Қарашада Қазақстандағы инфляция 0,9 пайызды құрады

0

2018 жылғы 4 желтоқсан 15:58 157

Қарашада Қазақстандағы инфляция 0,9 пайызды құрады

АСТАНА. ҚазАқпарат —  2018 жылдың қараша айында Қазақстанда инфляция өткен аймен салыстырғанда 0,9 пайызды, 2017 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 4,6 пайызды құраған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР ҰЭМ Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Өткен айда азық-түлік тауарларының бағасы 1,1% пайызға, тағамдық емес тауарлар құны — 0,8 пайызға, тұрғындар үшін ақылы қызметтер 0,7 пайызға қымбаттаған.

Осы жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша, жыл басынан бері азық-түлік тауарларының құны 3,8 пайыз, тағамдық емес тауарлар 5,9 пайыз, ақылы қызметтер — 4,2 пайызға қымбаттады.