Тимур Құлыбаев әлемдік басылымға шыққан ақпарат үшін Қазақстан прокуратурасына жүгінді

0

Тимур Құлыбаев Financial Times басылымындағы жарияланымға байланысты Бас прокуратураға жүгінді деп хабарлады KzNews.kzInbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, Тимур Құлыбаев Financial Times жариялаған мәлімет бойынша ресми тексеру жүргізу үшін Бас прокуратураға жүгінген.

«3 желтоқсанда Financial Times газетінде жарияланған мақалаға қатысты мынаны хабарлаймыз. Тимур Құлыбаев нақты фактілер арқылы расталмаған, ресми түсініктемелерге қайшы келетін өзара байланысты емес біржақты тұжырымдар жиынтығы болатын дезинформациялық сипаттағы материалдар қамтылған жарияланыммен келіспейтінін білдіреді.

Тимур Құлыбаевтың осы мақалада айтылған мәмілелерге ешқашан тікелей немесе жанама түрде қатысы болған емес. Осы айтылғандарды ескере отырып, Тимур Құлыбаев ресми жан-жақты тексеру жүргізу үшін Бас прокуратураға жүгінді», — делінген жарияланымда.