Кәсіпорынның шығын түрлері | Скачать Материал
1.1. Шығындар туралы түсінік
Шығындар туралы сан түрлі тұжырымдар мен концепциялар бар, оларды зерттеумен саяси экономиканың классиктері де айналысқан. Абсолюттік шығындар туралы түсінікті енгізген А. Смит болды, ал салыстырмалы шығындар туралы түсінікті Д. Рикардо енгізген. Шығындар деген терминді олар, бірлікке жұмсалған орташа қоғамдық шығындар деп түсінген, немесе өнімнің жеке бірлігі орташа кәсіпорын үшін не тұрады, немесе саладағы кәсіпорындардың барлығына бірдей орташа шығындар көлемі қандай шамада болады. Классиктер шығындарды ренталық төлемдермен есептескендегі өндіріс бағасы деп те дәлелдеді. Марксистік концепция бойынша өндіріс шығындары капиталиске тауардың не тұратының көрсетеді: өндіріс құралдары мен жұмысшы күшіне (тұрақты және өзгермелі капитал) жұмсалған шығындардың сомасы болады.
19 ғасырдың соңында бірнеше жаңа конепциялар пайда болды. Маржиналисттер (Менгер, Визер) бойынша, шығындар шекті пайдалылыққа негізделген психологиялық құбылыс болып табылады. Олардың шекті пайдалылығымен (сатушы көзқарасы бойынша) белгіленетін, өндіріс факторлары үшін фирмалар төлейтін соманың шамасы белгіленеді. Маржиналисттік экономикалық теорияда шығындар түсінігі тек жеке кәсіпорынға тән жағдай деп есептелінеді. Осы кәсіпорынының табысы мен шығындары өндіріс масштабының функциясы деп түсініледі. Австриялық теоретик Ф. Визер балама мүмкіндіктер шығындарының субъективтік теориясының авторы. Осы тауардың нақты өндіріс шығындары, өндіріс ресурстарын басқаша пайдаланғанда өндірілген өнімдерден қоғамға түсетін барынша жоғары пайдалылыққа тең болады. Австриялық мектептің өкілдерінің маржиналистік көзқарастарын математикалық негізге көшірумен байланысты, шығындарды барынша төмендету (минимизация) теоиялары пайда болды. Шығындардың институционалистік теориясының көрнекті өкілдері Дж. К. Кларк және Джон А. Гобсон. Кларк қосымша шығындар (overhead costs) мәселелерімен айналысқан және шығындардың әр қилы типтерін индивидуалдық, қоғамдық, абсолюттік, үстеме, қаржылық, өндірістік, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді жан-жақты зерттеген. Гобсон адамға жасалатын шығындар деген ұғым енгізді. Бұған еңбек амалының сапасы мен сипаты, оның қабілеттілігі және қоғамдағы еңбек бөлінісінің тиімділігі жатады. Өндіріс шығындарының неокласикалық концепциясы, оны өндіріс факторларына жұмсалатын шығындар (тұрақты және өзгермелі) сомасы дейді. Соңғы жылдары неоинституционалистік трансакциондық шығындар теориясы пайда болды. Бұған көбінесе айналыс шығындары жатады-тауарды өткізу шығындары (жарнамаға, нарықтық жағдайды ұстап тұру үшін т.б.). Трансакциондық шығындар деген түсінікті американдық экономист Р. Коуз енгізді. К. Эрроу бойынша экономикадағы трансакциондық шығындар физикадағы үйкеліспен ұқсас дейді. Неоинституционерлер нарықтың функциясы трансакциондық шығындарды үнемдеу болып табылады дейді
Шығын түсінігі экономика саласындағы көп мағынаға ие сөз болып табылады.
Кең тараған анықтама бойынша , шығын дегеніміз — қолда бар бағалы нәрсемен одан да көп пайда табу мақсатында құрбан ету. Анықтамадан көріп отырғанымыздай, қолда бар ресурстарды жұмсай отырып, болашақта пайда табуға жұмсалатын қаржы көлемін шығын деп атаймыз. Бұл нарықтық жағдайдағы қалыптасқан анықтама деп айтуымызға болады.
Экономикалық көзқарас бойынша шығындар түсінгі барлық жұмсалған материалдар мен қызмет құнының жиынтығымен түсіндіріледі.
