Әсери киімге тыйым салынғаны өтірік — Қорғаныс министрлігі жауап берді

0

Қорғаныс министрлігі әскери киімдерді киіп жүрген қарапайым адамдарға айыппұл салынатыны жайлы ақпаратты жоққа шығарды.

«Егер погон мен арнайы белгісі болмаса, ол қарапайым азаматтық киім болады» деді министрлік.

«Айырым белгілері (шеврон, погон, Қарулы Күштерге, өзге әскерлерге және әскери құрамаларға тиесілі екенін білдіретін басқа да жолақтар) бар әскери киімді оған қатысы жоқ адамдарға киюге тыйым салынады.

Айырым белгілері жоқ камуфляж костюмдерінің өзі әскери киім болып саналмайды. Олар базарлар мен дүкендерде сатылады, қарапайым адамдарға киюге тыйым салынбаған», — деп хабарлады Қазақстан қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.