«Папа маған ештеңе жасаған жоқ» — педофилия үшін сотталған қазақстандықтың қызы оны босатуды сұрайды

0

Жазасыз сотталған ұлымның ақталуын талап етемін! Бұл қызылордалық ананың жанайқайы. Қармақшы ауданынның тұрғыны бір жылдан астам уақыттан бері әділдікке қол жеткізе алмай жүргенін айтады. Себебі өңірлік сот оның ұлын былтыр 20 жылға бос бостандығынан айырған. Айыпта «Азамат қоғамдық көлік аялдамасында өз қызына жыныстық азғындық жасаған» деп көрсетілген екен. Дегенмен мұның барлығы жалған екенін айтады. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

«Балам сондай істесе отыра берер еді, жазықсыз болғасын күйіп бара жатырмыз ғой. Ол да күйіп бара жатыр өзінің қызына…Өзінің қызы күнде сурет салып отыр: — Мамам, папам деп қол ұстасқан суретін салып отыр. Қашан келеді, папам – деп».

Оқиға бір жыл бұрын Байқоңыр қаласында болған. Әйелімен ажырасқан Бағлан Ұзынжасов мереке күндері 6 жастағы үлкен қызын өз үйіне бір-екі күнге демалысқа алып кетпек болады. Екеуі Ақай елді мекенінде аялдамада автобус күтіп отырғанда тұңғышы Інжу әкесінің алдында жантайып жатқан екен. Осы кезде келіп тоқтаған автобус ішінен бір азаматша әй-шәй жоқ «педофил, аялдама азғындық жасады» деп айыптаған. Мұнан соң 34 жастағы Бағлан темір торға қамалады.

ҮМІТ, ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІНІҢ АНАСЫ: «Қамап, мінекей соның аяғы 1 жыл 4 ай болды сандалып, қиналып жүргеніме. Енді балам ондай істесе мен аямас едім, бір үзім нан апарып бермес едім. Қолымен істегеніңді басыңмен көтер деп әрі қарай жібердірер едім педофил болса. Педофилдерді аямау керек. Бірақ жазықсық ғой балам, ешқандай дәлел жоқ, дым жоқ. Экспертизаның барлығы таза, көшедегі бір әйелдің айқайына осындай істеуге бола ма?»

Бағлан Ұзынжасовтың заңды қорғаушысы да тергеу барысында біршама заң бұзушылықтар болғанын айтады.

ТОҚТАР МЫРЗАМБЕТОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ АДВОКАТТАР АЛҚАСЫНЫҢ АДВОКАТЫ: «Бір азғындық жасағанын бекітетін сараптама қорытындылары жоқ. Іс бойынша мына ауыз қуысынан, жанағы қол іздері, тері маз іздері алынып, тиісті зерттеулер жүргізіледі негізінде. Алынған ауыз қуысынан алынған сүртінділердің нәтижесінде сараптама қорытындылары оң нәтиже беріп тұрған жоқ, теріс нәтиже. Яғни, ондай оқиғаның орын алғандығын бекітіп тұрған жоқ».

Бұл істе тіптен куәгердің де сөзі ескерілмеген көрінеді. Аялдаманың қасында сол уақытта балаларымен серуендеп жүрген Мадина Сейделова ешқандай жыныстық азғындық болмады, дейді.

МАДИНА СЕЙДЕЛОВА, ОҚИҒА КУӘГЕРІ: «Остановкаға бүйтіп қарай салғанымда әкесі мен қызы отыр екен. Сөйтіп артқа бұрылдым да жүре бердім. Бірақ қарап отырдым, әкесі мен қызы екен. Сонымен №1 автобус келді. Әйел түсіп автобустан, айқайлады. Автобустан өте беріп тоқтады. Айқайлады: «Не істеп жатырсың мына қызға, не қылып жатсың?» деп айқайлап ана жерде «қызыңды зорлап жатсың» дегендей сондай бәле жапты. Мен оны көзіммен көріп тұрмын, қызы тек алдында жатты, қыздың басы остановкаға қарап тұр.

Алайда, болған жайтты сотта айтқан куәгерді тыңдар құлақ табылмапты. Алғашқы отырыста Бағлан Ұзынжасовқа 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасы берілген. Мұнан соң сотталушының жақындары аппеляцияға беріпті.

«Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасында өзінің қызына сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер жасаған Б.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Сотталушы Б. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 121-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, педагогикалық қызметпен және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты қызметтерді атқару құқығынан өмір бойына айырылып, 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерінде өтеу белгіленді».
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ РЕСМИ ЖАУАБЫ

Сотталып кеткен Бағланның қызы міне бір жылдан астам уақыттан бері әкесін көре алмай отыр. Сол күні ешнарсе болмағанын сөз еткен бүлдіршін әлі күнге дейін үмітпен жүр.

ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІНІҢ ҚЫЗЫ: «Папа маған ешнәрсе істеген жоқ. Папамды сағындым, папамды жақсы көремін. Папаны босатыңдар. Папамды қатты жақсы көремін!»

Жазықсыз педофилдер тізіміне іліккен Бағлан Ұзынжасов бүгінде түрмеде. Қызылордалық сотта әділдік жоқ деген сотталушының анасы барлық үмітті жоғарғы соттан күтеді.