Шығындардың бағалануы екі түрлі тәсілмен жүзеге асады: бухгалтерлік, экономикалық.
Сурет-1. Шығындардың бағалану тәсілдері
Жоғарыда келтірілген суреттен төмендегідей тұжырым жасауға болады.
Бухгалтерлік шығындар-өнімнің белгілі бір мөлшерін өндіруге кеткен нақты факторлық шығындары. Онда факторлар сатып алынған бағамен анықталады. Кәсіпорынның бұл шығындары өнімнің өзіндік құнын құрауға мүмкіндік береді.
Экономикалық шығындар ресурстардың сиректігіне эіне оларды баламалы түрде пайдлану мүмкіндіктері негізінде анықталады. Өнімді өндіруге алынған ресурстардық экономикалық шығындары, өнімді өте қолайлы пайдаланып өндірген құнға тең болады. Бұлар өз кезегінде келесідей екі топқа жіктеледі: айқын шығындар және айқын емес шығындар
1.2. Кәсіпорынның шығын түрлері
Өндіріс шығындарын топқа және типке бөліп қарастыруға болады. Әлеуметтік-экономикалық бағыттан қарағанда, шығындар қоғамдық және кәсіпорындық болып бөлінеді. Қоғамдық шығындарға дайын өнімнің құнына көшкен жанды еңбек және заттүрін алған еңбек шығындары жатады. Өндіріс шығындарына кәсіпорынның өндірісте тұтынылған құрал — жабдықтары мен жалақы шығындары жатады, және өндіріс шығындары өз алдына айқын және айқын емес болып бөлінеді.
Сурет-2. Экономикалық шығындардың жіктелуі
Айқын шығындар- өндіріс факторларымен жабдықтаушыларға ақша формасындағы төлем түрінде жұмсалатын шығындар.
Сурет-3. Айқын шығындардың түрлері
Айқын емес шығындар-өндіріс барысында пайдаланылған кәсіпорынның өз иелігіндегі ресурстардың құнын айтамыз. Мысалы: ғимараттардың жалға берілмеу шығындары.
Айқын шығындар (expliсit costs) деп өндіріс факторлары мен жабдықтаушыларға айқын ақша формасындағы төлем түрін алатын балама шығындар аталады. Мысалға жалақы төлеуді, көлік шығындарын, коммуналдық төлемдерді жатқызуға болады. Айқын емес шығындар(implicit costs) деп өндірісте пайдаланылған фирманың өз иелігіндегі (сырттан сатып алынбаған) ресурстардың құнын (шығының) атайды және өзіне қарасты ресурстарды тиімді пайдаланған жағдайда пайда ала алатын немесе айырылып қалған мүмкіндіктерінің (алынбай қалған пайдасының) ақшалай төлемі. Мысалға ғимараттарды жалға бермегендіктен түспеген пайда.
Бухгалтерлік статистикада айқын емес шығындар көрсетілмейді. Айырылып қалған мүмкіндіктерді есепке алу — нарықтық экономиканың маңызды ерекшелігі. Айқын (бухгалтерлік) шығындар плюс айқын емес шығындар — бұл экономикалық шығындар. Экономикалық шығындар бухгалтерлік шығындарды ғана емес, сонымен бірге өз ресурстарын аса қолайлы кәсіпкерлік салаға жұмсап, одан алуға болатын табысты да қамтиды.
Өнімнің өндірістік өзіндік құнын құрайтын шығындардың есебінде, бухгалтерлік есептің Қорлар стандартына сәйкес шығындардың келесідей топтамалары қолданылады.
Сурет-4. Қорлар стандартына сәйкес шығындардың топтамалары
Өндіріс шығындары бұдан да басқа мынадай топтамаларға бөлінеді:
* жауапкершілік орталықтары бойынша;
* құрамына қарай;
* өндіріс процесіндегі экономикалық роліне қарай;
* өндіріс көлемінен тәуелділік сипатына қарай;
* өзіндік құнға жатқызылу уақытына қарай немесе есептік кезеңдерге қарай;
* тиімділігіне қарай;
* шығын түрлеріне қарай.
