Ғалымдар 3D-принтерден стейк жасап шығарды
Испаниялық Novameat стартапын басқаратын италиялық биоинженер Джузеппе Счионти 3D-принтерден стейк жасап шығарды.
Ол адам ағзасына қажетті аминқышқылдары бар балдырдан, күріш пен бұршақтан тұрады. Стейктің текстурасын әдеттегі еттен ажырату қиын. Бұл оны өзге ет өнімдеріне пайдаланылатын көптеген алмастырғыштардан әлдеқайда табиғи етіп көрсетеді.
Осы жаңа әдіс 30 минут ішінде 100 грамм стейк өндіруге мүмкіндік береді. Оның пікірінше, технология кеңінен жетілдірілгеннен кейін өндіріс уақыты едәуір қысқарып, құны төмендейді.
Джузеппе Скионтидің айтуынша, сиырлардың етін өндіру үшін 70 есе көп уақыт жұмсау қажет. Сонымен қатар, әлемдегі барлық егіс алқаптарының 30% -ы ірі қара мал алады және олар Жердегі барлық таза ауыз суының 25% -дан астамын тұтынады.