Әр елдің салты басқа | «Айқын» газеті
Қазақстан Президенті Н.Назарбаев 2017 жылы сәуір айында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жарияланған күннен бастап ұлттық құндылықтар мен ұлттық кодты қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар атқарылды. Әрбір ұлттың өзіндік ерекшеліктері мен салт-дәстүрлеріне негізделген мәдениеті болатынын тағы да бір нақтылай түсті.
Осы бағдарламаның жалғасы ретінде бүгінгі жарияланып отырған Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы ұлтымыздың жетістіктері мен ерекшеліктерін одан ары паш етуге мүмкіндік беріп отыр. Қазақ жерінің киелігін, көптеген ғалымдар мен данышпандардың мекені екенін тарих беттерінен оқып қана қоймай, әлемдік деңгейде танытуды қолға алуымыз қажет.
Елбасының «Тарихын білмеген елдің болашағы да бұлыңғыр болады» деген пікірін басшылыққа ала отырып, дала өркениетінің тарихи кезеңдерін кеңінен қамтитын «Ұлы дала тұлғалары» атты ғылыми-көпшілік серияларды шығаратын болсақ, жастардың бойында нағыз патриоттық тәрбиенің қалыптасатынын белгілі. Сондықтан фильмді сапалы әрі шетел азаматтарымен бірлесе отырып түсіру – біздің ғана емес, шетел азаматтарының да біздің тарихи тұлғаларымыздың ерен еңбектері жайлы мәліметтер алатыны сөзсіз.
Еліміз түркі халықтарының қасиетті қара шаңырағы болып табылғандықтан «Түркі өркениеті: түп тамырынан қазіргі заманға дейін» атты жобасы мен «Дала фольклорының антологиясын» жасауды тапсырып отыр.
Бұл шаралар өз кезегінде еліміздің ертеңі үшін жасалып отырған құнды дүние деп есептеймін. Халықтың ұлылығы – оның руханиятында. Мұхтар Шаханов айтқандай: «Тарихты
білмеу – тамырсыздық» – дей келе, әрбір адам өзінің тарихи тұлғалары мен олардың ерлігі туралы мағлұматтарға қанық болған жағдайда келешегіміз кемел болатынына сенемін.
Ербол БАЙҚОНЫСОВ,
«Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының Саяси жұмыстар бөлімі меңгерушісі