Кәсіпкердің қызы мен досы жеке пәтерден өлі күйінде табылды

0

Петерборда Лиговск даңғылындағы үйлердің біріндегі пәтерден кәсіпкердің 22 жастағы қызы мен оның 20 жастағы досының мәйіті табылды, олар құшақтасып отырып көз жұмған, деп жазады «Фонтанка».

29 қарашада қыздың әкесі полицияға оның екі күн байланысұа шықпай жатқанын айтып шағым түсірген. Ол қызы тұратын пәтерді бұзып кіруді сұраған.

ТЖМ көменгімен қызметкерлер ішке кіргенде олар екеуін де әді күйінде тапты. Алдын ала болжам бойынша олар екі күн бұрын көз жұмған.

«Невские новости» мәліметінше, жастар есірткіні көп қолдану салдарынан өліп кеткен болуы мүмкін. Оқиға орнынан дәрілер салынған жәшік, керамикалық тәрелке, пластикалық түтік және ұнтақ табылған. Олар зерттеуге жіберілді.