Бекшин Алматыға енгізілген жаңа шектеулер тізімін жариялады

0

Алматыда коронавирустың жеңіл түрімен ауыратын және ауру белгілері жоқ науқастар да емхана жатқызылады. Бұл туралы брифинг барысында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты.

Қаланың бас санитар дәрігерінің айтуынша, Алматы қаласының қоғамдық денсаулық басқармасы үй жағдайында инфекцияның таралуын тоқтату мақсатында нақты стационарларды атайды. Оған қалада инфекция жұқтырғандардың 35-36%-і отбасы ішінде ауырып қалғаны себеп болып отыр.

«Алматы қаласының қоғамдық денсаулық басқармасы коронавирустың жеңіл және симптомсыз түрімен ауыратын науқастарды вирустың бөлінуі тоқтағанға дейін дереу оқшаулауға және емдеуге кіріссін», — деді Бекшин.

Сонымен қатар қалада инфекция жұқтырудың көп тіркелуіне байланысты карантин шаралары күшейтіледі. 15 және одан да көп адам жұмыс істейтін ұйым қызметкерлерінің 60-80%-і қашықтықтан жұмыс істеу режиміне ауысуы қажет.

ХҚКО бас санитар дәрігер қаулысы талаптарын сақтай отырып, жұмыс күндері сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін, сенбі күндері сағат 10.00-ден 15.00-ге дейін жұмыс істейді.

Қоғамдық тамақтану нысандарының, оның ішінде сауда ойын-сауық орталықтарында орналасқан нысандарға сағат 07.00-ден 23.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

Пандемия басталғалы Алматыда 16 мыңнан аса адам коронавирус жұқтырды, тамыздан бастап 1 205 адам пневмонияға шалдықты.