Өндірістің барлық шығындары өнімнің жекелеген түрлерінің немесе біртекті өнімдер топтарынын өзіндік құнына кіргізіледі. Өзіндік құнға қосылу тәсілінен тәуелді шығындар тікелей және жанама шығындар деп бөлінеді.
Тікелей шығындар алғашқы құжаттардың негізінде белгілі өнім (қызмет, жұмыс) түріне жатқызуға болатын шығындар. Оларға материалдық шығындар, еңбек ақы және одан аударымдарға шығындар жатады. Барлық тікелей шығындар калькуляциялық шоттарда бейнеленеді.
Жанама шығындар бірнеше өнім түрлерінің өндірісімен байланысты, өнімнің өзінідік құнына оларды тарату арқылы енгізілетін шығындар.
Құрамы бойынша өндіріс шығындары бір элементті және кешенді болып бөлінеді, яғни шығындарға енгізілетін элементтерден тәуелді болады.
Өндіріс процессіндегі экономикалық ролінен тәуелді шығындар негізгі және үстеме деп бөлінеді. Негізгі шығындар өнім жасаудың өндірістік процессіне тікелей кіретін шығындар.
Үстеме шығындар өндірісті басқарумен және қалпында ұстаумен байланысты шығындар.
Өндіріс көлеміне қатысты шығындар шартты-тұрақты және шартты- ауыспалы шығындардың мәні, олардың шамасы өндірілетін өнім көлеміне тікелей пропорционалды өзгеретіндігінде. Олар өнімнің бір бірлігіне нормаланады. Шартты тұрақты шығындар өнім өндірісі көлемінен тәуелсіз және ауыса қоймайды. Шамалары кәсіпорын бойынша шектеліп отырады. Ауыспалы және тұрақты шығындар шартты түрде алынады, өйткені олардың арасында шығындар мен өнім көлемінің қатаң есептігі жоқ.
Есептік кезендер немесе өзіндік құнға жатқызу уақытынан тәуелді өндірістік шығындар ағымдағы және бір мезгілдік қана болып бөлінеді. Өндіріс шығындарын ағымдағы және бір мезгілдік — деп қатаң бөліп қарау өнімнін өзіндік құнын ай сайын дұрыс есептеуге мүмкіндік береді.
Тиімділігінен тәуелді шығындар өнімді және өнімсіз деп бөлінеді. Өнімнін өзіндік құнының денгейіне өнімсіз шығындар көп әсер етеді.
Барлық экономикалық шығындар екі үлкен топқа бөлінеді: тұрақты және айнымалы. Тұрақты шығындар (fixed costs FC) — осы мерзімде өндіріс пен өткізудің көлемі мен құрамына байланысты емес шығындар.
Сурет-5. Тұрақты шығындардың түрлері
Сурет-6. Тұрақты шығындардың жіктелімі
Сонымен, тұрақты шығындар белгілі бір уақыт аралығында өндіріс пен өткізу көлемінің өзгеруіне байланысты емес шығындарды айтамыз. Графикалық бейнеде тұрақты шығындар түзу сызық арқылы бейнеленіп көрсетіледі(Диаграмма-1).
Диаграмма-1. Тұрақты шығынның графикалық бейнесі
Қалдық шығындарға өндіріс пен өткізу белгілі бір уақытқа толық тоқтатылғанына қарамастан жұмсалатын кәсіпорынның тұрақты шығындарының бір бөлшегі жатады. Старттық шығындарға өндіріс пен өткізудің қайта басталуымен байланысты жұмсалатын, тұрақты шығындардың бір бөлшегі жатады. Бұл шығындарды координата осінде келесідей бейнеде көруге болады(Диаграмма-2).
