтін болса, ескерілуге міндетті.
Баланың осы Заңның 5-бөлімінде белгіленген тәртіппен және мөлшерде өзінің
ата-анасынан және отбасының басқа да мүшелерінен асырау қаражатын алуға
құқығы бар.
Балаға алименттер, зейнетақылар, жәрдемақылар, ретінде тиесілі сомалар ата-
анасының (олардың орнындағы адамдардың) билік етуіне келіп түседі және оны
олар баланы асырап-бағуға, оған білім беруге және оны тәрбиелеуге жұмсайды.
3. Баланың өзі сыйға немесе мұрагерлік тәртібімен алған кірістерді,
мүлікті, сондай-ақ баланың қаражатына сатып алынған басқа да кез келген
мүлікті меншіктенуге құқығы бар. Өз еңбегінен кіріс алған бала, егер ол ата-
анасымен бірге тұрса, отбасын асырау жөніндегі шығыстарға қатысуға құқылы.
Баланың өзіне меншік құқымен тиесілі мүлікке билік ету құқығы Қазақстан
Республикасының Азаматтқ кодексінің (жалпы бөлім) 21-23 баптармен
белгіленеді.
Ата — ананың бала мүлкін басқару жөніндегі құқықтарын жүзеге асыруы
кезінде оларға осы Заңның 114 — бабында белгіленген ереже қолданылады.
Баланың ата — ана мүлкіне меншік құқығы болмайды. Бірге тұратын балалар мен
ата — аналар бір — бірінің мүлкін өзара келісім бойынша иеленіп, пайдалана
алады.
Ата — аналар мен балалардың ортақ меншік құқығы пайда болған жағдайда
олардың ортақ мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы
азаматтық заңдарда белгіленеді.
Баланың өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға құқығы бар. Баланың
құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға ата-анасы (олардың орнындағы
адамдар), ол осы Заңда көзделген жағдайларда қорғаншы және қамқоршы орган,
прокурор және сот жүзеге асырады.[12,43]
Кәмелетке толғанға дейін заңға сәйкес әрекетке толық қабілетті деп
танылған кәмеллетке толмаған адамның өз құқықтары мен міндеттерін, оның
ішінде қорғалу құқығын өз бетінше жүзеге асыруға құқығы бар.
2. Баланың ата-анасының (олардың орнындағы адамдардың)
тарапынан жасалған қиянаттан қорғалу құқығы бар. Баланың құқықтары мен
заңды мүдделері бұзылған кезде, оның ішінде ата-анасының (олардың біреуінін
немесе олардың орнындағы адамдардың) баланы асырап-бағу, тәрбиелеу, оған
білім беру жөніндегі міндеттерін орындамауы кезінде немесе тиісті дәрежеде
орындамауы кезінде не ата-ана (қорғаншы, қамқоршы) құқығын теріс пайдалану
кезінде бала қорғаншы және қамқоршы органға, ал он төрт жасқа толғанда —
сот өзінің құқықтарын қорғау үшін өз бетінше өтініш жасауға құқылы.
3. Баланың өміріне немесе денсаулығына қауіп төнгендігі туралы,
оның
құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылғандығы туралы белгілі болған
ұйымдардың лауазымды адамдары мен өзге де азаматтар ол жөнінде баланың іс
жүзінде тұратын жері бойынша қорғаншы және қамқоршы органға хабарлауға
міндетті. Ата-аналардың өз балаларына қатысты құқықтары тең және міндеттері
(ата-ана құқыктары) тең болады. Осы тарауда көзделген ата-ана құқықтары
балалары он сегіз жасқа (кәмелетке) толғанда, сондай-ақ кәмелетке толмаған
балалар некеге тұрған кезде тоқтатылады. Кәмелетке толмаған ата-аналардың
баласымен бірге тұруға және оны тәрбиелеуге қатысуға құқығы бар. Некеге
тұрмаған, кәмелетке толмаған ата-аналар олар бала туған жағдайда және
олардың ана және (немесе) әке болуы анықталған жағдайда өздері он алты
жасқа толғанда ата-ана құқығы өз бетінше жүзеге асыруға құқылы. Кәмелетке
толмаған ата-аналар он алты жасқа толғанға дейін қорғаншы және камқоршы
орган балаға қорғаншы тағайындайды, ол баланын кәмелетке толмаған ата-
аналарымен бірге оны тәрбиелеуді жүзеге асырады. Баланың қорғаншысы мен
кәмелетке толмаған ата-ананың арасында туындаған келіспеушілікті қорғаншы
және қамқоршы орган шешеді. Кәмелетке толмаған ата-аналардын жалпы
негіздерде өздерінің әке және ана болуын мойындауға және оған дау айтуға
қүкығы бар, сондай-ак олардың он торт жаска толғаннан кейін сот тәртібімен
өз балаларына катысты әке болуын аныктауды талап етуге қүкығы бар.[13,81]

2. Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар.

2.1 Отбасына қарсы қылмыстар.

Бала асырап алушының еркіне қайшы қызметтік немесе кәсіптік құпия
ретінде бала асырап алу фактісін сақтауға міндетті адамның не өзге жамандық
ниетпен жасаған бала асырап алу құпиясын жария еткені үшін жауаптылық
Қылмыстық кодекстің 135-бабында көздеген. Бұл қылмыстың қоғамға қауіптілігі
сол кінәлі адам асырап алған адамға немесе үшінші жаққа бала асырап алу
кұпиясын заңсыз бұзып, оны жария ету арқылы балаға немесе оны асырап алған
ата-аналарына орны толмас моральдық зиян келтіреді.
Қымыстың тікелей объектісі — бала асырап алу туралы заңда белгіленген
қоғамдық қатынастар, сол бала асырап алушылар мен асыранып алынғандардың
мүдделері. Қылмыс объективтік жағынан бала асырап алу құпиясын жария ету
арқылы жүзеге асырылады. Яғни асырап алған балаға не кез келген басқа
адамға баланың шығу тегі жөніндегі шын мәліметтерді, сондай — ақ баланы
асырап алумен байланысты басқа да жағдайларды айту немесе жеткізу
әрекеттері.[14,43]
Заң бойынша баланы асырап алу құпиясын қамтамасыз ету жөніндегі
міндеттер бала ғып алуға рұксат берген жергілікті, аудандық, қалалық,
қаладағы аудандық әкімшілігінің бөлімдеріне, сондай — ақ бала ғып алуды
тіркеген азаматтық хал актілерін жазатын органға жүктеледі.
Құрылымы бойынша бұл қылмыс формальды құрамды құрайды, сондықтан да
қылмыс баланы асырап алу жайлы мәліметті жария еткен сәттен бастап
аяқталған деп есептеледі. Объективтік жағының міндетті белгісі ретінде
қылмыстан келген зардаптың тууы міндетті емес.
Қазақстан Республикасының Неке және отбасы туралы Заңына сәйкес бала
асырап алуды жүзеге асыратын лауазымды адамдар және бала асырап алу
жөніндегі фактіні білетін өзге де … жалғасы