Израиль елінде әйелдер зорлық-зомбылыққа қарсы наразылық шеруіне шықты
Тель-Авив қаласында нәзік жандылар зорлық-зомбылыққа қарсы наразылық шеруге шықты. Израиль елінің баспасөз қызметінің мәліметі бойыншы түрлі жағдайда қысымға ұшыраған әйелдерің қауіпсіздігін арттыру үшін отыз мыңнан астам қолдарына плакат ұстап өздерінің қарсылықтарын білдірген. Оның басым бөлігі нәзік жандылардан құрылған.
Қауіпсіздік ұйымының мәліметі бойынша, жыл сайын Израиль елінде араб әйелдері әртүрлі зорлық-зомбылықтарға кезігеді. Ағымдағы жылдың басынан бері 24 әйелдің зорлық оқиғасы тіркелген.
Естеріңізге сала кетейік, BBC арнасы 2018 жылдағы бір күнді таңдап алып, әлемдегі осындай келеңсіз оқиғаларды зерттеп көрді. Нәтижесінде бір ғана 1 қазан күні әлемнің 27 елінде 47 әйел зорлық-зомбылық әрекетінен көз жұмған.
БҰҰ тарабы аталған мәлімдемеде, қауіпсіздік қызметкердің көп жағдайда әйелдердің қастандықпен көз жұмғанынан хабарсыз қалып жататынын айтады. Демек, бұндай қылмыстар ресми статистикадан әлде қайда көп дегенді алға тартады.