FC
Старттық шығындар
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
Қалдық шығындар
Диаграмма-2. Координата осіндегі бастапқы және қалдық шығындар
Айнымалы шығындар (VC) өндіріс көлеміне тікелей байланысты. Бұған жұмыскерлердің еңбекақысы, шикізатқа, қуатқа, көлік шығындарына жұмсалған шағындар және т.б. жатады. Өнім тіпті өндірілмесе де тұрақты шығындардың өтелуі тиіс, ал айнымалы шығындарды кәсіпкер өндіріс мөлшерін өзгерте отырып басқара алады. Өндірістің тұрақты және айнымалы шығындардың қосындысы өндірістік шығындардың жиынтығын құрайды. Өнім шығарудың әртүрлі шығын түрлеріне анықтама береміз. Кәсіпорынның жалпы шығындары деп (total costs) ТС — оның тұрақты және айнымалы шығындарының сомасы түсініледі. Жалпы шығындарды келесі формуламен табамыз ТС. Өнімнің жаңа бірлігімен бірге, жалпы шығындар айнымалы шығындардың сомасындай шамаға өсіп отырады. — Өндіріс көлемі өзгергенде жиынтық шығындардың шамасын белгілетін шығындардың түрлері көп болады, мысалы, шикізатқа , негізгі және көмекші материалдарға шығындар,т.с.с
1.3. Шығындарды анықтаудағы шет елдік әдіс-тәсілдер
Кез-келген кәсіпорынның пайда табу мақсатында негізгі міндет ретінде шығындарды ең минималды деңгейге түсіру тұрады. Бұған бастапқыда өндірісті тиімді жоспарлау, жаңа инновациялық жобаларды қолдану алғышарт бола алады.Сондықтан кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру үшін есеп саясатының жүргізілу әдісін өзгерту керек. Бұған мысал ретінде шығындар мен өзіндің құнды есептеудің әдістерін жатқызуымызға болады. Қазақстандық тәжірибеде өндіріс ерекшеліктерін ескермей ,оған тыңғылықты түрде талдау жүргізбей есептеудің дәстүрлі типі қарастырылған. Ол өз кезегінде еліміздегі кәсіпорындардың қаржылық көрсеткіштерін айтарлықтай төмендетеді және бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді.
Шығындарды есептеу мен өзіндік құнды есептеудегі ең тиімді әдістерді ойластыру әлемдік экономистердің ,ғалымдардың қызығушылығын туындатып, осы мақсатта жұмыс атқаруларына итермелеп отыр. мысал ретінде айтар болсақ, стандарт кост деп аталатын есеп жүргізу тәсілін американдық ғалым Г.Эмерсон, бухгалтерлер Ч.Гариссон мен Ч.Гант енгізген.
Қазіргі кезде шығындарды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын анықтаудың жаңа әдістерін әзірлеумен АҚШ, Германияя,Жапония,Франция секілді мемлекеттердің экономист ғалымдары айналысып жатыр. Шетелдік тәжірибелердің мақсаты шығындарды есептеудің дәстүрлі әдістеріне шектеу қою және де олардың ұтымды жақтарын енгізу болып табылады. Әлемдік тәжірибеде калькуляциялаудың келесі түрлерін жатқызуымызға болады:
* Мақсатты калькуляциялау(таргет костинг);
* кайдзен-костинг;
* дәл уақытында жүйесі;
* директ-костинг;
* стандарт-костинг.
Мақсатты калькуляциялау-өзіндік құнды бағаның негізінде калькуляциялау. Target costing-бұл шығындарды басқарудың нарыққа бағытталған әдісі. Бұл дегеніміз құнды сатып алушы қалайтын бағада анықтау жүйесі болып табылады. Бұл жүйе алғаш рет 19 ғасырдың 60-жылдары Жапонияда пайда болған. Бастапқы уақытта бұл жүйені сол елдің Тойота компаниясы бастап қолдана бастады. Жүйенің мәні мынада:
Сурет-7. Target costing әдісінің іске асырылу жолы
Жапондық бұл әдістің ерекшелігі сипатталған шығындардың тек болашақтағы көлемі анықталады және де оның өнімнің рентабельділігіне әсерін анықтайды. Қазіргі уақытта шығындарды есептеудің бұл әдісімен Жапондық компаниялардың 80%-ы қолданады. Олардың ішінде :
* Toyota;
* Daihatsu;
* Nissan;
* NEC;
* Sony;
* Nikkon сынды ірі компаниялар да бар.
Ал АҚШ пен Батыс Еуропалық компаниялардың ішінде Target costing әдісін қолданушы компаниялар саны азырақ, бірақ DaimlerCrysler, Procter&Gamble,Caterpillar сияқты ірі компаниялар аталған әдістің негізгі қолданушылары болып табылады.
Жапонияда , АҚШ-та , Батыс уропа елдерінде Target costing әдісімен қатар кайдзен-костинг әдісі де қатар қолданылады. Екі әдістің де мақсаты бір-мақсатты өзіндік құнға жеткізу. Айырмашылығы ретінде бірінші әдіс өнімді жоспарлау кезінде, ел екінші әдіс өнімді өндіру кезінде қолданылады.
2.1. Қонақ үйдегі баға саясатының қалыптасуын талдау
Қонақ үйдің баға саясаты — баға қалыптастырудың тиімді әдістерін таңдау және қонақ үйдің бағалау жүйесін талдау жүргізу, нарықтағы бағаны таңдау және басқа да көзқарастарды қарастыратын, нарық жағдайында өмір сүруді қамтамасыз ететін маркетингтік іс-әрекеттердің құрамдас бөлігі. Кез келген қонақ үйдегі баға саясатының негізгі 3 мақсаты бар: өмір сүруге қабілеттілікті қамтамасыз ету, пайданы максималды шегіне жеткізу және нарықтағы орнын сақтап қалу. қонақ үйдің өмір сүруге қабілеттілігі — нарықта өзге де санаты мен қызмет көрсетуі ұқсас қонақ үйлер көп болған кездегі қатаң бәсекекелестік жағдайында өз іс-әрекетін жүзеге асыратын қонақ үйдің басты мақсаты. Бұл баға саясатының негізгі құраушылары болып өнімді сату көлемі мен нарықтағы үлесі саналады. Нарықтағы үлесін арттыру мүмкіндігіне ие болу үшін және де қызмет көрсету көлемін жоғарылату үшін төмендетілген баға қолданылады. Кірісті максимализациялауға нарықта қалыптасқан жағдайды өзіне тиімді пайдалануға тырысқан және нарықта тұрақты орны бар қонақ үйлер ғана емес, сонымен бірге болашақтарына күмәнмен қарайтын қонақ үйлер де ұмтылады.Мұндай жағдайларда қонақ үйлер болашақта максималды кіріс алуға мүмкіндік беретін бағаларға тоқтайды және әр түрлі деңгейдегі баға шығыны мен сұранысқа зерттеу жүргізеді. Нарықтағы орнын ұстап қалу нарықта бар жағдайды, не болмаса өз іс-әрекетіне қолайлы жағдайды сақтап қалудан тұрады. Мұндай мақсатқа жету үшін қонақ үй бәсекелестік жағдайдың күшеюі мен өнім өткізудің төмендеуін сақтап қалу үшін мүмкін болған барлық жағдайды қарастырады. Нарықтағы баға ұсыныс пен сұраныстан, өндіріс шығыны және бәсекелестердің бағасы және тағы басқа факторлардың ықпалынан қалыптасады. Қызметке деген сұраныс қонақ үй белгілей алатын бағаның жоғары шегіін анықтайды. Көрсетілетін қызметтердің жалпы шығыны(тұрақты және ауыспалы шығындар сомасы) оның ең аз деңгейдегі шамасын анықтайды. Бәсекелес қонақ үйлердің мінез-құлықтары мен олардың ұстанатын бағасы аталған қонақ үйдің бағасына елеулі түрде әсерін тигізеді. Мемлекеттің де бағаға әсер ету ықпалы жоғары. Мемлекет бағаға тікелей және жанама түрде әсер ете алады. Тікелей — бағаны қалыптастырудың белгіленген нормасын орнату, ал жанама әсер ету нарық жағдайының өзгерісіне, еңбек ақы, валюталық және салықтық операцияларға, қаржы саласында белгілі бір жағдайды қалыптастыруға негізделеді.
Қонақ үй шаруашылығына қажетті баға стратегиясын дайындау үшін бағаны белгілеудің мақсатын анықтап алған жөн. Бұл мақсаттар көбінесе туристер үшін қызметтер ұсынылғанда қолданылады. Мақсаттар қонақ үйдің нарықтағы жағдайын анықтаудан және оның мақсатынан қалыптасады. Баға белгілеудің мақсаттары жеке түрде қарастырылмауы керек. Керісінше, қонақ үйдің марктингтік стратегиясы өнімді жұмыс істеуі үшін қажет.
Қонақ үйдегі бағаны белгілеу мақсаты әр түрлі болуы … жалғасы