Павлодар қаласының әкімдігі 50 миллион теңгеге пәтер сатып алды

0

Павлодар қаласының әкімдігі 50 миллион теңгеге пәтер сатып алды.

Кереку әкімдігінің құны 50 миллион теңгелік пәтер сатып алғандығы жөніндегі ақпарат мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған. 2018 жылы салынған су жаға үйде орналасқан екі қабатты пәтердің үлкендігі 200 шаршы метр. Үйдің ең төменгі қабатында автокөлік тұрағы бар.

Қала әкімдігі 50 миллион теңгеге не үшін пәтер сатып алғандығы әзірге белгісіз.  Аталмыш сауда келісіміне қатысты құзырлы орган басшылығы да ешқандай мәлімдеме жасамады.

Жалпы, осыған дейін БАҚ беттерінде мемлекеттік органдардың қыруар қаржы жұмсап қымбат автокөліктер мен пәтерлер сатып алғандығы жөнінде бірнеше мәрте ақпарат тараған. Бірақ осы уақытқа дейін бір де бір мемлекеттік мекеме басшылығы халық алдына шығып мардымды түсініктеме бермеген.

«The Qazaq Times»