Нұр-Сұлтанда тағы бір асханада газ балоны жарылды

0

Елордада құрылыс аумағындағы асхана ретінде жабдықталған контейнер өртенді. Онда газ баллоны жарылған. Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

«1 желтоқсан күні сағат 22:14-те елорданың ТЖД Өрт сөндіру бөлімшесіне А.Байтұрсынов көшесіндегі 43/2-үйде өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. Өрт сөндірушілер 5 минуттан кейін сонда жетті.

Олар жаңа құрылыс аумағында шамамен 150 шаршы метр аумақта асхана ретінде жабдықталған контейнер жанып жатқанын анықтады. Сондай-ақ, асхана жанындағы ағаш құрылғылар да өртене бастаған», делінген хабарламада.

Қазіргі болжам бойынша газ баллоны жарылған. Ө рт сөндірушілер асханадан 4 газ баллонын алып шықты.

Өрт сағат 22.36-да ауыздықталып, сағат 22-50-де толық сөндірілді. Қазір мамандар өрттің шығу себебі анықтауға кірісті.

Өртті сөндіруге 4 техника және жеке құрамнан 23 адам жұмыс істеді.