АҚШ қару-жарақ нарығында үстемдігін жалғастыруда

0

Қару-жарақ нарығындағы ең үздік 25 ойыншыға АҚШ-дан 12, Қытайдан төрт, Ресейден екі фирма кірді, делінген SIPRI есебінде. Олар қаруды 300 миллиард еуроға сатты.

Дүйсенбі, 7 желтоқсанда жарияланған Стокгольмдегі бейбітшілікті зерттеу институтының (SIPRI) мәліметтері бойынша, Америка Құрама Штаттары әлемдік қару-жарақ нарығында көшбасшылықты сақтайды.

2019 жылы негізгі нарықтағы 25 ірі компаниялар тізіміндегі алғашқы бес орынды американдық фирмалар — Lockheed Martin, Boeing, Northrop Grumman, Raytheon және General Dynamics иеленді. Америка Құрама Штаттардың 12 компаниясы бірлесіп қару-жарақ сатудың 61 пайызына ие болды. Қару-жарақ нарығында тағы 16 пайызы — қытайлық 4 фирма иеленді, ал 3,9 пайызы ресейлік кәсіпорындардың үлесіне тиді.

Сатылымы 9,42 миллиард долларды құрайтын «Алмаз-Антей» концерні 15-ші орынды иеленді, ал «Біріккен кеме жасау корпорациясы» (4,5 миллиард доллар) 25 орынмен бұл тізімін жабады. Ресейдің  екі компаниясының сатылымы 2019 жылы құлдырады, ал Қытайда төрт фирманың біреуі құлдырауға тап болды, ал АҚШ-да — біреуі, бірақ 12-ден.

Алғаш рет Біріккен Араб Әмірліктерінен келген компания қару-жарақ нарығындағы ең ірі 25 ойыншының тізіміне енді — SIPRI сарапшыларының пікірі бойынша БАӘ-ның EDGE қаруды 4,75 миллиард долларға сатқан. Рейтингте Германиядан бір де бір компания жоқ. 2019 жылы алдыңғы 25 елдің қару-жарақ сатылымы 361 миллиард АҚШ долларын (297 миллиард еуро) құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,5 пайызға артық екен.

Керімсал Жұбатқанов, Қазақ-Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты