Халықтың есебінен қалтасын қампитқан монополистер анықталды

0
Халықтың есебінен қалтасын қампитқан монополистер анықталды


Алматыда халықтың есебінен қалтасын қампитқан монополистер анықталды.

Алматы прокуратурасы халықтың есебінен қалтасын қампитып келген монополистерді артық алған ақшаларын қайтаруға мәжбүрледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық прокуратураның баспасөз қызметінің хабарлауынша, коммуналдық кәсіпорындар 6,6 млрд теңгені артық асап қойған. Прокурорлық тексеру барысында «АлматыЭнерго Сбыт» ЖШС 1,1 млрд теңгені шығын қатарына негізсіз қосып, елден жинап алған. Шын мәнінде олардың мұндай шығын шығармағаны белгілі болды. Қаланың жартысынан көбін жарықпен қамтитын «Алатау Жарық Компаниясы» ЖШС төтенше жағдай болмаса да тарифті негізсіз көтерткен. Соның нәтижесінде кәсіпорын 2,1 млрд теңгеге байыған.

«Алматы Су» мемлекеттік кәсіпорын судың нормадан тыс шығындарын халықтың есебінен жауып отырған. Прокуратура кәсіпорынды 600 млн теңгені қайтаруға мәжбүрледі. Кәсіпорын сотқа қарсы арыз жазғанмен, сот прокуратураның позициясын қолдады. Сонымен қатар, халықты соруда басқа да кәсіпорындар қарап қалған жоқ.

«ҚазТранГазАймақ» АҚ 1,3 млрд теңгенің тарифтік сметасын орындамаған. «Алматы жылу желілері» ЖШС тұтынушылардан тағы қосымша 1,1 млрд теңге төлеуді талап еткен. Тексеру нәтижесінде, монополист кәсіпорындардың лауазымды тұлғалары әкімшілік және тәртіптік жауапкрешілікке тартылды.