Тоқаев Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.

«Барша отандастарымызды Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Келесі жылы ел тарихының мерейлі 30 жылдығын атап өтеміз. Біз — бірлігі бекем, іргесі мығым елміз. Қасиетті Отанымыз, Тәуелсіз Қазақстанның игілігі үшін еңбек ету — қастерлі парызымыз», — деп жазды ол Twitter желісінде.

Барша отандастарымызды Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Келесі жылы ел тарихының мерейлі 30 жылдығын атап өтеміз. Біз — бірлігі бекем, іргесі мығым елміз. Қасиетті Отанымыз, Тәуелсіз Қазақстанның игілігі үшін еңбек ету — қастерлі парызымыз.

— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) December 16, 2020
Айта кетейік, бүгін, қазақстандықтар Тәуелсіздіктің 29 жылдығын атап өтіп жатыр. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі және мемлекеттік егемендігі туралы заң қабылданған.

16 желтоқсан — Қазақстанда мерекелік демалыс күні. Аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар үшін 17, 18 және 19 желтоқсанда да демалыс болады. 20 желтоқсан, жексенбіде ел тұрғындары жұманың орнына жұмысқа шығады.

2021 жылы қазақстандықтар тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтеді.