Қарағандыда пәтерден шыққан жылан елді шошытты

0
Қарағандыда пәтерден шыққан жылан елді шошытты


3 желтоқсанда құтқарушыларға Ержанов көшесінің бойындағы көп қабатты тұрғын үйдің пәтерінде жылан табылғаны туралы хабар түскен.

Оқиға орнына Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары келді. Анықталғандай, үй иесі жыланды қонақ бөлменің қақ ортасынан көрген. Құтқарушыларды шақырғанша ол белгісіз бағытқа қарай жылжып кеткен.

Жылан ас бөлмеден табылған. Абырой болғанда, бауырымен жорғалаушы  улы емес болып шықты. Ауланған жылан ветеринарларға берілді. Оның қайдан келгені беймәлім. 

Дереккөз: ҚазАқпарат